Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ



бет6/126
Дата05.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#11408
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)



  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)


ХХ ғасыр 20-30 жылдарындағы шығармалар




10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)


Ілияс Жансүгіров «Күйші», «Құлагер»

Әйгілі ақын, драматург, сөз зергері Ілияс Жансүгіров бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында (қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданы) туған. Ілияс жас күнінен бастап ән мен күйге, өлең-жырға құмар болып өседі. Оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Ақынның терең идеялы, көркем мүсінді, эпикалық кең тынысты шығармаларының танымдық, тәрбиелік мәні зор.


Жас Ілияс ұлы Абайдың поэзиясымен танысқаннан кейін өзінде бір ерекше сергектік, сілкініс, жаңалық сезінеді. Ел қазынасы, халық фольклоры мен жазба әдебиеті үлгілері ақын тәжірибесінде жаңа келісім тауып, өзіндік арна іздей бастайды. Алғашқы өлеңдерінен-ақ болашақ іргелі ақын Ілиястың стиль өрнегі, қаламгерлік дара тұлғасы айқындалады. Құйылған сөз тасқыны, эпикалық кеңдік, теңеу, метафора, эпитет, эпифора, анафора байлығы – оның поэзиясының негізгі белгілері бола бастайды. Лмрмкалық, философиялық толғау, ұзақ сюжетті шығармалар қатар жазылады. Өз бетімен тірнектеп жинаған білімнің аздығын, түртінектеп оқыған кітаптардың мардымсыздығын қатты сезе бастаған Ілияс, қайтсе де жүйелі түрде оқымақ болып, 1920 жылы Алматыға келіп, үш айлық мұғалімдер курсын бітіреді. Кейін Ташкенттегі Қазақ ағарту институтының жанындағы қысқы мерзімді курста оқиды, бірақ денсаулығының нашарлауына байланысты аулына қайтады.
Жас азамат Қазақ ағарту институтында, Жетісу облыстық "Қосшы" комитетінде, губерниялық оқу бөлімінде, "Тілші" газетінің редакциясында қызмет етеді, ауыз өдебиеті үлгілерін жинайды. Газет - журналдарда алғашқы өлеңдері басылып шыға бастайды.1927 жылы «Беташар» атты үгіт өлеңі, 1928 жылы "Сағанақ" деген тұңғыш кітабы шығады.
Ілияс Жансүгіров 1925-1928 жылдары Москвадағы Коммунистік журналистика институтына түсіп, орыс, Европа классиктерінің шығармаларын тереңдеп оқиды. Бұл тәжірибе ақын талантының жарқырай ашылуына әсер етеді. Елге оралған соң "Еңбекші қазақ" газетінде істеп, 1934-1935 жылдарда Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы болады.
1935-1937 жылдары көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады. КСРО жазушыларының I съезіне қатысады.
Қазақ поэзиясының ерен жүйрігі, "қазақ поэзиясының Құлагері" 1938
жылы жазықсыз жазаға ұшырайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет