2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым- қатынасқа түсу (диалог) және Тілдік нормаларды қолдану
2.6
Орфоэпиялық нормаларды сақтау
4.1
Мәтінді түрлі формада ұсыну
дұрыс әрекет ету (қимыл, ым- ишараны қолдану, іс- әрекет жасау)
1.2.3.1
сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру
1.2.6.1 - мұғалімнің қолдауымен ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ дыбыстарын артикуляциялау
1.4.1.1 - мұғалімнің қолдауымен тақырыпқа
кезіндегі әкелген суреттерімен байланыстырып сөйлетеді.
Оқушылардың өз отбасын суреттегі отбасымен салыстыру болып табылады. Ол үшін сынып оқушыларын жұпқа біріктіріп, шағын сөйлесім жүзеге асады. Балалар суретті басшылыққа ала отырып, өз отбасын түгендейді. Мұндай тапсырманың сәтті орындалуы үшін мұғалім міндетті түрде үлгі көрсетеді.
Менде ана бар, ата бар, әпке бар т.б. Тапсырманы сәл күрделендіре түсу мақсатында мұғалім қабырғаның бойымен тізіп сандарды жапсырады, сәбилік кезінің суреттерін сәйкес орындарын табуын сұрайды. Осы тұста «үлкен отбасы» және
«шағын отбасы» сөздерінің мағынасы түсіндіріледі.
(МК) Оқушылар тақырыпқа қатысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, мұғалімнің көрсеткен постердегі бейнелерге қатысты жай сөйлемдер құрайды. Мысалы,
Мен кішкентай болдым. Менде ойыншық көп болды. Менің қояным болды. Менің қонжығым болды. Менің мәшинем болды.
«Менің сәби кезімдегі» тақырыпқа постер құраңыз. Оған қатысты сөздер мен сөз тіркестерін дайындаңыз.
Жаңа сөздерді меңгеру,сөздік қорларын молайту үшін қайталау маңызды, сондықтан оқушыларға көбірек дағдылануға мүмкіндік берілуі тиіс.
Тақырыпқа сәйкес сөздік қорды дамыту үшін, мүмкіндік болса, бала мен анасын осы іс-шараға алдын ала шақыртыңыз.
Оқушылардың жетістіктерін көрсету үшін дайын жұмыстардың ең жақсыларын көрсетіңіз және алдағы жұмыстарына үлгі ретінде
беріңіз.
Оқушылардың тілін дамытуға арналған қосымша жаттығулар, сәби кезіне қатысты әңгімелер, өлеңдер, ұйқастар айтыңыз және оқушыларға бұл жұмыс түрлеріне қатысуына, бірнеше рет қайталауына мүмкіндік беріңіз.