«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде) пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы



Pdf көрінісі
бет29/38
Дата07.02.2022
өлшемі368,84 Kb.
#88307
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38
Байланысты:
!11-ОШ СОч Қазақ тілі Т1 5кл

 
 
Оқылым
Тапсырма 
Берілген үзінділерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. [10]
 
А мәтіні
Кішкентай Марат пен Дархан көрші тұратын достар еді. Екеуі ылғи бос уақыттарын 
бірге өткізетін. Бірақ Дархан денсаулығына байланысты далаға көп шықпайды. Сондықтан 
да болар оның мінезі тұйық. Ал Мараттың мінезі көңілді, ақжарқын, досының қамын ойлап 
жүретін бала. 
Бір күні Марат орманға саяхатқа барады. Ол гүлдерді қызықтап жүріп, бір көбелекті 
ұстап алады да, «қолыма түстің бе, енді мен сені жібермеймін, досым Дарханға апарып 
беремін» - дейді. Бір кезде көбелек сөйлегендей болады, «жіберші мені, Марат, мен сенің үш 
тілегіңді орындаймын». Марат мәз болып, «маған велосипед керек» - дейді. Көбелек өз 
жөніне ұшып кетеді.
Кешкісін Марат үйіне келсе, әкесі оған расында да, велосипед сатып әперіпті. Ол 
қуанып, велосипедімен ары-бері Дархан досының терезесінің алдынан өтеді. Досының 
мұңлы көзін көріп, орманға келіп, маған велосипед те, қиялдағы ұялы телефон да қажет емес 
деп ойлайды. Ол: «Арман көбелегі, досым аяғынан тік тұрып кетсінші, сол тілегімді 
орындашы», - деп жалынады. 
Үйіне келсе, ата-анасы Дарханның шетелге дәрігерлерге көрінуге баратынын айтады. 
Марат Дарханның келуін тағатсыздана күтеді. Бір күні Марат үйінде ұйықтап жатса, өзін 
атап шақырған дауыстан оянып кетеді. Көзін ашса, қарсы алдында досы Дархан тұрады. 
Қуанып кеткен Марат, ормандағы арман көбелегіне іштей алғысын жаудыртады.
1
. Қай ақпарат мәтінге сәйкес? [1]
 
1. Марат пен Дархан нағыз тату достар.
2. Марат табиғат аясында ойнағанды ұнатпайды. 
А) тек біріншісі 
В) тек екіншісі 
С) екеуі де бұрыс
D) екеуі де дұрыс 
2
. Қай абзацта Мараттың арманы орындалады? [1] 
23 


ЖОБА
А) І 
В) ІІ 
С) ІІІ
D)
ІV 
3
. Мәтіндегі Мараттың орнында сіз болсаңыз, не істер едіңіз? Ойыңызды
3 сөйлеммен жазыңыз. [3] 
Ә мәтіні 
Мұрагер 
Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып: 

Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы байлығына 
сай болса, сол мұрагерім болады. Әркім маған өз байлығы мен ақылын көрсетуі керек,— 
дейді. 
Үлкен ұлы асыл тас салған жүзігінің көзін көрсетіп: 

Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды,—дейді. 
Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де: 

Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді,— дейді. 
Үшінші ұлы күміспен және алтынмен апталған белдігін буынады да: 

Мұндай белдікті ешкім, ешқашан тағынып көрген емес,—дейді. 
Әкесі үлкен балаларына қарап, басын шайқайды да, ең кіші ұлына бұрылып: 

Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың?— дейді. 
Сонда кенжесі: 

Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, алтын-күміспен апталған белдік те жоқ. 
Тек жұмысқа жарамды екі қолым, арманымды орындауға ұмтылар жүрегім бар,— дейді. 
Шалға кенже баласының тапқыр да ойлы сөзі ұнайды. 

Жұмыс істей білген адам жұтамайды, - деп, өзінің кенже ұлын мұрагер атайды. 
Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпай, талабын орындауды өсиет етеді. 
4. Әкесі нені анықтағысы келді? Балаларының ... 
A.
киім киісін 
B.
қазына мөлшерін
C.
өзін көрсетуін 
D.
өмірге бейімділігін
5. Мәтіннің қай бөлігінде қымбат киім киген ұлы туралы айтылған?
A.
басында 
B.
ортасында 
C.
соңында 
6
. Мәтіндегі ақсақал неліктен мұрагерлігін кенжесіне тапсырады? Ойыңызды
3 сөйлеммен жазыңыз. [3] 
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет