Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ



бет3/126
Дата05.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#11408
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. Қазақ әдебиетінің жалпы тарихына шолу жасау арқылы сұрақтар қою.
2. Ақындар өлеңдері.


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)


ХХ ғасыр 20-30 жылдарындағы шығармалар

ХХ ғасырдың көрнекті ақын жазушылары, қоғам қайраткерлері Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, Спандияр Көбеев және Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатов сынды тұлғалар «Айқаптың» тұрақты авторлары атанған. Бас аяғы 500 таралыммен шыққан «Айқап» қаржының жоқтығынан 4 жылдан кейін, яғни 1915 жылы жабылды.


«Айқап» журналының алғашқы саны Троицк қаласында 1911 жылдың қаңтар айынан бастап шыға бастаған. Оның шығарушысы, редакторы – демократ ақын, жазушы Мұхаметжан Сералин еді. Ол журналды алғаш жұрттан қарызға ақша алып, пай жинап жүріп шығарады. «Айқаптың» алғашқы санында Ахмет Байтұрсынұлының қазақтың ғылым мен білімді игермегенін мәселе етіп көтерген мақаласы жарияланғаны белгілі. Қаржының тапшылығынан журнал алғашқы жылы айына бір рет, шағын көлеммен жарық көрді. Жәрдем берушілер көбейіп және өзі де қор жинаған соң, яғни 1912 жылдан бастап журнал айына екі реттен 12-24 бет көлемінде жарияланды. Баспасөз тарихын зерттеуші Зарқым Тайшыбай журналдың шығуына 1905 жылы патша үкіметінің баспасөз еркіндігі жайлы шыққан манифесті арқау болды дейді. Оның айтуынша, сол жылдан бастап қазақтың мерзімді баспасөздері шыға бастаған.
Зерттеуші «Айқап» журналы патша үкіметінің саясатын насихаттайтын журнал емес, қазақтың мүддесін көздейтін, оның жоғын жоқтайтын журнал болды дейді.
Жазушы Дулат Исабеков «Айқап» журналы қазақтың алғашқы баспа көрген, ресми әрі кәсіби журналы болды деп біледі. Оның айтуынша, Айқап журналы арқылы қазақ алғаш рет баспа бетінде өз ойын айта білді.
Ал ақын Мырзан Кенжебай «Айқап» журналының қазақтың есінде қалуына оның алғашқы болып шығуы емес, қазақтың жоғын жоқтаған журнал болуы және қазаққа рухани азық бола білуі се-беп болғанын айтады. «Қазіргі кезде ондай басылымдар жоқтың қасы» дейді ақын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет