«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы үшін «Әдебиет теориясы» пәні бойынша студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені



бет12/60
Дата07.02.2022
өлшемі377 Kb.
#97446
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60
Байланысты:
« аза тілі мен дебиеті» маманды ы шін « дебиет теориясы» п ні

Дәрістің мақсаты: Әдебиет теориясы ғылымының қалыптасу тарихына шолу жасай отырып, көркем шығарманың теориялық талдамасын жасауға үйрету.


Тірек сөздер: Классицизм эстетикасы, романтизм, субъективтілік ақиқат.


Дәрістің жоспары:
Әдебиет теориясының ғылым ретінде қалыптасуы
1. Классицизм эстетикасы
2. Романтизм және ағартушылық идея.
3. Көркем шығарманы қарастырудың тарихи және логикалық бірлігі.

Классицизм эстетикасының көне дәуір және қайта өрлеу кезеңінің эстетикасымен байланысы. Көркем шығармаға тұрақты шарттар ұсыну. Лессингтің Гамбург драматургиясының, лаокоон немесе бейнелеу өнері мен поэзияның көкжиегі атты еңбектері. И.Г.Гердердің ағартушылық эстетикасындағы идеяның басымдығына наразылық. И.Кант. Табиғат әлемі мен адамзаттық әлемі. Мәдениеттің ең жоғары көрінісі – эстетикалық көрініс. Романтиктер – ағартушылық идеяны жалғастырушылар. Шығармашылық қызметтегі жекелік фактордың орны. Лиризм. Г.В.Гегель - эстетикалық ойдың алыбы, ғылымдағы диалектикалық ойлау принциптерін қалыптастырушы. Абсолюттік идея теориясы. Абсолюттік рух. Эстетикалық қызметпен айналысудың себептері. Шығармашылықтың ескіні қиратпай-ақ, жаңаны тудыруы. Антикалық өнерді ардақтау. Дүниеге тарихи көзқарас. Көркем шығарманы қарастырудың тарихи және логикалық тәсілдерінің бірлігі. Артур Шопенгауэр. Өмір философиясы. Интеллектінің ерекше бағыныштылығы. Еріктен асу арқылы қасіреттен айығу. Суреткердің қабылдау әсеріне билігі. Объективті сулулықтың субъектімен сабақтастығы. Музыканың ерекшелігі. Серен Кьеркегор. Қорқыныш философиясы. Құдайға баратын жол іздеу. Субъективтіліктің ақиқаттығы. Экзистенция. Ф.Ницше. Әлем және құдіретке еріктілік. Мәдениет тілі. Өмір формаларын сақтауға тырыса отырып, өзгерту. В.Дильтей. Герменевтикалық зерттеудің бастауы. О.Шпенглер. Мәдениеттердің шектеулі ғұмыры. Мәдени полицентризм туралы.


Батыс Европадағы әдеби-эстетикалық ілімнің даму тарихына көз салсақ, Ояну (ренессанс) дәуірін айрықша атау керек. Өйткені бұл – ғылым мен техниканың, әдебиет пен өнердің дүр сілкініп, дүрілдей дамыған дәуірі. Өйткені бұл – «адам баласы бұрын-соңды басынан кешірмеген прогрессшіл ұлы төңкеріс дәуірі; алыптарға зәру болған дәуір және өздерінің ой қуаты, құштарлығы мен мінезі, жан-жақтылығы мен оқымыстылығы жөнінен сол алыптарды туғызған дәуір» (Ф. Энгельс)
Ояну дәуірі – бір ғана Итальяның өзінде данышпан суретші Леонарда да Винчиді (1452-1519), кемеңгер ақын Торквато Тассоны (1544-1595), дана философ Джордано Бруноны (1548-1600), ұлы физик Галилео Галилейді (1564-1642) туғызған дәуір. Бұлардың қай-қайсысы болсын, шын ғалым, шыншыл өнер, сайып келгенде, шынайы өмір жолында орта ғасырлық идеализмге, мистика мен схоластикаға қарсы шынында нағыз алыптарша алысқан өнерлілер мен білімділер.
Ояну дәуірінің ой-санасынан, күллі ғылымы мен тәжірибесінен туған теориялық түйін - атақты Декарт философиясы. Рене Декарт (1596-1650) өзінің дүниетанымы жағынан философиядағы рационализмнің негізін салушы екені мәлім: «Ойлаймын екен, ендеше тірімін» (Декарт). Француз ғалымы өзінің осы ережесін табиғаттану мен қоғамтануда ғана емес, өнертану мен әдебиеттану үшін де методологиялық бағыт етіп ұсынды. Әдебиет пен өнер туындыларындағы әсемдікті Декарт олардың бүкілд мазмұн-пішініндегі түтіндік пен бірлікте, симметрия мен гармонияда деп білді.
Декарттың өзінен кейінгі эстетиктерге ықпалы үлкен болды. Мәселен, француз классицизмінің ірі теоретигі Никола Буало (1636-1711) Декарт рационализмін өзінің эстетикасы мен поэтикасына философиялық негіз етіп алды.
Буалогың «Поэтикалық өнер» атты эстетикалық трактатын кезінде мәдени жұртшылық классицизмнің әдеби манифесі ретінде танылды. Мұнда Буало суреткер атаулының бәрін «саналы ойға», «сарабдал ақылға», алдын-ала пішілген үлгіден шықпауға, алдын-ала белгіленген тәртіпті бұзбауға шақырды.Сөйтіп, ол өнер туындысын абсолютизм дәуірінің білікті дворяндарынан шыққан сарай ақсүйектерінің саясикөркемдік талап тілегін қанағатт андыру мақсатына пайдаланбақ болды. Бұл, әрине, классицизмнің әлемге аян қасаң қағидаларының «әдеби манифестегі» көріністеріболатын. Сөйтсе де, Буалоның «шындықтан асқан сұлу жоқ деп, суреткерден тек шындықты талап етуі, бұл ретте «сөз аяғын ұйқастырғандардың бәрі ақын емес» деп, өлең өнеріне өз тұсының көркемдік талғамын белгілеуі – жалпы эстетиканың даму тарихындағы үлкен жетістік.
Ағарту дәуірінің эстетикасын буржуазиялық революция қарсаңындағы француз энциклопедистерінің басы – аса ірі философ-материалист Дени Дидроның (1713-1784) еңбектерінен көріп-білеміз. Оның теориялық толғамдары демократиялық сипатта болды. Дидро Буалоға керісінше, сарай аристократиясының сұлулық талғамы мен талабын аяусыз сынға алды, қалың бұқара рухын жақтады. Ол шын суреткерге тұп-тура «сен әрбір қимыл-қарекеттегі ұлылық пен сұлулықты мәңгіге дәріптеуің керек, мейірімсіз жуандардың зәресін ұшыруың шарт» деп, ашық күрес талабын қойды; суреткер еңбегіндегі шыншылдықты уағыздады; эстетикаға реализм ұғымын енгізді; реализмнің қиялға, ойдан ишығару мен көркем жинақтауға арақатынасын белгіледі.
Классицизм эстетикасын қатал сынға алып, абсолюттік идеологияға ашық күрес ашқандардың бірі – немістің ұлы ағартушысы Готхольд Лессинг (1729-1781). Оның дүниетанымы дін мен теологияға қарсы тартыс үстінде қалыптасты. Ол да Дидро секілді «ақынның өнер обьетісі – сарай емес» деп үзілді-кесілді байлау жасап, әдебиет пен өнерді ақсүйектер әулетінің ат төбеліндей аз ортасынан кең алаңға – қалың бұқара арасына алып шығып, реализм рельсіне түсіруге күш салды. Лессингтің өнер туралы ой-толғамдары («Лаокоон», «Гамбург драматургиясы») – Дидро туындылары секілді, буржуазиялық ағарту эстетикасының шыңы және өзінен кейінгі ағартушылар үшін өнегелі мектеп: немістің белгілі ойшыл-жазушысы Иоганн Гердердің (1744-1803) айталық «жекелеген жұпыны жертөлелердегі салтанатты сарайдағылардан әлдеқайда әсем талғам бар» деген тамаша тұжырымы тек қана Лессингтің әсерінен туғандығын эстетика тарихын зерттеушілер әлдеқашан дәлелдеді. Н. Г. Чернышевскийше айтқанда «неміс халқының жаңа әдебиетіне ата болған» Лессинг еңбектерін жоғары бағалады.
Иммануил Канттың (1724-1804) эстетикасы – субьетивті-идеалистік эстетика. Кант эстетикасының зиялы жұртқа кеңінен таныс басты-басты философиялық тұжырымдары оның күрделі зерттеулерінде («Байыптау қабілетіне сын», «Таза санаға сын») жүйеленді.
Канттың бүкіл дүниені «өзіндік затқа» және «өзіміздік затқа» бөлгені, ал «өзіндік зат» дегенді тірі пенде біліп болмайды деп түйгені мәлім. Сөйтіп, ол әдебиет пен өнерді де «өзіндік затқа» сайып, бұлардың құпия сырын әшейін долбар (априори) арқылы ғана аздап жобаламаса, кез келген кісі дәл түсіне алмайды деп қорытты. Өйткені, Канттың ойынша, ақын-жазушы – «артық жаратылған» айрықша тұлға. Ал өмір мен өнердегі сұлулық – мазмұнға мүлде қатысы жоқ, тек пішінге ғана тән сыртқы сипат; оны суреткер «ешқандай мақсатсыз жасайды, жұрт ешқандай мақсатсыз ұнатады». Неге десеңіз, «Сұлулық – жалпы жұрттың ешқандай ұғым-түсініксіз рақатына айналған нәрсе» Кант эстетикасының негізгі арналары – субьективті идеализм, формализм және агностицизм. Демек, Канттың эстетикасы «өнер - өнер үшін», «таза өнер» деген қисық, қиғаш теориялар мен күллі декаденттер тәжірибесіне ту болғаны кездейсоқ құбылыс емес.
Дүниенің түп діңгегі – абсолюттік идея, абсолюттік рух деп білген немістің атақты идеалист-философы Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831) эстетика мәселелерін де дәл осы сипатта, өзі жүйелеген аты шулы триада (тезис – антитезис – синтез ) тұрғысынан байыптады.
Гегельдің «Эстетика» атты арнаулы трактаты философтың өз ұғымындағы және өз пайымдауындағы «идея» мен «құбылыстың» яки мазмұн мен пішіннің ара-қатысына талдау жасаудан туған. Оның эстетикалық жүйесі бойынша бұл арақатынастар диалектиаксы өнердің үш сатысына, яғни үш (символикалық, классикалық, романтикалық) түріне сай келеді. Сонымен қатар, жалпы адам баласының көркемдік даму тарихында өнер туындылары арқылы белгіленген кезең-кезеңдер де осынау үш сатыға, яки үш бағытқа сай. Мәселен, ежелгі үнді мазарлары, байырғы египет пирамидалары секілді Көне Шығыс цивилизациясының архитектуралық мұралары, Гегельдің дәлелдеуінше, өнердің символикалық түрі болып табылады. Өйткені бұл тұста «идеал» анық емес, бұлдыр, көмескі; ал «құбылыс» «идеаның» образға айналу мүмкіндігін танытады. Ежелгі Греция мен Римде мейлінше өріс алып, өркен жайған мүсін өнері Көне дүние өнерінің классикалық түрі болып табылады. Өйткені бұл тұста «идеал» анық, ал «идея» «құбылысқа», яки көзбен көріп, қолмен ұстар нақты да затты тұлғаға айналған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет