Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы №2 модулі «Ғылым (салалар бойынша) және инновация»


Көркем әдебиеттің адамзаттың рухани қазынасы



бет34/50
Дата17.10.2023
өлшемі459,62 Kb.
#186277
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50
Байланысты:
korkem matin poetikas -keshen. kyal-21-1m,fil-21-1m

Көркем әдебиеттің адамзаттың рухани қазынасы.
Қорыта келгенде, көркем мәтіннің психологиялық әлуетінің қызметі тек қана тілдік элементтерге ғана тәуелді емес, басты мәселе- сол элементтердің астарында жатқан әдеби кодтарды оқырман үшін мәтін арқылы айқындауда екен. Көркем мәтіннің эмфатикалық функциясын адресатқа объективті түрде ықпал етуге арналған байланыс каналы деп қана таныған пікірлерге ойлана қараған орынды. Бұл автор мен оқырман арасындағы сезімдердің қарама-қарсы ағысының күш-қуатын, жылдамдығын анықтайды деуге де келетін құбылыс. Эстетикалық объект ретінде көркем мәтін оқырман көкірегіне тың сезім ұялатса, оқырман да өз көңіл-күйі арқылы автор мен мәтінге қалай болса да әсер етіп, өзінше баға бере алады. Мұндайда «үнсіздіктің өзі сюжет құраушы» (Арнольд, 1983) дегенг пікірге ден қоюға тура келер. Оқырманға эмфактикалық әсер ететін негіздер тек мәтінде ғана емес, адресаттың түпнұсқасындағы архетиптерде, мифологиялық образдарда, ұжымдық бейсаналылық ақпараттарда да жатады. Сонымен бірге ассоциативтік ойлау үдерісі де оқырманға әдеби мәтіннің «ақиқат сырын» ашуға көмектесуі мүмкін екендігін айтып жүргендердің пікіріне назар аударудың кезі келгендей. Эстетикалық сезім, психологиялық әсер, эмпатия табиғаты сияқты құбылыстардың мәні мен функцияларының мәтіндегі сипаттары сан түрлі болғандықтан, көркем мәтінтануда оларды тығыз бірлікте қарастырған орынды, олардың қызметі мен әлеуетін қаламгердің де жете тексергені орынды болар.


6-лекция. МӘТІН ЖӘНЕ ОҚЫРМАН
Көркем мәтінді оқу және тану үдерісі
Қарастырылатын мәселелер:
- оқырман біліктілігінің деңгейлері;
- мәтін құзыреттілігі және оқырман;
- адресант пен адресат арасындагы байланыстар.
Автордың өзіңің асыл аңсарын, айнымас арманын, имандай иланымын, сарабдал сезімін өмірден өнерге көшіруі қалай жүзеге асатыны туралы алғашқы бөлімде аздап әңгімелегенбіз. Әрине, әдеби мәтінде оның иесінің көңіл көкжиегі, қаламгерлік қыры, кісілік көзқарасының да табы болатыны тұсінікті.
Мұңмен шыкқан, оралған тәтті күйге
Жылы жүрек қайда бар козғаларлық,
деген Абай ақынның сөзінде тыңдаушыға қойылатын талаптың бірі бар, жалғасы тағы бар:
Жүрегі — айна, көңілі ояу,
Сөз тыңдамас ол баяу.
Өз өнері тұр таяу,
Ұқпасына сөзді тез?
Ұлы ақынымыз әдеби туындыны қабылдау, тұсіну, бағалау кезендегі құбылыстар мен үдерістерге де жете мән бергені көрініп тұрғандай.
Бір кісі емес жазғаным - жалпақ жұрт қой,
Шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң жатар,
Ит маржанды не қылсын - деген сөз бар
Сәулесі бар жігіттер бір ойланар,
деген шумақта оқушы мен тыңдаушы эрудициясына қойылатын талабы аудиториясының өресі мен ауқымы жайлы арманы тұрғандай.
Әділет пен ақылға
Сынатып көрген - білгенін.
Білдірер алыс, жақынға
Солардың сөйле дегенін
шумағында оқырман географиясы анықталғандай. Ал «Бойда қайрат, ойда көз, Болмаған соң айтпа сөз» деген Абайдың мазмұны терең ойы суреткерге қойылатын талаптың бір парасын меңзеп тұрғандай. Әдеби туындының идеясы мен оның авторының әлеуметгік санасы мен танымының арасында теңдік белгісі жоқ болуы да кумәнді, себебі, идея - ұғым, пікір, ой қорыту деңгейінде ғана бола бермейді. Ал суреткердің әдеби, лингвистикалық біліктілігінің де мәтінге тікелей қатысы бар екендігіне дау айта қоятындар жоқ, мұндай суреткердің өз оқырманының шама-шарқын бажайлауға тырысатыны сөзсіз.
Әдеби үдерісте оқырман қауымның өз орны мен мақсаты бар. Көркем туынды тағдырына ерекше әсер ететін негіздеудің бірі - оқырман пікірі мен бағасы, осы маңайдағы талас-тартыстардан мәтін туралы көп мәлімет алуға болады. Оқырман образы жазушы санасында шығармашылық еңбектің алғашқы сатыларынан-ақ орын алады, оған өзінше ықпал ете бастайды, кейде оқырман көркем образға айналып кетуі мүмкін. Көркем шығармашылыққа тікелей әсер ете алатын оқырманды ықтимал, нақты, жасырын, ішкі адресат деп жіктеу қалыптасқан, ал көркем мәтінді қабылдайтындарды оқушы, оқырман қауым, рецептор, рецепиент деп атау жиі кездеседі.
Көптеген қаламгерлер жазу үстінде болашақ окырманыи елестетіп отыратынын айтып келген, осындай елес оқырманды арнайы зерттеу нысамы ету шығармашылықтық диалогтық бастауларын анықтауға жетелейді. Қаламгер де оқырман тандауға құқылы, дегенмен өз оқырманын іздейтіндер көп. Оқырманымен келісімге келе алмайтын авторлар да баршылық. Өз шығармасының оқырмандарыньгң атын атап, түсін түстеуде пейілді авторлар да кездеседі. Абай Қүнанбаев өз оқырманына көп талап қойған, үлкен міндеттер артып отырған.
Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша
Кейбіреу кояр көңіл ұққанынша
Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар
Абайлар әрбір сөзді өз халынша,
дегі қабылдаудың түрлерін тізбектесе, енді бірде өз оқырманы туралы былайша толғанған:
Жақсыға айтсаң, жаны еріп,
Ұғар, көңіл шын беріп.
Дертті ішіне ем көріп,
Неге алтынды десін жез.
Әрбір суреткердің өз шығармасының дұрыс қабылданып, толық түсініліп, оның бағалануына мүдделі болатындығы анық, осы мақсатына жету үшін әрқилы амал-тәсілдерге жүгінеді. Шығармаңың атауы, жанры, эпиграфы мен авторлық арнау оқырманға ақпарат беру үшін тана емес, сонымен қатар оның оқырмандық ынтасын калыптастыру үшін қызмет етеді. Француз ғалымы П.Колердің әдеби жанрларды өнерді өндіруші мен тұтынушының арасындағы келісім-шартқа теңегені тегін емес. Көркем мәтіндегі «кодтар» (астарлы образдар, дәйексөз, дереккөз) да оқырманға салмақ салады.
Оқырманымен жақсы түсінісу үшін қаламгерлердің автоинтерпретацияға, автосынауға да жүгінетіні жиі кездесіп отыр. Әдеби шығармада оның рецензенті мен оқырманының оқиғаларға араласып жүретін мысалдары жетерлік. Жазушы ойы мен сезімінің мәтінде көріну-көрінбеуі, олардың оқырманға жету-жетпеуі, әсер ету-етпеуі көп нәрсеге байланысты. Қаламгердің кейбір туындысын белгілі бір оқырман аудиториясына арнайтыны, мәтінді солармен байланысу құралына айналдыратыны туралы жалпы пікір көп, нақты дерек аз. Себебі жазу үстінде оқырман туралы үнемі ойлап отыру тіпті жазуға бөгет жасайды дейтін авторлар бар. Жарық көргеніне көп уақыт өткен әдеби мәтіннің кейінгі оқырмандарының лек-легінің арасында уақыт пен замана өзгешелігі, кеңістік алшақтығы да болатыны анық. Абай поэзиясын оның тұстастарынын түсінуі мен XXI ғасыр оқырманының ұғынуының арасында ұқсастық та, айырмашылық та жетерлік болар. Окырман деңгейі, білім-білігі, өмірлік тәжірибесі, мәселеге көзқарасы ұқсас бола бермеуі мүмкін, дегенмен ыңғайлас көрінуі де ғажап емес. Көркем ойлаудың кәдуілгі ойдан ерекшелігі бар екенін есте ұстасақ онда әдеби тілдің кәдімгі сөйлеу тілінен айырмашылығы болатынына түсіністікпен қараймыз. Оқырман көкірегіне сыр, көңіліне нұр мен жыр тұндыру үшін қалай жазу керек деген сұрақтың басы ашық.
Бір тілде көркемделіп айтылған ойды басқа бір тіл арқылы дәл, анык, сәйкес түрде айтып берудің мүмкіндігі туралы талас жетерлік. Қазақ тіліндегі Т. Әлімқұлов, Ә. Кекілбаев прозасындағы, I. Жансүгіров поэмасындағы ұлттық күй өнерінің қүдіреті туралы авторлық баянды күй тыңдап өскен қазақ оқырманы өзінше қабылдайтыны түсінікті, ал одан хабары жоқ адамның мәтіннің сол тұстарындағы аса маңызды ақпаратқа назар аудармауы да мүмкін. Күй табиғатын тануда қазақ тілінің әлуеті басқа тілдерге қарағанда молырақ екендігіне дау айтатындар табылып қалар. Дегенмен ауызекі сөйлеуде кеңінен қолданылып жүрген біраз сөздердің әдеби тілдегі көркемдік-эстетикалық мүмкімдіктері арта түсетіні анық. Бірақ бұған қарама-қарсы мысалдар да кездесіп тұрады. Кейде күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген сөздердің ауызекі тілдесудің мағынасын түсінуге аздық ететін жағдайлары жиі кездеседі. Осындай мысалдарды сараптаған Н. Хомский деген ғалым бұрыннан бері белгілі «перфоманс» (тілдік қызмет) үғымына мағынасы қарсы «тілдік біліктілікті» ұсынып, осы екі ұғымның арасындағы қарым-қатынас түрлерін зерітеген. Белгілі бір сөздердің адамның сөздік қорында болуы оларды тілдік қатынастарда еркін түсінуге кешлдік бермейтінін, сондықтан табиғи тілді толығырақ меңгеру үшін жүйелі білім мен білік керек екендігін қуаттаған ғалым «language competence» деген арнайы терминді ұсынып, оның мәні мен қызметін белгілеген. Н. Хомскийдің осы пікірін американдық ғалым Д.Куллер езінше дамытқан. Әдеби мәтінді түсіну үшін арнайы дайындықтың қажет екендігіне кеңінен тоқталған ол «әдеби біліктілік» деген мәселеге ерекше назар аударуды ұсынып, оның объективтік және субъективтік факторларға тәуелді екенін мәлімдеген. Көркем туынды туралы оқырмандардың жалпы пікірлерін анықтау үшін сауалдар жүргізу, олардың нәтижелеріне сүйене отырып, әдеби мәтін туралы тұжырымдар жасау әрдайым оқырман біліктілігін айқындаудың шынайы көрсеткіші бола бермейді екен. Сонда оқырман өресін анықтаудың, оның әдеби біліктілігін қалыптастыру мен дамытудың тиімді жолдары қандай болмақ деген сауалдар төңірегінде талай ойлар өрбіген. Арнайы филологиялық дайындығы бар мамандардың шығарма туралы пікірлерін жинақтай отырып, идеал окырманның образын жасауға тырысқандар болған, олардың жақтастары әлі де кездеседі. Әдеби шығарманы дұрыс қабылдайтын, терең түсінетін, орынды талдайтын, орнықты бағалайтын білікті оқырманның көркем әдебиетгің өмірін ұзартатынын бағамдағандар ондай рецепиенттің бойында қандай қасиетер мен сипаттар болуы керектігі жайында көп ойланган. Айтылған ой, естілген сөз, жазылған пікірді толық түсіну үшін ең алдымен адамның сөздік қорында табиғи тілдің әлеметтерімен бірге әдеби тілдің де белгілері мұндайда тым болмаса пассив деңгейде қолданыста болуы міндетті екен. Біраз зерттеушілер «әдеби тіл» және «әдебиет тілі» деген ұғымдардың аражігін анықтауға күш салған. Аталмыш мәселеге қатысты А. Ричардстың (1951) еңбектеріне назар аударған тиімді, оның әдебиет тілі туралы айтылған ойлары талай талқылаудан өткен, бірак ол атап көрсеткен әдебиет тілінің белгілері теңірегінде қалыптасқан тұрақты пікір жоқ. Поэтикалық тілдің ерекшелігі туралы айтылған белгілі пікірлерді қайталаудан қашқақтаған А. Ричардс әдеби мәтіндегі сөздердің мағынасыньщ тұрақсыздығына, мәнінің бұлыңғырлығына, қызметінің екіұдайлығына ерекше назар аударған. Сөздің гұрақты мағынасы тек қана орнықты мәнмәтінде болады деп есептеген оның бұл пікірі әдеби мәтіндерді талдауға онша қолайлы болмады. «Пышақ» сөзінің тұрақты мағынасы кесу, турау әрекеттеріне байланысты туындайды, бірақ «пышақ кескендей тыйылды», «қайраулы пышақтай», т.б. қолданыстарда сөздің мағынасы өзгереді. Сөздің тұрақты мағынасын қолдан да қалыптастыруға болады. Ғылыми терминдерге қойылатын талаптарға сәйкес, оларға арнайы орнықты бір мағына беру кейде ортақ келісім арқылы жасалады, ол ресми түрде бекітіліп, ғылыми айналымға қосылады. Сонымен қатар сөздің мағынасы белгілі бір саланың көкейкесті мәселелеріне қарай езгертіліп, семантикалық өрісі шектеледі, яғни сөздің қолданылу аясын жасанды жолмен тұрақтандыруға болады екен. А. Ричардс өнер мен әдебиетте мұндай «келісім» арқылы мәтіндегі мағынаны тұрақтандыру мүмкін емес деп есептеген. Сөздің мәтіндегі икемділігі, ынтымақтастығы, айшықталуы, ажарлануы, құбылуы поэтикалық коммуникацияны жетілдірудің пәрменді құралы екендігін, мәтін мен оқырман арасындағы қарым-қатынасты реттеп тұратындығын қайталаумен болған ғылым precision (дәлдік) және suppleness (иілгіштік) деген ұғымдар арқылы табиғи тіл мен әдеби тіл арасындағы байланыстарды айқындауды ұсынған. Сөз мағынасының өзгеруге икемділігі әдеби мәтінге де қолайлы. «Қызыл тілім буынсыз» (Абай), атгы өлең жолының сөз болып жатқан тақырыпқа қатысы бар. «Толғауы тоқсан қызыл тіл», «Жүйрік тіл, терең ой» сияқты ұлы Абайдың стилемалары да осы ыңғайлас болар.
Ғылыми терминдер көбінесе адами ойды жеке саланың аса зәру мәселелерін зерттеуге дәл бағыттау үшін қажет, ал осы ұғым гуманитарлық салада қолданылса, пікір алмасуға ғылыми сипат беру үшін қолданылғанымен, ол пәндерде ғылыми шешім ұсынуға қауқары аз деген пікірге ойлана қарау қажет. Жаратылыстану салаларының арнайы терминдерін XX ғасырда әдебиеттануда икемдеп қолдану күткендегідей нәтиже бермеді, ал антропология, психология сияқты ғылымдардың әлуетті ұғымдары өнертануға дендеп кіре бастағаны ойланарлық, бірақ одан қашқақтамау қажет, қисындысын сұрыптап пайдалануға болар, ең алдымен олардың оқырманға ұғынықтылығына назар салу керек.
Кез келген белгі (таңба) анықталатын нәрсе мен оны анықтайтын мәннің жиынтығы деген орныққан пікір бар. Белгі өзі анықтайтын нәрсе (зат, құбылыс, үдеріс, қасиет) туралы ақпарат бере алады, оларды өзінше алмастыруға бейімді әрі бейілді. Салтсана, әртүрлі рәсімдер, мерекелер де белгілердің кызметін атқаратыны мәлім, яғни белгілер адам өмірінің ажырамас бөлігі, әрі қоршаған ортаны танудың икемді әрі тиімді амалдары екенін ұмытпаған абзал. Белгілердің үнемі өзгеріс, даму үстінде болатыны белгілі, ендеше адамның ақыл-ойының өркендеуіпе де тікелей қатысы болатынын ескеру қажет. Адамдардың бір-бірімеи тілсіз белгісіз қарым-қатынасқа тусуі екіталай.
Белгі (таңба) қалыптасу үшін заттың өзінен гөрі оның мәні маңызды, өйткені мән - семиотиканың ең басты категорияларының бірі. Аталмыш мәселе аса күрделі, онын танымдық қырын зерттеуден өзі ғана неопозитивизм атты философиялық ғылыми бағытқа негіз болып отыр. Мән мен мағынаға қатысты көзқарастар жүйесі өте ауқымды, психологтар, лингвистер мен әдебиетшілер арасында ақпарат алмасу жүріп жатыр, дегенмен ортақ филологиялық пікір әлі жоқ. Белгілерді қолданудың ұжымдық ережелері, дәстүрлі тәртіптерімен қатар әр адамның оларды жағдайға сай өзінше пайдалануға әуес болатыны кездеседі.
Белгі - таңбалардың табиғатын, мазмұны мен пішінін, қызметін жүйелі түрде зерттеудің қисындары көп. Жүйелі сөз, жуйелі белгілер айналадағы кұбылыстарды жүйелі қабылдауға, жан-жакты ұғынуға негіз болады. Анықталушының, оны анықтаушының, оларды қабылдаушыны интерпретатордың арасындагы сан-салалы тауқыметтерді зерттейтін ғылымды Ч. Пирс семиотика деп атаса, Ф. де Соссюр оны семиология деп атауды ұсынған болатын. Ч. Моррис «Белгілер теориясының негіздері» (1938) атты еңбегінде белгілерді индекстік, характерологиялық, әмбебеап деп үлкен үш топқа бөлген еді. Референт, денотат, иконика деген ұғымдар енгізді. Көркем мәтінді зерттеудің структуралық-семиотикалық әдісі қалыптаса бастады. Әдеби шығармадағы қолданылған мәдени «тілдерді», яғни әр кезеңге сай шарттылықтарды, жанрлық, стилдік сипаттарды қарастыру арқылы талқылаудың барысы дітгелді. Әдеби мәтіндегі кодтарды анықтау, оны түсінуді жеңілдетеді. Сонымен қатар зерттеушілерді асығыс шешім қабылдаудан сақтайды. Осыған байланысты семиотика ұсынған семантика, синтакгика, прагматика сияқты ғылыми ұғымдарды көркем мәтінді талқылауға қолдану ерістеп отыр. Осының бәрі интерпретатордың субъективті пікірлерін реттеу үшін пайдалы болып есептелуде. Адресат, архетип, деталь, көркем образ, семиозис сияқты ұғымдардың әдеби шығармадағы белгілер мем таңбалардың мәні мен мағынасын тереңірек түсініп, орнықты талқылауға көмегі аз емес.
Сөздің көп мағыналылығы, олардың әрі қарай да езгеруге, бейімделуге кабілеттілігі поэтикалық тіл үшін норма болып саналады, сондықтан көркем шығарманы оқу барысында адресатты зейінді сөз мағынасын іштей болса да талқылауға бағыттап отыру, мазмүнды түтас түсінуге икемдеу әдеби біліктілікті қалыптастырудың басты амалдарының бірі. Оны дамытудың тағы бір өнімді жолы — әдеби туындының лингвистикалық кодымен бірге мәтіндік кодтарының шешімін іздеу, табылғанын барынша толық меңгеріп алу. Мәтіндік кодтар әдеби шығарманың фабулалық кеңістігін қүрайды, ендеше көркем туындының өзіндік ерекше белгілерін білудің қажеттілігі де бар екен. Кодтары ұқсас, бірақ мазмұны бөлек шығармалар да болуы мумкін. Телерепортаж сырттай қарағаида әдеби мәтінге ұқсас болғанымен оның негізгі қызметі мен мақсаты басқа, мәні бөлек. Сатиралық арнауларды ода сияқты мәнерлеп оқу оқырманды шатыстыруы мүмкін. Бажайлап қараған оқырман бұл екі мәтіннің айырмашылықтарын анықтап алып, өз түсінігіне сәйкес қайталап оқуға кіріскені жен. Әр ұлттың өзіндік мәдени кодтары барын аудармашылар да ұмытпауы керек.
Қандай да болсын мәтіндерді оқу белгілі бір әрекеттерден тұрады. Оларды қабылдау барысы салыстырмалы түрде компьютермен жұмыс істеу амалдарына ұқсас болады. Ең алдымен қажет бағдарламаны тауып алу, оның мумкіндіктерін сараптау, содан кейін осы «байланыс торабы» арқылы алынған ақпаратты кәдеге асырып, пайдаға жарату сияқты әрекеттер жасалады. Мұндайда оқырманға қойылар басты талап - танымдық ақпарат пен эстетикалық әсерді үйлестіріп отыруға тырысу. Әрине, көркем ақпарат мәнін анықтау, оны меңгерудің амал-тәсілдерін дұрыс тандау лингвистикалық және әдеби біліктілікке тәуелді. Осындайда даукес ғалым Р. Барттың егер сөздің сездікте көрсетілген бір ғана мағынасымен шектелсек, онда көркем әдебиет болмас еді деген қызық пікірі еске тұседі.
Семантикада сөз бен денотат арасындағы байланыс поэтикалық тіл мен табиғи тілді бөлектеп тұратын негіз деп саналады. Бірақ сөздің сол ұлт өкілдеріне тән өзіндік мәдени ассоциациясы, аллюзиясы, әсері, ықпалы болатыны белгілі. Ендеше тілдік денотат пен коннотат арасындағы байланыс та ұлттық оқырман ушін әр түрлі қосымша ақпарат бере алады. Мұндай біліктілікке ие болу үшін оқырмандар мен аудармашылар көркем мәтіндерді көп оқуы және сол тілде көп сөйлесуге тырысу керек. Өйткені бір тілдегі сөздің екінші тілдегі баламасы әр адресатқа түрлі әсер етуі мүмкін. Сары тұс - қытайлар үшін күн сәулесінің символы, қазақтар бұл түсті кебінесе сары дала деген мәдени образ ретінде қабылдайды, орыстар үшін - бұл түс сатқыпдық бейнесі болса, ал ағылшындар сары түсті қорқақтық пен екіжүзділікпен байланыстырады. Осындай әр ортада әртүрлі мағына беретін сөздерді ассоциативтік лакуна деп атау қабылданған. Оларға әлеуметтік-фондық ақпараттар да жақын. Мұндай ұғымдарды сөз өнерінде қолдану олардың коннотативтік сипатын кушейтумен байланысты болар. Көркем мәтінді лингвистикалық тұрғыдан талдаушылардың бір кезде әрбір сөзден экспрессиялық мағына іздеп, «эмотема» (В.Болатов, 1986) ұғымын оңды-солды пайдаланғаны да күткендегідей нәтиже бермеді. Туранский (1987), Шаховский (1988) сияқты орыс ғалымдарының көркем мәтіндегі эмоцияны лингвистикалық жолдармен анықтауға тырысқаны мәлім. Олар мәтіннің оқырманға эмоциялық әсері бар екенін жалпылай айтқанымен, қай сөздің жеке адам бойындағы нақты қандай сезімдерге қозғау салатынын нақты атап көрсете алмады, негізінен экспрессивтік айқын мәні бар тілдік белгілерге, қалыптан тыс қолданылған сөздерге ғана назар аударылды. Мәтін теориясы ұсынған функционалдық көзқарас көркем мәтіннің оқырманның жан дүниесіне әсер етуін әдеби тілдің қолданылу мақсатымен байланыстыра қарастыруды қолдайды. Түптің түбінде, сөз өнерінің эстетикалык қарымы мен элеуетінің, ең алдымен, оның танымдық паркына тәуелді болатындығын сезсіз қабылдай салу қиын. Материалисттік эстетиканың идеалистік эстетикамен мәңгі текетіресі де шығармашылыкқа сапалық тұрғыдан әрқалай әсер еткенін текке шығарудың қисыны жоқ.
Сөз өнерінің құрылымы күрделі, қызметі сан түрлі болғандықтан оны түсіну мен бағалауды теориялық тұрғыдан зерттеуде субъективтік олқылықтардың орын алатындығыңың объективтік себептері бар. Әсіре қызыл, әпербақан эстетикалық көзқарастардың оқырманға ерекше әсер ететінін дәлелдеу ұшін әдебиеттен нақты мысалдар келтіру бірде сәнге, кейде мәнге айналып барады. Мұндайда ғылымның жеке мысалдардан гөрі жүйелі дерек пен дәйекке сүйенгені орынды болар. Мысалдарды қақпақыл етіп ойнау рецептивтік зерттеулер үшін басты амал болып бара жатқаны өкінішті.
Әдеби шығармашылықтың ішкі структурасы, суреткердің болмысты көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеруінің кезеңдері мен зандықтары, көркем құндылықтардың дүниеге келу барысы және оны қабылдау мен тану сипаты туралы ашылған сырлар аз емес, әлі күнге дейін анықталмай отырған жайттар да бар. Әдеби шығарманың туу үрдісі мен оқырман санасында қабылдануының құпиясы әдебиеттанудың күн тәртібінен түспейтін зәру мәселесі болып келе жатқанының сыры теренде. Шығармашылық еңбекке нақты қатысатын факторлардың объективтік, субъективтік қатары, олардың әрқайсысының үлес салмағы, ізденіс динамикасы, ондағы жалпы мен жалқының, дәстүр мен жаңаның арақатынасы, басқа өнер түрлерінің арасалмағы сияқты негіздер нақты анықталмаи тұрып, шығармашылықтың ішкі формаларына ендеп кіріп, індетіп зерттеу ойдағыдай нәтижелі бола қоймас.
Әдеби шығармашылықты адамның рухани қызметінін, ерекше түрі деп тану мәселені филогенетикалық тұрғыдан ғана қарастыруға мүмкіндік береді. Ал оны уақыт пен кеңістікке тәуелді психо-физиологиялық кұбылыс деп бағалау онтогенетикалық зерттеулерге жол ашады. Көркем әдебиетті қоғамдық сананың айырықша көрінісі деп есептеу тарихи-әлеуметтік зерттеулерге жетелейді. Өнерді өмірге ықпалы бар, болмысты түсіндіру мен өзгертуге қабілетті күш деп санау іргелі функционалдык сараптауларға жол ашпақ.
Әдеби шығармашылықты тек суреткердің жеке еңбегі деп санауға қарсы пікірлер бар. Оның бірі - жазушы еңбегін әлеуметтік үдерістің жеке көрінісі ғана деп қабылдау. Сез өнерін қоғамнан бөліп алып қарау сирек болса да кездеседі. Әлеуметшіл болып, бір кезде қоғам ісіне белсене араласқан көркем әдебиетті ұмытуға тырысудың ғылымға берері шамалы. Өткен мен ертеңге бірдей қызмет ететін сөз енері тарих сынағының талайына тапжылмай төтеп бергенінің басты сыры әдебиеттің талай әлеуметтің талғам сүзгісінен өте алғанында жатқандай.
Көркем шығармашылықтың үдерісін нақты сипаттарына сүйеніп зерттеу нәтижелі болмак. Өнердің танымдық мәні мен қызметі туралы екіұдай пікір бар. Бірі - өнер оқу құралы немесе өмірлік бағдарлама емес, сондықтан ол болмысты танытуға міндетті емес десе, екіншілері өнерде жалпы, арнайы және қайталанбайтын маңызды ақпарат бар екенін алға тартады. Осы кезге дейінгі ілімдердің ешқайсысы көркем мәтінде ақпарат болатындығын жоққа шығарғақ емес, ал ақпарат бар жерде қандай болса да танымдық негіз бар.
Көркем әдебиет әрқайсысы өз алдына бөлек көптеген шығармалардан тұрады, ал егер олар белгілі бір тілде жазылган бас-аяғы тұтас мәтін күйінде өмір сүреді. Керкем туындыны оқу оның атауымен танысудан басталады, поэзияда оның қызметін кейде өлеңнің бірінші жолы атқаруы мүмкін. Шығарма атауын оқырман назарын аударатын минимәтін деп тану бар, оның құрамына автордың аты-жөні, лақап аты кіргізіледі, өйткені бұл ақпараттардың предикативтік мағыналары болатыны мәлім. XX ғасыр басындағы прозада «Шұғаның белгісі», «Шолпанның күнәсі», «Күнекейдің жазығы», «Хасеннің құбылыстары» сияқты бір оқиғадағы атаулардың ортақ мәнін білу оқырманға көмек болары сөзсіз. Әрі қарай мәтіндегі эпиграфтың, арнаудың сырына үңілу қажет. Қаламгердің оз туындысына берген жанрлық белгісіне де назар салу өте орынды. Осының бәрі оқырманды негізгі мәтінді қабылдауға дайындайтындай. Мәтіннің неше түрлі байланыстарға толы «ішкі дүниесіне» енудің өз жолдары бар. Алдымен мәтіннің типологиялық қасиеттері (әдеби теқ, жанр) байқалып, көркемдік модусы (идея, проблематика, пафос) бағаланады. Одан соң әдеби тілдің сапасына назар аударылып, стилдік ерекшелігі айқындалады. Мәтінді оқу барысында оқырман санасында образдар пайда бола бастайды, өйткені мәтіннің эстетикалық әлуеті әсер етеді. Автор бейнеленген шартты әлем мен оқырман санасындағы нақты болмыс арасында күрделі қарым-қатынас орнайды. Көркем иллюзияны тану, автордың өзіндік ойынының мәнісін байқау, өз оқырмандық әлемін түгендеу оқу мен қабылдау барысында қатар жүріп жататынын ғалымдар жан-жақты зерттеген. Мәтіндегі образдар мен оқиғаларды көз алдына келтіру, елестету арқылы оқырман олардың арасындағы байланыстарды, бірлікті байқап, оларды тұтастыра бастайды. Нәтижесіде өзіндік интерпретацияға дайындық жүріп жатады.
Көркем әдебиеттің адамдарды, әлеуметтік топтарды, халықтарды байланыстыратын, бір-біріне жақындастыратын, ұрпақтарды жалғастыратын қасиеттері, қоғамдық әлеуеті бар екенін ешкім жоққа шығара алмас, өйткені сөз өмері - қоғамдық қарым-қатынастың өте белсенді және беделді түрі. Идеялар мен сезімдер, ниет пен ықылас арқылы көркемдік-эстетикалық ақпарат беріледі, таратылады және көпшіліктің игілігіне қызмет етеді. Әрине, әдебиеттің коммуникативтік қызметі бұлармен ғана шектеліп қалмайды.
Өнердің дүниетанымдық қасиеітері, оның қоғам мен өмірді бағалауға икемділігі, болмыстың құндылық маңызын зерттеуге ынтасы мен зейіні туралы керағар көзқарастар бар. Әрбір шығарма мен образдың тікелей немесе жанама түрде, ашық немесе ишара-меңзеу арқылы өмірге, оқиғаға, адамға, ортаға оң немесе теріс баға беруге қолданылатыны мәлім. Өнердің «бейтараптығы» туралы теориялар бар, бірақ оларды қолданушылар өте аз.
Әдеби туынды оқырмандардың көзқарастарына әрқилы әсер етуі арқылы эстетикалық талғам қалыптастыруға, ойы мен қиялын дамытуға, оған шығармашылық құлшыныс пен шабыт дарытуға қабілетті. Адамға әдемілік, әсемдік, сиықсыздық табиғаты туралы танымдық, тәжірибелік білім мен білік дарытуға қауқары бар көркем мәтінің эстетикалық функциясының қызметі де сан түрлі.
Әдебиет пен өнердің оқырманның жан дүниесіне ықпал етуі мен оның көңіл күйіне әсері өте күрделі турде жүзеге асады. Оқырман мен көрерменді рахат сезімге белеуді көркем шығармашылықтың басты мақсаты деп есептеген эстеттер және одан ләззат алып, рахаттануды биологиялық үдеріске балаған фрейдистер сөз өнерінің гедонистік қызметіне, сезімдік-эмоциялық сипатына өзінше баға берген.
Әдеби шығарманы әр кездерде «өз кезеңінің көркем шежіресі», «өмір оқулығы», баға жетпес рухани қазынасы, тұлға қалыптастыруда орны ерекше тәрбиеші деп қабылдау қалыптасқаны белгілі. Бірақ әр қоғам мен кезең бұл негіздерден өзіне керегін тандап алуымен ерекшеленеді. Сөз өнерінің тәрбиелік қуатын, адам сана-сын өзгертудегі танымдық, тағылымдық маңызын, жан дүниесін, рухани әлемін дамытудағы мәнін өз кезінде топтық, таптык деңгейде бөліп алып қарастырған идеялар өз шектеуліктерін көрсетті. Тек идеологиялық тәрбие құралы ретінде бағалау да сөз өнеріне өзіндік әсерін тигізген болатын, осындай талай қасандық пен асыра сілтеушілікке ұрынған әдебиет ұлгілері қазір де жоқ емес. Үгіт-насихат, уағыз бен саяси жарнамаға қызмет еткен туындыларды оқымай жаба салу оңай, бірак оның да тарихи дерек пен көркем ақпарат екенін қайда қоярсыз. Көркем идеяны өнердің рухани бары мен нәрі дегенге түгелдей қосыла салмайтындар бар, ал сезім оның тірі жаны, жұлыны мен жүйкесі дегенге қарсылар жоқ болар. Көркемдік дегеннің өзі сезіммен суарылған, жан дүниені бойлап өткен құбылыстан туындайды. Үлкен шығарманы үлкен жүрек қана тудырады деген пікірге үрке қараудың керегі жоқ, ал осыны түсіну, тану үшін де сондай жүрек керек. Суреткер мақсатын тек белгілі бір құбылысқа қатысты кеңіл-күйдің әсерлерін айқындауға, оқырманды тылсымның сырларына сүңгітуге, ғажайып әлеміне бойлату, маңызды, құнды сөзімдерді сапырылыстыруға ғана теліп қойған эстстикалық ұстанымдар Бергсон, Кроче, Юнг, Фрейд еңбектерінен бастау алған болатын. Қазіргі постмодернистер де ой мен сезім, сана мен түпсана, көкейкөз бен қиял, зейін мен пайым арасындағы қайшылықтарды, керағарлықты, екіұдайлықты көркем шығармашылықтың қозғаушы күші деп танып отыр. Мұндайда кемеңгер Абайдың «ақылмен ойлап білген сөз, бойыңа жұқпас сырғанар» дегені, «көңілсіз құлақ - ойға олақ» сияқты пікірлерімен тұтаса келіп жүрек, ақыл, қайрат, көңіл, ой, ұлы сия, ащы тіл ұғымдарының көркем өнердегі мәнағынасын анықтауына жіті назар салу қажет-ақ.
XX ғасырдың ортасында ерекше қыза түскен «физиктер» мен «лириктердің» таласы ғасыр соңында «технократтар» мен «гуманистердің» сайысына ұласты. Бітімі бөлек, екі түрлі ойлау мен екі түрлі эстетикалық ұстанымның өзара тепе-тендікке жетуі, бірдей мәртебеге ие болуы мүмкін бе? Түйсікке - оғаш, түсінуге - қиын ой, әлемді танудың үлгілерін әрқилы атаумен белгілеу мәселенің күрделі екендігінен хабар беріп тұрғандай. Интелект пен көңіл, ой мен сезім арасындағы тербелістер, ауысулар өте мәнді. Уақыт қатпарында бұғып жатқан шығармашылық қуат көзінің рухани әлемге баса-көктеп кірген, бұза-жарып өткен кезендері болған, әлі де бола бермек. Әдебиет пен өнер адам сезімін, кеңіл-күйін, рухани аужайын зерттеу мен бейнелеудің қырлары мен сырларының шексіз екендігін, адамзат тарихы осынысымен қызық екендігін дәлелдеуден жаңылган емес. Әрине, мұны әр кезең, әр шығармашылық тұлға өзінше дәйектеген. И. Павловтың рефлекторлық теориясы, Гейзенбергтің «белгісіздік» қағидаты, Н. Бордың «үстемелік» теориясы, Г. Мэгунның «Мэгун Миы» деп аталатын концепциясы адам миының интеллектуалдық және эмоционалдық қызметтерінің үдерісін біршама қисынды түсіндіреді.
А.Бэнфилдтың адресаттың (оқырмаңның) әдеби үдерістің белсенді мүшесі екендігіне күмән келтіруі - өзіне дейінгі көптеген теорияларға қарсы болуынан туған ой. Ғалым мәтінде жазытған сөздерді айтылым немесе сөйленіс деп қабылдаудың қисынсыздығын атап көрсеткен. Әдеби туындының сөйлемдері елес оқырманның барлығына бірдей бағытталғанымен нақты ешкімге арналмағандықтан, ол айтылмаған, ендеше тек оқыладымыс. Адрессіз болғандықтан ғана көркем мәтіндер өз алдына өмір сүре алатын жүйеге айналған. Өйткені олар нақты біреу үшін айтылмағандықтан, біреудің мүлкі бола алмайды және ешкімге тәуелді емес. Бұған мысал ретінде музыкалық туындыны алуға болады. Ол нота қағазының бетіндегі әуен болып қала ма, әлде музыканттың орындауында шығармаға айнала ма? Л. Щербаның ертеректе айтқан бір сөзі еске түседі: «мәтіннің болуы - оның айтылуының алғышарты» (Щерба, 1957). Мәтінді оқудың өзі - диалог: әдеби туындыны оқыған сайын, түсінген сайын оқырманның оған деген қызығушылығы арта түседі, сонымен қатар мәтін оқырман ойында сұрақтар тудырады, олардың кейбіреулеріне өзі жауап беруі де мүмкін. Ал емді біреулеріне жауаптың бірден табылмауы оқыр-манды диалогқа одан да белсенді қатысуға итермелейді. Мұндай пікірдің семиотиканың қағидаттарымен үйлеспейтін тұстары бар. Семиотикада адресі жоқ белгі өз алдына мағынасы бар белгі болып саналмайды. Ал осындай белгінің нақты адресі табылса, онда оны әрі қарай талқылауға мүмкіңцік туады, ал оның нәтижесінде коды табылса, онда жүйеге енеді. Көркем мәтінді бір-біріне байланысып жатқан кодтық жүйелер, ақпараттық әлем деп тану тек білікті оқырманның ғана қолынан келмек. Әдеби туындыны қабылдау, түсіну, бағалау үшін білікті оқырман ондағы тілдік белгілер мен әдеби кодтарды меңгеруі міндетгі екен. Семиотика мамандары өз теориясына сай зерттеу үшін мәтінге «оқырман образын» ендіруді ұхынады. «Қабылдаушы субъект» және «ұсынушы» деген ұғымдар арнайы терминдер ретінде енгізілген. «Ұсынушы» сөзі семиотикаға маркетингтен енген, яғни өнімді өткізу үшін қолданылатын технологиялар сияқты мәтінді оқырманға жеткізу жолдарын реттеуге керек екен. Л. Альтюссе деген француз ғалымы адамның мәтінді «тандау еркіндігі» туралы сөз қозғай отырып, оқырманға мәтінді тықпалаудың саяси-әлеуметтік терец астары барын өзі ұсынған «интерпеляция» ұғымы арқылы түсіндіруге тырысқан. Яғни «тертінші билік» деп аталатын бұқаралық ақпарат құралдарының көпшіліктің көзіне өзі де сол ақпараттың субъектісі болып көріну арқылы объективтік мағына тудыруға тырысатын әрекеттері интерпеляцияға жатады. Көшедегі әр түрлі жарнама тек Сізді сол тауарды сатып алушы болуға шақырады, оның мағынасы мынандай: олар сізден басқаны сатып алушы немесе оның сыншысы ретінде көргісі келмейді. Жарнама иелеріне оқырманның кебінің мәтінді тек жеке өзіне бағытталған деп ұққаны қажет. Сөйлемі дұрыс құрылмаған жарнама оқырманды өзінің сауатсыздығымен күлдіруі, ренжітуі мүмкін ғой, бірақ оны сатып алушы өте қоюы екіталай. Әдеби мәтіндер де әртүрлі, сапасы сан қилы болғандыктан білікті оқырман өз тандауын жасайды. Демек, әр әдеби мәтіннің өзіне сай дайындығы бар оқырманы әр шығармадағы мағыналық қабаттарды толығырақ түсінетіні жасырын емес.
Әдеби шығарманың адресаттарын оны оқу мен тану деңгейіне сәйкес шартты түрде мынадай топтарға бөлу қалыптасқан. Автор ойымен деңгейлес оқырман аз болмайды. Қаламгердің тезаурусынан жоғары адресатгар кездеседі. Суреткердің шығармашылығы бағдарымен мақсаты үйлеспейтіндер бар. Бағдары ұқсас, бірақ білігі төмен оқырман да аз емес. Осындай топтардың мәтінді оқып түсінуін жеке-жеке зерттегеннің берері мол. Мәтінді саналы түрде қабылдайтын, оның мағыналық қабаттарын, мәні мен маңызын ұғынатын рецепиенттердің көбірек болғаны да жақсы. Оқырманның мәтінді мұқият оқып, терең тануы оны орнықты бағалауға жетелейтінін ұмытпаған дұрыс. Сауатты оқушысы бар қаламгердің үнемі ізденіс үстінде болатыны белгілі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет