Айтылым
Жағдаят: Сіз «Грантқа тапсырған түлектердің 80 пайызы сүйікті мамандығын таңдай алмайды» деген мақаладан үзінді оқыдыңыз.
Тапсырма: Мәтін мазмұны бойынша өз пікіріңізді 8-10 сөйлеммен білдіріңіз (сыныптасыңмен диалогке түсуге болады). Сөз әдебі мен сөйлеу этикетін ескеріңіз, интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай қолданыңыз.
Грантқа тапсырған түлектердің 80 пайызы сүйікті мамандығын таңдай алмайды
Ата-ана үшін де, түлекке де маңыздысы – тегін грантқа түсу. Мектеп түлектеріне мамандық таңдауда бағыт-бағдар беретін нұсқаулық Қазақстанда жоқ.
Сол себептен жастар бүгінде қандай мамандықтың сұранысқа ие екенінен бейхабар.
Олар жыл сайын қай мамандықтың қажетсіз деп танылғанын, жойылып кеткенін, заман талабына сай қандай жаңа мамандықтардың пайда болып жатқанын білмейді деуге болады. Көңілі қалаған мамандыққа қолы жетпеген адамның болашақта жұмыс істеуге құлқы төмен болады.
Енді бұл мәселе шешіледі. Алдағы бес жылда сұранысқа ие болатын жаңа 100 мамандық жайлы энциклопедия жарық көреді.
|
[5]
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым
Аралым
Әуелеп ұшқан әнім де менің елші екен,
Таласып қалмай, анасын егіз емсе тең.
Сырдария мен Әмудария қосылып,
Қарт Аралыма сәлемін беріп келсе екен.
Аралым арман толса екен,
Аққулар қайта қонса екен.
Ұл-қыздарыңның санасы
Теңіздей терең болса екен!
Аралым қайта келсе екен,
Қазаққа ғана енші екен.
Арал жығылдың, тілеуін тәңір бере гөр!
Ерке толқыным, еркелеп маған келе гөр!
Ақ желкен келіп, айдынға қайта шықса екен,
Қайран да қайран, қайраңдап қалған кемелер!
Әр шумақтан мәтіндегі негізгі идеяны айқындайтын 1 ақпаратты тауып жазыңыз.
[3]
Мәтінде жалпыадамзатқа ортақ қандай мәселе көтеріледі? 2 сөйлеммен пікіріңізді жазыңыз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[2]
«Сырдария мен Әмудария қосылып,
Қарт Аралыма сәлемін беріп келсе екен» деген тіркестің астарлы мағынасы қандай?
2 сөйлеммен түсіндіріңіз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[2]
Мәтіннің мазмұнын қысқаша 3 сөйлеммен жазыңыз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[3]
Достарыңызбен бөлісу: |