Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 7-сынып Мазмұны



бет16/21
Дата08.02.2022
өлшемі185,15 Kb.
#124085
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
СОч аза т¦л¦ Т1

Тапсырма

Оқылым










Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

[10]




А мәтініДостығымыз әлемге әйгілі
Қазақстан көпұлтты Республика екені бұрыннан белгілі. Кеңестік дәуірде ҚСРО-дағы жалғыз интернационалды ел аталғанымыз тегін емес. Ежелден бауырмал, қайырымды қазақ халқы тағдыр-тәлкегіне ұшырап, әлемнің әр тарапынан келген ұлттарды жатсынбай, оларды туған-туыстарындай жақсы көрді. Міне, сондықтан, қазір Қазақстан көпұлтты мемлекет атанып отыр. Дәл Қазақстан сияқты ұлттар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі – дүниежүзінде ел жоқ. Біздегі халықтың ынтымақ, бірлігіне, жарастығына тәнті болған шетелдік саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері «Қазақстаннан үйрену керек» дегенді жиі айтады. Барлық ұлттардың терезесі тең, мүдде-мақсаты бір және олардың еркін еңбек етуіне, кәсіппен шұғылдануына, саясатпен айналысуына барлық жағдай жасалған ғой. Ең ерекшелік сол – кейбір ұлт өкілдерінің балалары мектепте өз ана тілінде оқиды. Мысалы, Ресейде мұндай үрдіс жоқ.
Қазір адал еңбектерінің арқасында кәсіппен шұғылданып, байып жатқан отбасылар көбейіп, қауымға айнала бастаған ұлт диаспоралары бар. Ұлттық салт -дәстүрлерін сақтап, өз діндерін ұстанып, бір шаңырақ аясында тату-тәтті өмір сүріп жатқан халық тек Қазақстанда жасап жатыр. Бұған әрине, қуанасың және мақтанышпен айтасың. Осындай ел бірлігі мен тұтастығы жолында өз бағдарламасы мен мақсаты бар Қазақстан Халық Ассамблеясының жұмысына дүниежүзі риза десек артық айтпаймыз. Әрине, оның басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрғаны айтпаса да түсінікті.

Дүниежүзінде қандай ел



  1. достығы өнеге болатын

B. достығы үлгі болатын
C. өзгетілдімектебібар

D. достығы өнеге мен үлгі болатын





[1]

  1. Ұлт қауымдастығы туралы айтылған абзацты белгілеңіз.

A. І B. ІІ
C. Екеуінде де
D. Ешқайсысында
[1]
Қазақстан ұлттық қауымдастықтардың дамуына ерекше ықпал ететін ел, сіз осы тұжырыммен келісесіз бе? Келісу немесе келіспеу себептерін 4-5 сөйлем арқылы жеткізіңіз.
[3]_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Ә мәтіні
Кең байтақ еліміз – Қазақстанда 120-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл деген қазақ халқының ұлылығынан, кеңдігінен, кеңпейілділігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.
Қазақ осы – айтатұғын желге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы – аңғал-саңғал жабусыз,
Қазақ осы – ағыл-тегіл, көл-көсір.
Қазақ осы – дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы – өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы – қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін, - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай, ұлы қазақ даласында басқа да ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Сонымен қатар, олардың әрқайсысының қайталанбас діни және материалды мәдениеті, тарихы, салт–дәстүрі бар.
Қазақ Халықтарының Ассамблеясы Президенттің жарлығы бойынша 1995 жылы 1 наурызда құрылған. Ассамблея ұлтаралық достықты сақтау, мемлекеттік саясатпен ұштастыру, бірыңғай шешім қабылдауды қарастырады.
1990 жылы басталған халықтардың ұлттық салт-дәстүрлерін қалыптастыру жұмысына байланысты Қазақстанның түкпір-түкпірінде 352 бөлімшелер бар, 27 республикалық және аймақтық ұлттық мәдени бірлестіктері ашылды.
Алғаш рет республикалық көлемде кәріс, неміс, поляк, ұйғырлардың съездері болды. Татарлар мен башқұрттардың құрылтайы, өзбек, ұйғыр, түрік, дүнген, күрт, немістердің мәдени фестивальдары болып, онда олардың мәдени күндері белгіленген.
Міне, осы шаралардың арқасында көп ұлтты қазақ халқының экономикасы жақсарып, халық саны өсіп, түнгі ұйқылары тыныш болуда.
. Өлең үзіндісінде қазақ халқының ұлылығын, кеңдігін, кеңпейілділігін қалай көрсеткен?
A. Қазақосы – өнералдытілдейтін.

  1. Қазақ осы – дала дейтін, күн дейтін.

  2. Қазақ осы – ағыл-тегіл, көл-көсір.

  3. Қазақ осы – қарасың ба, ақсың ба.` (1)

Қазақстан Халықтарының Ассамблеясының атқарған жұмыстары туралы ақпараттар қай абзацта айтылған.(1)


A. I-V
B. IV-V
C. І-ІІ
D. ІІІ- ІV

3. Қазақстан көп ұлтты ел болғандықтан экономикасы жақсарып, халық саны өсіп, түнгі


ұйқылары тыныш болуда, сіз осы тұжырыммен келісесіз бе? Келісу немесе келіспеу
себептерін 4-5 сөйлем арқылы жеткізіңіз.(3) ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Жазылым
Төменде берілген тақырыптардың біріне тиісті құрылым мен стильді (ресми, бейресми) қолдана отырып, жазба жұмысын ( мақала, әңгіме немесе хат) жазыңыз. Шамамен 200-250 сөз болуы тиіс.________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[10]
Қолындағы телефонға шүйлігіп, балабақшадан ертіп келе жатқан қызына көңіл бөлмеген әкесіне сөзін жеткізе алмаған бала: «Құдай мені телефон қылып жаратқаныңда ғой. Әкем маған ғана қараушы еді» - деп іштей жалбарыныпты.
«Әлеуметтік желінің әлегі» - деген пікірді жоққа шығарып немесе жақтап, сюжетті әңгіме жазыңыз. Әлеуметтік желінің пайдасы немесе зияны туралы дәлел келтіруге тырысыңыз. Өз көзқарасыңызды бір жақты ұстаныңыз.___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Дүкен сөрелеріндегі гендік өзгеріске ұшыраған тағамдарды тұтынушылар – өзіміз, біздің жақындарымыз.

Сіз күнделікті өмірде осы жайтқа куә болып жүрсіз. Айналаңыздағылар да бұған мән бермейтінін байқайсыз. Олардың санасына ұлттық табиғи өнімдердің пайдалы екенін ескертіп, өз пікіріңізде нақты дәлелдерді пайдалана отырып, өз сыныптастарыңызға арнап мақала жазыңыз.________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет