1.Ұлы Отан соғысы басталған уақытта Әлия оқыған қала, мектеп?
А) Рыбинск, авиация мектебі
В) Ленинград, №140 мектеп
С) Ленинград, №46 мектеп
Д) Мәскеу, №163 мектеп
Е) Вятское, тігін мектебі
2. Әлия Молдағұлова мен Сапура теміржол мектебінің есігін
қай жылы ашады?
А) 1933
В) 1935
С) 1932
Д) 1934
Е) 1936
3. 1942 жылғы наурыздың 24-інде балалар үйі қай жерге көшіріледі?
А) Рыбинск
В) Риддер
С) Ленинград
Д) Мәскеу
Е) Вятское
4. Әлия кімнің қолында тәрбиеленеді?
А) нағашы апасы
В) нағашы атасы
С) нағашы ағасы
Д) нағашы әжесі
Е) нағашы тәтесі
5. Әлияның ата-анасының аты-жөні?
А) Маржан мен Сәкен
В) Маржан мен Арғын
С) Маржан мен Нұрмұханбет
Д) Даржан мен Жармұқанбет
Е) Саржан мен Әлмұхамбет
2-тапсырма.
6. Ана тілін жетік білу, ана тілінде таза сөйлеу ненің белгісі?
А) Мәдениеттіліктің В) Әдептіліктің С) Іскерліктің Д) Даналықтың Е) Надандықтың
7. ХІХ ғасырдан басталатын ауыз әдебиеті материалдарын жинау жұмыстарын жүргізген қазақтан шыққан алғашқы зерттеуші — ғалым?
А) Ы. Алтынсарин В) Абай С) М. Әуезов Д) Ж. Аймауытов Е) Ш. Уәлиханов
8. Дұрыс жазылған сөзді анықтаңдар.
А) Кең — маңдай В) кеңмаңдай С) кен маңдай Д) кең маңлай Е) кең маңдай
9. Сөздік құрамдағы сөздердің қолданылу жиілігіне қарай сирек қолданылатын сөздер қалай аталады?
А) Актив сөздер. В) Пассив сөздер. С) Бейтарап сөздер. Д) Фразеологизмдер.
Е) Полисемия
10. Тілдегі сөздердің дұрыс жазылу ережесінің жиынтығы қалай аталады?
А) Орфография В) Орфоэпия С) Лексика Д) Фонетика Е) Ықпал
3-тапсырма. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз
Ақтөбедегі губерниялық кеңес партия мектебін, Ташкент университетін бітірген Әбубәкір Әлияның және Әлиямен тұрғылас қарындасы Сапураның білімді, есті болып өсуіне ықыласты болған.
Дұрыс жауаптары:
В
А
Е
С
С
А
Е
Е
В
А