Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 7-сынып Мазмұны



бет15/21
Дата08.02.2022
өлшемі185,15 Kb.
#124085
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
СОч аза т¦л¦ Т1

Тапсырма

  1. Мәтінді оқып шығыңыз. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мəтіннен деректер

келтіре отырып, дəлелді жауап беріп, өзгенің жауабымен салыстырып, талқылап, мазмұндауда қолданып, көтерілген басты мəселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.

  1. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.

1-мәтінБіз кімге айналып бара жатырмыз?
Дүниежүзілік сауда ұйымының талабы бойынша құрамдас елдер генетикалық түрлендірілген тағамдарды импорттауға шектеу қоймауға тиіс. Алайда айтып өткеніміздей, АҚШ пен Англия гендік модификациядан өткен өнімдердің өз елдерінде сатылуына шек қойып отырады. Сол секілді, Ресей ғалымдары да бір елді-мекен тұрғындарына Қытайдың трансгенді өнімдерін ғана беріп отырып, екі жыл бойы бақылау жүргізген. Ауыл тұрғындары таза органикалық өнімдермен тамақтанған көршілес ауыл тұрғындарымен салыстырғанда, ас аллергиясына көп ұшырағыш болып кеткені анықталғанға ұқсайды...
Ал енді қазаққа гендік модификациядан өткен өнімді тұтынудың қажеті қаншалық? Кең байтақ жері бар, суы бар, күні де жылы, мал өсіріп, егін егуге қолайлы территорияда тұратын 16 миллион халық жасанды тағамға зар болып отыр ма?
Қытай ғалымы Лао-Цзы: «не жесең, соған тартасың» деген екен. Адамның қандай малдың етін көбірек жесе, мінезі соған ұқсап кететінін басқа ғалымдар да дәлелдеп баққан. Ал расында, жануарлардың гені қосылған жемістер мен көкөністерді жеу бізді жылқы мінезімізден алыстатып жібермей ме?..____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-мәтінБіз не жеп жүрміз?
Еліміздегі көгөніс, жеміс-жидектердің басым бөлігі шет елдерден әкелінетіні бәрімізге аян. Олардың сырт пішіні өзгергені, сақталу мерзімінің ұзақтығы бірден көзге түседі. Күнделікті тұтынып отырған халық та сұрамай сатып ала беретін қызанақ үйде де, базарда да тастай болып қатып жата береді. Бұзылмайды. Ал өзіміз өсірген қызанақ екі-үш күннен кейін босап, жарамсыз болып қалады. Жүзімнің өзін алсаңыз, әдеттегі табиғи көлемінен екі есе үлкейіп, картоппен бірдей. Тіпті, осы күнгі шұжық, котлет дегендердің құрамында мүлде ет болмайды. Ол кәдімгі шетелдің соясы, еттің дәмін келтіретін түрлі қоспалардан жасалады. Мұндай өнімдерді ғылыми теорияда«гендік модификацияланған организмдер» (ГМО) деп атайды. Бүгінде әлемдік нарықты гендік инженерияның жемісі – гендік модификацияланған организмдер мен өнімдер (ГМО) жайлап келеді. Сыртқы саудаға есігі ашық ел ретінде бұдан біздің ел де тысқары қалып отырған жоқ. ГМО деген атынан үріккеніміз болмаса, оның қандай болатынын, пайда-зияны қаншалық екенін қарапайым халық әлі біле бермейміз._________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет