Балл
|
Мазмұны мен дұрыс жазылуы (5 балл)
|
Тілі (5 балл)
|
5
|
Өте жақсы
Жауап толық, қарапайым және күрделі идеяларды тиімді ашады. Жазба жұмысының құрылымы мен жазылуы жоғары деңгейде, негізгі және қорытынды бөлімдері нақты жазылған, келтірілген аргументтері байланысқан және мазмұнын ашады.
|
Өте жақсы
Жазба жұмысында тәуелдік және көптік жалғауларын сөздерде орынды қолданған. Сын есімдерді сөйлем мазмұнына қарай сәйкес келтіріп жазған, сөздік қоры мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Нақты және жүйелі, елеусіз қателері бар.
|
4
|
Жақсы
Көптеген түрлі мысалдар мен сілтемелерді қолданған, қарапайым және кейбір күрделі идеяларды ашады. Жазба жұмысының логикалық дамуы жақсы, өз пікірін келтіріп, қорытынды жасай алады
|
Жақсы
Тәуелдік және көптік жалғауларын көбіне сәйкес, орынды қолданады. Сын есімдерді сөйлемдерде қолдануға тырысады, сөздік қоры жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Жалпы нақты, елеусіз қателері ақпарат беруге кедергі келтірмейді
|
3
|
Қанағаттанарлық
Жазбада бірнеше мысалдар келтірілген,
бірақ барлық жағдайда негізді емес. Қарапайым идеяларды жазғанымен, олар ашылмайды. Жазба жұмысында белгілі бір толыққанды жүйелі ой логикалық жағынан дамытылмаған
|
Қанағаттанарлық
Тәуелдік және көптік жалғауларын дұрыс жалғап қолданады, сын есімдерді сөйлемдерге қатыстырады, бірақ стильдік қолданысында қателіктер жібереді. Көбіне нақты, қателері бар, бірақ қандай да бір ақпаратты түсінуге болады.
|
2
|
Төмен
Негізгі тақырыпты ашуға тырысады, бірақ көптеген қателіктер мен сәйкессіздіктер кетіреді, тек қарапайым идеяларды ашады. Жазба жұмысының құрылымы сақталмайды, идеялар дамытылмайды.
|
Төмен
Сөздік қоры шектеулі, жеке сөздер мен сөз тіркестері, ішінара жай сөйлемдер жазылған. Қайталаулар көп, сөздік қоры мен сын есімдердің қолданысы жеткіліксіз. Тәуелдік және көптік жалғауларын жалғауда қателер жібереді. Орфография мен негізгі грамматикалық формалар қате қолданылған, мағынасы кейде түсініксіз.
|
1
|
Өте төмен
Жауап түсініксіз, тақырыпқа байланысты сілтемелер аз, сұраққа жауап бермейді. Жазба жұмысының құрылымы мен аргументтерді қолдануы төмен деңгейде, идеялары жүйесіз.
|
Өте төмен
Тек қарапайым сөйлемдер мен шектеулі сөздік қорды қолданады, көп құрылымдары аяқталмаған және орфографиялық қателіктер жіберген. Бұл мазмұнды түсінуге қиындық келтіреді.
|
0
|
Жауап жоқ
|
Жауап жоқ
|