Қазақ тілі (оқу орыс тілінде жүретін мектептер үшін) пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы



Дата31.03.2018
өлшемі46,06 Kb.
Қазақ тілі (оқу орыс тілінде жүретін мектептер үшін) пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған

тест спецификациясы

(2014 жылдан бастап ұлттық бірыңғай тестілеуге қолдану үшін бекітілген)

Бұл құжат орта білім берудегі жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде, жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына сай әзірленген. ҚР Білім және ғылым министрлігімен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен келісілді. Ұлттық тестілеу орталығының жанындағы Ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысында талқыланды.

Мақсаты: Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары түлектерінің қазақ тілі пәні бойынша дайындық деңгейін анықтау.

Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде - 6, екінші деңгейде – 13, үшінші деңгейде – 6 тапсырма.

Тест жалпы білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламасына сәйкес қазақ тілі пәні бойынша оқу материалдарынан тұрады.



Тақырып



Мазмұны

1

Лексика

2

Фонетика. Дауысты дыбыстар

3

Фонетика. Дауыссыз дыбыстар

4

Фонетика. Буын

5

Фонетика. Үндестік заңы

6

Сөзжасам

7

Морфология. Зат есім

8

Морфология. Сын есім

9

Морфология. Сан есім

10

Морфология. Есімдік

11

Морфология. Етістік

12

Морфология. Шылау

13

Синтаксис. Сөйлем. Сөйлем мүшелері

14

Синтаксис. Жай сөйлем

15

Синтаксис. Құрмалас сөйлем

16

Синтаксис. Қаратпа сөз. Қыстырма сөз

17

Мәтіндермен жұмыс. Қазақстан Республикасы - тәуелсіз ел

18

Мәтіндермен жұмыс. Қазақстан Республикасының географиялық орны

19

Мәтіндермен жұмыс. Қазақстанның мәдениеті, өнері

20

Мәтіндермен жұмыс. Елтану

21

Мәтіндермен жұмыс. Қоршаған орта


Тест жоспары:

Лексика – 3 тест тапсырмасы

Фонетика мен орфографиа – 5 тест тапсырмасы

Сөзжасам – 3 тест тапсырмасы

Морфология – 7 тест тапсырмасы

Синтаксис – 4 тест тапсырмасы

Мәтіндермен жұмыс – 3 тест тапсырмасы

Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Фонетика мен графика: тіл біліміндегі орны мен маңызын, фонетикалық ұғымдардың мәнін, дыбыстардың түрлері мен олардың жіктелуін, тіл дыбыстарының жасалу жолдарын меңгеріп, фонетикалық талдау жасай алуы;

Лексика: лексиканың тіл біліміндегі орны мен маңызын, сөздердің мағыналық топтарына қарай түрлерін, лексикалық терминдерді ажырата білуді, лексикалық талдау жасай алуы;

Сөзжасам: тілдік материалдарда лингвистикалық білімдерін қолдана білу, сөзжасамның тіл біліміндегі орны мен маңыздылығын, сөздердің жасалу тәсілдерін және олардың жасалу жолына қарай жіктелуін, түбір сөз бен туынды сөздің белгілерін анықтай алуы;

Морфология: сөз таптарының мағыналық топтарын, өзіндік белгілерін және бір-бірінен ажырата білуі, сөз таптарының қызметін түсіндіре алуы, морфологияға қатысты тілдік ұғымдардың мәнін анықтауды, морфологиялық талдау жасай алуы;

Синтаксис: сөз тіркесінің өзіне тән белгілерін, байланысу тәсілдері мен түрлерін, сөйлем мүшелері, жай сөйлем, құрмалас сөйлем түрлеріне синтаксистік талдау жасай алуы, мәтіндерге кешенді тілдік талдау жасай білуі;

Мәтіндермен жұмыс: қысқа, нақты мәтіндерді түсініп оқып, қажетті мәліметтерді ала білуі, қазақша сөйлей, жаза білу дағдыларын меңгеруі тиіс.

Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға берілген уақыт – 1,5 минут. Тестінің толық орындалу уақыты – 37,5 минут.



Нұсқалар мен тапсырмалар саны:

Бір тестіде 25 сұрақ. Тест нұсқаларының баламалығы:

- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;

- өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен,

- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.

Тапсырма формасы:

Тестте берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау керек.



Таңдалған нұсқаны жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.

Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін мектеп бітіруші 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған уақытта 25 балл алады.
Каталог: upload -> specifications ENT 2015
upload -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
upload -> Ғарыш әлеміне саяхат
upload -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
upload -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
upload -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
specifications ENT 2015 -> Биология пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
specifications ENT 2015 -> Физика пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет