Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы №2 модулі «Ғылым (салалар бойынша) және инновация»


Мағына-құбылысқа деген жеке адамның қатынасының көрінісі болса, ал мән-



бет33/50
Дата17.10.2023
өлшемі459,62 Kb.
#186277
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50
Байланысты:
korkem matin poetikas -keshen. kyal-21-1m,fil-21-1m

Мағына-құбылысқа деген жеке адамның қатынасының көрінісі болса, ал мән-тарихи-қоғамдық, әлеуметтік көзқарастар жүйесінің тұжырымы. Қоғамдық-әлеуметтік маңыздылықтың тарихи кезеңде тоғысуын, іріктелуін тұлғалық мағыналар туындататын заңды үдеріс дей келіп, А.Н.Леонтьев іс-әрекет мотивінің оның мақсат-мүддесіне байланысы ғана шынайы мағына түзетінін айтқан.
Демек, мотив дегеніміз іс-әрекеттің мақсатына мағына дарытатын ұғым екен. Адам ойында мағына тудыру үшін мотивтің бағыты, мақсаты айқын болуы қажет дей келіп, ғалым уақыт өте келе мотивтердің кейбіреуі мағына тудыру қабілетінен айырылатынын, біреулерінің жаңа мағынаға ие болатынын, яғни олардың арасында үнемі өзгерулер мен ауысулар болып жататынын көрсеткен. «Мотивология» атты ілім саласының қарқынды дамуы қазіргі ғылымның осы мәселелерге ынтасын көрсетеді. Мағына тудыру үдерісі тек іс-әрекет барысында ғана жүзеге асады деген пікірді А.Н.Леонтьевтің ілімін жалғастырушы А.Г.Асмолов, В.В.Столиндер тәжірибе жасаумен дәлелдеген. Адам өзіне қатысы бар құбылыстар мен нысандар туралы ғана субьективтік мән қалыптастырады екен. Ынта, ықылас, құлық, қызығушылықтың бәрі тек мағыналық ниетке бағынышты дей отырып, В.В.Столин «мен» деген сөздің мағынасының өзгеру ауаны адамның өз-өзіне деген сеніміне, сезіміне тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен. Ол «меннің» мағынасының әрекет мотивіне де байланысты екендігін ескертеді, көркем мәтінде «меннің» көп қолданылуының астарлары қалың. Қазақ әдебиетіндегі «Меннің» «бізге» ауысуларын зерттеп көру көп ғылыми ақпарат беретіні сөзсіз, мұндай мысалдар қазақ поэзиясында мол.
А.Леонтьев мектебінің өкілдері адам сезімдерінің өзара гармониялық күйде болуын әрекет, ниет, мотивпен байланыстырып, мақсатсыз, мағынасыз, ниетсіз сезімдер адам санасына, жүйкесіне күш түсіреді дейді.
Көркем мәтінді оқу-мақсатты, түсіну-мәнді, талқылау- жүйелі болуы керек деген бұлардың көзқарасына қарсылар да бар.
Солардың бірі- Д.Хартман, ол көркем шығарманы оқу адамның ішкі дүниесіне, қалыптасып қалған сезімдерге зиянын тигізеді, жанын жаралауы мүмкін, яғни оқырманның жан күйін, сезімін мәтіндегі оспадар сөз бен образ, қиялдан туған қисынсыз суреттер мен сезімдер бүлдіруі мүмкін деген. Оның үстіне мазмұны күрделі әдеби шығарманы оқу барысында ондай мәтін адресаттың күрделі әдеби шығарманы оқу барысында ондай мәтін адресаттың миына, жүйкесіне ерекше салмақ түсіреді-мыс. Д.Хартманның ойынша, өнер туындысы суреткердің қолындағы сойыл немесе қамшы сияқты екен. Көркем мәтін тудыратын эстетикалық сезімдер қатарында үрей, қорқыныш, аяушылық сияқты адам күйлері көп аталады.
Көркем мәтінді түсіну оны қабылдау үстінде қатарласа жүріп жатады. Әдеби туындының эстетикалық, сезімдік, интеллектуалдық, рухани әсері оқырман ойында сұрақтар тудырып отырады.
Р.Якобсонның «поэзия дегеніміз-тілдің эстетикалық қызметінің көрінісі» деген пікірі кезінде сыналған болатын. Осыдан қорытынды шығарған ғалым кейінірек «эстетикалық қызмет» деген ұғымды «тілдің поэтикалық қызметі» деп нақтылаған еді.
М.Лотман бұл тізімге қосымша жасап, креативтік және конденсаторлық қызмет түрлерін енгізді. 1999 жылы Мәскеу қаласында жарық көрген мәтінге қатысты құнды пікірлер бар. Й. Ужаревич авторефлексияны, Падучева мағыналық сырғу мен жылжуды, Бенчич ойын концепциясын, Мартемьянов- эмотивтікті эстетикалық, психологиялық қызмет жасайтын компоненттер деп санаған. Сонымен қоса көркем шығарманың жазылуын адамның ішкі әлемінің қоршаған дүниені тануға деген бір кездегі жағдайының көрінісі деп санау қалыптасқан. Көркем шығарманы лингвистикалық, антропологиялық, мәдени, эстетикалық, рухани, психологиялық категория деп тану филологиялық ілімдерді дамытуға негіз болып жатыр.
Аристотельдің «мю-тос» деп атаған құбылысының да психологияға қатысы бар. Тіл, фабула, сюжет үшеуінің синтезі арқылы өнердің табиғатқа еліктеуі (мимесис) әртүрлі формаға ие бола бастаған, кейін оларды жанр деп атау қалыптасып кетті, яғни әдеби тектер мен түрлердің астарында белгілі бір псилогиялық сезімдер қатары болатыны айқын.
Түйіп айтсақ, көркем мәтіннің психологиялық қауаты тек тілдік структураларға ғана тиесілі емес, ол осы сөздерді «сезінген», өз жанымен қабылдаған оқушы бойында пайда болатын сезімдерден да тұрады. Оқырманның туынды туралы өзіндік ойлары мен сезімдері, толғаныстары мен шығарма арасында екі жақты байланыс орнайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет