Күні: 24.11.2015 ж.
|
Сабақ: 1
|
Сабақтың тақырыбы:
|
«Болашақ – ғаламтор байланысында»
|
Сабақтың мақсаты:
|
Ғаламтор туралы білімдерін мәтінмен жұмыс жүргізу арқылы жетілдіру, сөздермен және сөз тіркестерімен жұмыс жүргізе отырып сөздік қорды молайту, ғаламтордың адам өміріне пайдалы, не зиянды екенін мысалдар арқылы дәлелдеу.
|
Оқудың нәтижесі:
|
Оқушылардың Ғаламтор туралы білімдері қалыптасады, өз бетімен білім алады, ізденеді, сыни ойлануға төселеді, АКТ-мен, топпен, жұппен, жеке жұмыс жасайды. Дүниетанымы кеңейеді, пәнге деген қызығушылығы артады, шығармашылық қабілеттері дамиды.
|
Көрнекілігі:
|
Тапсырмалар, карточкалар, презентация, сөздік.
|
Сабақтың барысы:
|
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Уақыты
|
1-әрекет
Ұйымдастыру кезеңі
|
Сәлемдесемін. Оқушылардың зейінін сабаққа аударамын.
- Бүгін сабақта кім кезекші?
- Сыныпта кім жоқ?
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Күздің қай айы?
- Бүгін қазанның нешесі?
- Бүгін аптаның қай күні?
|
Сәлемдеседі.
Оқу құралдарын дайындайды.
Берілген сұрақтарға жауап береді.
|
3 мин.
|
2-әрекет
Ынтымақтастық
атмосферасын орнату
|
Оқушылар күлімдеп бір-біріне сәттілік тілейді.
|
Тапсырманы орындайды.
|
2 мин.
|
Топқа бөлу
|
Оқушыларды түрлі түсті қағаздар көмегімен топтарқа бөлемін. Топтағы оқушыларға міндеттерін естеріне салып, топ мүшелерінің қызметтерін өзара бөлгіземін. Топ ережесін естеріне саламын.
|
Оқушылар өз орындарына барып отырады, оқушылар міндеттерін өзара белгілеп алады.
|
3 мин.
|
3-әрекет
Үй тапсырмасын сұрау
|
Үйге берілген тапсырманы естеріне саламын.
|
Оқушылар қолдарын көтеріп, орындаған тапсырманы айтып береді.
|
7 мин.
|
4-әрекет
Өткен сабақпен байланыстыру.
Бекіту сабағы.
Миға шабуыл.
|
Септеуліктерді естеріне түсіреді. Мына сұрақтарға жауап береді
Шылау сөздер неше топқа бөлінеді?
Жалғаулықтардың неше түрі бар?
Септеуліктер неше топқа бөлінеді?
|
Берілген сұрақтарға жауап береді. Өтілген тақырыптарды пысықтайды.
|
5 мин.
|
5-әрекет
Таныстырылым
дайындау.
|
Әр топқа жеке тапсырма беріледі.
Мәтінмен жұмыс:
Мәтінді оқиды, аударады.
Сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың топ ішіндегі міндеттерін орындауын қадағалаймын, бірігіп жұмыс істеуге шақырамын.
|
Әр топ өз тапсырмалары бойынша таныстырылым дайындайды және қорғауға дайындалады.
|
5 мин.
|
Таныстырылымды
қорғау
|
Моншақ ойыны: сөз беріледі, оған тізбектеп тағы бір сөз қосылады, соңғы әріптен басталатын.
І топ: Мәтін
ІІ топ: Парақ
|
Әр топ өз таныстырылымы аясында әңгімелейді.
|
5 мин.
|
6-әрекет
Сергіту сәті
|
«Жеміс, жидек, көкөніс»
|
Ойынды ойнайды
|
3 мин.
|
7-әрекет
Сұрақ – жауап
|
Ертегі шығару:
І топ – Ұялы телефон
ІІ топ – Ғаламтор
|
Сөйлемдер құрастырады
|
3 мин.
|
8-әрекет
Ойды қорыту
|
Сөзжұмбақ шешу.
|
Сөзжұмбақты шешеді
|
3 мин.
|
9-әрекет
Үй тапсырмасы
|
Карточка
|
Күнделіктеріне тапсырманы жазады.
|
2 мин.
|
10-әрекет
Бағалау
|
Бағалау парағы бойынша бір-бірін бағалайды.
|
Оқушылар бір-бірін бағалайды.
|
3 мин.
|
11-әрекет
Рефлексия
|
«Аудармашы» ойыны.
|
Ойын ойнайды.
|
1 мин.
|