«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. Экспо-2017»


-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР



бет6/9
Дата14.03.2023
өлшемі356,49 Kb.
#172299
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1-нұсқа-3

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Қазақ тілі » пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Отбасы және демографиялық өзгеріс», «Биотехнология және гендік инженерия келешегі», «Бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімдері бойынша
І нұсқа
Тыңдалым мен айтылым[10]
Тапсырма
1.Мәтінді оқып, негізгі ойын шынайы өмірмен байланыстырыңыз. Мәтіннің мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың рөлін анықтап, айтылған ойға сыни тұрғыдан өз көзқарасыңызды білдіріңіз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдармен дәлелдей сөйлеңіз.
2.Өз жұбыңды мұқият тыңдап, мазмұны бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Талқылауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
1-мәтін
Орталық азияның демографиялық ахуалы
Серік Қаржаубаев, сарапшы:
- Бүгінгі таңда Қазақстан мен жалпы Орталық Азия елдеріндегі халықтың өмір сүру деңгейі біршама жақсарып келеді. Әлеуметтік мәселелерді шешудің арқасында халықтың өмір сүру ұзақтығы артып отыр. Қарт адамдардың қатары 4,5 пайызға өскен. Бұның бәрі аймақтағы тұрғындардың көбеюіне оң әсерін тигізуде.
Біріккен Ұлттар Ұйымы жүргізген зерттеу нәтижесінің қорытындысы бойынша, аймақтағы орташа өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші артқан.
Мәселен, Өзбекстанда ол – 73,8 жас, Тәжікстанда – 73,7, Қазақстанда бұл көрсеткіш – 72,4 жасқа жетсе, Қырғызстанда – 70,9 жасты құрап отыр, Ал Түркменстаннның орташа өмір сүру ұзақтығы – 70,4 жас. Жалпы аймақтағы аға буын өкілдерінің үлесі 5 пайызға артқандығы байқалады. Бұл орайда ең жоғарғы өсім Қазақстанда болса, ең төменгі көрсеткіш Тәжікстан елінде тіркеліпті. Сондай-ақ отандық сарапшылардың мәлімдеуінше, бүгінде Орталық Азия елдеріндегі 14 жасқа дейінгі балалардың саны 20,5 млн-нан асыпты. Бұл аймақтағы бар тұрғындар санының 29 пайызына тең. Осы тұрғыда Тәжікстан елі көш бастаса, Қырғызстандағы көрсеткіш баяулай түскен.
Егер де бұл өсім бүгінгі қарқынынан таймаса, 2018 жылы аймақтағы балалардың үлесі 30 пайызға жететін болады. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Демографтардың айтуынша, қазір өңірде туу көрсеткіштері өсіп, халықтың негізгі дені жастардың үлесінде. Осылайша, өткен ғасырдың 80 жылдарындағы қалыпты дамыған демографиялық көрсеткіштердің деңгейіне жеттік деп сеніммен айта аламын. https://kazakh-tv.kz/kz/view/world_news/page_190635_(192 сөз)
2-мәтін
Қазақстанда халық саны 2019 жылғы 1 маусымда 18 млн 489,7 мың адамды құрады. Былтырғы 1 маусыммен салыстырғанда халық саны 236,4 мың адамға немесе 1,3% өскен,- деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап. Есепті кезеңде қала тұрғындарының жалпы саны10 млн 767,6 мың адамға жеткен. Қалалықтар Қазақстан халқының 58,2%-ын құрайды. Ауылдарда жалпы 7 млн 722,1 мың адам, яғни, республика халқының 41,8%-ы тұрады. Биылғы қаңтар - мамыр айларында республикада 1 жасқа дейінгі 1 459 сәби шетінеген (былтырғы көрсеткіш 1 366). Ал нәресте кезінде шетінеу коэффициенті әр 1000 нәрестеге 9,04-тен тура келген. Нәрестелердің шетінеуінің басты себебі жүктілік кезіндегі ауру-сырқау болып отыр. Соның салдарынан биылғы бес айда 772 нәресте көз жұмған. Биылғы қаңтар-мамыр айларында Қазақстанға келушілердің саны 10,8%-ға қысқарып, кеткендер саны 19,8% өскен. Ел ішіндегі көшіп-қонушылар саны 19% өскен. Өңір аралық көші-қонның оң саласы Маңғыстау облысында (515 адам) және Шымкент (4 144), Нұр-Сұлтан (10 936) және Алматы (11 540) қалаларында байқалып отыр. (150 сөз)https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/328451-elimizdegi-khaly-sany-236-my-adam


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет