Билет №19
Тыңдалым
Аралым
Әуелеп ұшқан әнім де менің елші екен,
Таласып қалмай, анасын егіз емсе тең.
Сырдария мен Әмудария қосылып,
Қарт Аралыма сәлемін беріп келсе екен.
Аралым арман толса екен,
Аққулар қайта қонса екен.
Ұл-қыздарыңның санасы
Теңіздей терең болса екен!
Аралым қайта келсе екен,
Қазаққа ғана енші екен.
Арал жығылдың, тілеуін тәңір бере гөр!
Ерке толқыным, еркелеп маған келе гөр!
Ақ желкен келіп, айдынға қайта шықса екен,
Қайран да қайран, қайраңдап қалған кемелер!
1. Әр шумақтан мәтіндегі негізгі идеяны айқындайтын 1 ақпаратты тауып жазыңыз.
Мәтінде жалпыадамзатқа ортақ қандай мәселе көтеріледі? 2 сөйлеммен пікіріңізді жазыңыз.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
«Сырдария мен Әмудария қосылып,
Қарт Аралыма сәлемін беріп келсе екен» деген тіркестің астарлы мағынасы қандай?
2 сөйлеммен түсіндіріңіз.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Мәтіннің мазмұнын қысқаша 3 сөйлеммен жазыңыз.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |