«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен


Ойлау дағдыларының деңгейі



бет2/21
Дата21.05.2024
өлшемі421,42 Kb.
#202674
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
аза тілі деюиет ТЖБ

Ойлау дағдыларының деңгейі


Дағдылар тобы

Ойлау дағдылары
ның деңгейі

Тапсырмалар сипаттамасы

Сұрақтар түрі

Тыңдалым

Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

  • мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды;

  • әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсінеді;

  • драмалық, прозалық, поэзиялық шығарманы тыңдайды;

  • мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдай отырып, астарлы ойды анықтайды;

  • көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдайды және салыстырады, өз көзқарасын аргументтер негізінде дәлелдейді.

Сәйкестендіруді және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар



Оқылым

  • мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажыратады;

  • ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (мақала, эссе, тезис, интервью, баспасөз парағы) құрылымы мен рәсімделуін біледі, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдайды;

  • әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдайды және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалайды;

  • ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндер (мақала, эссе, тезис, интервью, баспасөз парағы) бойынша салыстырмалы (жанры, құрылымы, тілдік құралдары, мақсатты аудиториясы) талдау жасайды;

  • мәтін тақырыбына байланысты қосымша материалдар негізінде ортақ қорытындылар жасайды;

  • мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіреді және оны бағалайды.

Оқылым негізінде қысқа жауапты, толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жазылым және тілдік бағдар

  • публицистикалық стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, баспасөз парағы, тезис, интервью жазады;

  • қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе);

  • шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазады;

  • тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтап ұсынады;

  • ғылыми-көпшілік және көркем мәтіндердегі негізгі ұғымдарды анықтай отырып, жинақы мәтін құрастырады;

  • мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады;

  • сөйлем деңгейінде тыныс белгілерін қолдана біледі;

  • сөз таптары, тәуелдік жалғауды (оңаша және ортақ тәуелдеу) және көптік мәнді есімдер мен көптік жалғауларды дұрыс қолданады;

  • сын есімнің, сан есімнің, есімдіктердің, үстеудің жасалу жолдары мен сөйлемдегі қызметін біледі;

  • мәтін құрауда есімше сөздерді стильдік қызметіне сай орынды қолданады;

  • шылаулардың сөйлемдегі қызметін біледі, мәтін құрауда орынды қолданады;

  • сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін орынды қолданады;

  • құрмалас сөйлемдердің (аралас) жасалу жолдарын біледі.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Айтылым

  • ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтайды;

  • ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрайды;

  • сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер етеді;

  • сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданады;

  • мәтіндегі абзацтардың, бөлімдердің орналасу тәртібін, ақпараттың тақырыппен байланысын анықтайды;

  • пікірталастың «пікірталас-монолог», «пікірталас-диалог», «пікірталас-полилог» түрлерінде сенімді және еркін сөйлейді;

  • әртүрлі графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстырады, негізгі идеясын түсіндіреді.

Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар




  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет