MEGAMOZG.KZ – образовательный портал Казахстана. ЕНТ, ВОУД, КТА
Қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары
9-11-сыныптар
1-нұсқа
1.Сабақтаса құрмаласқан сөйлемді табыңыз.
А) Тыңдаушы ықыласты болса, сөйлеуші шешен болады.
В) Дәметкеннің жүрегі тулап кетті, себебі келген адамды ол бірден таныды.
С) Шәрбану далаға шығып еді, бірақ олар кетіп қалыпты.
D) Телехабарда ән де, жыр да, кино да кезектесіп жүріп жатады.
E) Саяхатшылар көп келді.
2. Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Үсен пышақтың сыртымен тасқа қатты ұрып еді, мақта тұтанды.
В) Жел үрлеген сайын, сапырылысып түскен сары жапырақтар жер бетін түгел жапты.
С) Дәркембай, Абылғазы, Қаңбақ, Тоқсан, Жұмыр да осында.
D) Кейде ұзақ жылдар жырланып, кейде ел ішінің әнгімелері айтылады, ауыл адамдары бұларды қызығып тыңдайды.
E) Жалғасы қызық болды.
3. Ыңғайлас салалас сөйлемді көрсетіңіз.,
А) Қар жауса да, тоңбайды бай баласы.
В) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым.
С) Еңбек адамды көрікті етеді және тынысты тазартады.
D) Мен ол күні келмедім, себебі көлік жоқ болды.
E) Еңбек баланы мықты етеді.
4.Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Күн сайын бір жаңалық болады, бірақ оған ешкім таңданбайды.
В) Мейрам шахтадан шығып еді, денесі сергіп сала берді.
С) Күнзила ақырын кіріп, баласына мейірлене қарап тұрды.
D) Жігіттер келген қонақты ортаға алып, әңгіме қызығына беріліп кетіпті.
E) Баласы әдемі болып өсті.
5.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Ұлберген кедей болғанымен, киім-кешегін таза ұстайтын.
В) Олар теңізге ерте шықты, бірақ жолы болмады.
С) Ексең егін, ішерсің тегін.
D) Өнімді еңбек атқарам десең, көпке сүйен.
E) Теңіздің суы мөп-мөлдір екен.
6.Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Ботагөз қиындықты көре жүре, Асқардан үмітін үзбеді.
В) Өзен суы жылдағыдан мол, сондықтан мұз ерте сөгілді.
С) Тұқымды бірер күн ылғалдау керек, себебі құрғақ жерге түссе, өнбей қалады.
D) Қастарында бөтен кісілер болғандықтан, Абай Оспанға айтар сөзін іркіп қалды.
E) Олар теңізге түсті, қайықпен жүзді.
7.Біріңғай мүшелердің тыныс белгілерінің дұрыс қойылғанын табыңыз.
А) Ол біресе желеді, біресе жүгіреді, біресе тоқтайды.
В) Ол біресе, желеді, біресе, жүгіреді, біресе тоқтайды.
С) Ол, біресе желеді, біресе жүгіреді біресе, тоқтайды.
D) Ол біресе, желеді біресе жүгіреді, біресе тоқтайды.
Е) Ол біресе, желеді біресе, жүгіреді біресе, тоқтайды.
8.Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді табыңыз.
А) Ол: «Батыр хал қалай»? деді.
В) Ол, Батыр, хал қалай? деді.
С) Ол: «Батыр, хал қалай?» - деді.
D) Ол: Батыр, хал қалай – деді.
Е) Ол, «Батыр, хал қалай?» - деді.
9.Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
А) «Көлтауысар, көлдің суын құрт!» - деді Төстік.
В) «Көлтауысар, көлдің суын құрт - деді Төстік.
С) «Көлтауысар, көлдің суын құрт деді Төстік.
D) Көлтауысар, көлдің суын құрт - деді Төстік.
Е) «Көлтауысар, көлдің, суын құрт – деді, Төстік.
10.Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз.
А) Отыршы жарығым, жөніңді айтшы.
В) -Отыршы, жарығым, жөніңді айтшы.
С) Отыршы, жарығым, жөніңді, айтшы.
D) Отыршы, жарығым жөніңді, айтшы.
Е) Отыршы жарығым жөніңді, айтшы.
11.Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз.
А) «Кел, балалар оқылық – деді Ыбырай.
В) «Кел, балалар, оқылық», – деді Ыбырай.
С) «Кел, балалар оқылық, – деді, Ыбырай.
D) «Кел балалар, оқылық» – деді Ыбырай.
Е) «Кел балалар – оқылық, – деді Ыбырай.
12.Сабақтас құрмалас сөйлем бойынша тыныс белгісінің дұрысын таңда.
А) Жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды.
В) Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды.
С) Жел соқпаса шөптің, басы қимылдамайды.
D) Жел соқпаса: шөптің басы қимылдамайды.
Е) Жел соқпаса; шөптің басы қимылдамайды.
13. Тілдесу үстінде қойылатын талаптар
А) интонациялық талаптар
В) ғылыми талаптар
С) коммуникативтік талаптар
Д) мәнерлеп оқу талаптары
Е) іскерлік талаптар
14.Анықтауышы бар сөйлемді көрсет.
А) Асан биыл мектепке барады
В) Мұрат ақын үндемеді
С) Қақаған аязда аң аулауға кетті.
Д) Аспанда найзағай ойнады.
Е) Ол асып та, тасып та сөйледі
15. Антонимдес сөз тіркесін табыңыз.
А) асқар тау, телегей теңіз
В) кең дала, айдын көл
С) денсаулығы жоқ, ақшасы бар
D) тал түсте, күз мезгілде
Е) ала жаздай, қыс бойы
16.Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған зат есімді көрсетіңіз.
А) Тұздың емдік қасиеті бар.
В) Аурудан аяған күштірек.
С) Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ.
D) Бес жүздей жұмыскер қосылды.
Е) Анам қалаға кеткен.
17. Қатыстық сын есімді табыңыз.
А) заңғар
В) ақ сары
С) өнегелі
D) ап-аласа
Е) ымырт
18. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Бірде ұйқы еңсереді, бірде ерік еңсереді.
В) Қолың қатты дейді, қорқып тұрмын.
С) Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрармын.
D) Сабырлы Олжабектің сасқаны сонша – орнынан атып тұрды.
E) Ұялғанымнан да бетімнің оты шықты.
19. Қиысуды көрсетіңіз.
А) Арманның көйлегі
В) Менің бақытым
С) Шақырылғандар келді
Д) Еңбекті бағалау
Е) Дүкенге бару
20. Көп құрамды төл сөзді тап
А) –Шыда, енді бірер сағаттан кейін таза ауаға шығамыз,- деп рахым білдірген болды. В) -Шырағым, сен бала емессің, естісің,- деді Ұлжан ренжіп:- өзің барсаң бір сәрі. Ондай жерге Абайды несіне апарасың?
С) Абай Ділдә сөзін бітіртпей:- Қой, Ділдә, Біржан-менің қонағым,- деді.
Д) Абай Ділдә сөзін бітіртпей, сабырға шақырды.
Е) «Сол Амантайға хабар айтсам қайтеді?»- деп ойлады Бүркіт
21. Іскерлік қарым-қатынас әдебіне жататын тілдік ерекшеліктерді ата.
А) Іске жауапкершілікпен қарау, сыпайылық, жағымды сөйлеу, батылдық
В) Логикалық ой-өрісінің жетіспеуі
С) Пікір алысқалы отырған ісін, тақырыбын жетік білмеу.
Д) Сөз мағынасын түсінбеу, көп сөздік
Е) Жігерсіздік, ұялшақтық
22. Қай сөйлемде сан есім емлеге сай жазылған?
А) 1845-жылы ұлы Абай дүниеге келген.
В) Жолдастарымның кеткеніне екі үш күн болды.
С) Сағат 6 ға 10 минут қалған кезде Азамат пәтерінен шықты.
D) 30-40-тай адам жиналған екен.
Е) Біз 2-еу едік.
23. Орфографиясы бойынша жазылған сөз
А) өкпе
В) өкпө
С) сүлгү
Д) күрөң
Е) көңүлсіз
24. Жалпылау есімдігі қатысқан сөйлемді табыңыз.
А) Ешкімге тіл қатушы болма.
В) Саған тай сатып әперемін.
С) Өзің үлкен, қылығың-бала-шаға
D) Еріншектік –күллі дүниедегі өнердің дұшпаны
Е) Әрбір жинақылықтың түбі - кеніш
25. Сөздің көп мағыналылығын лексиканың қай саласы зерттейді?
А) лексикология
В) семасиология
С) фразеология
D) ономосиология
Е) терминология
26. Сын есімнің салыстырмалы шырай түрінен жасалған анықтауышты табыңыз.
А) Сәл кішілеу қара көзі тесіле қарады.
В) Ормандағы шиенің піскен кезі еді.
С) Қандай ақылды әрі сүйкімді бала.
D) Ол - қызметіне шексіз адал жан.
Е) Аттар – бауырынан жараған, қуса жететін,
Қашса құтылатын жүйріктер.
27. Толықтауыш қызметіндегі сан есімді табыңыз.
А) Адамның жартысы тарады.
В) Жиырма бес қайта айналып келмес.
С) Екіні, онды беске көбейт
D) Сендер төртеусіңдер.
Е) Үшеуі жамырай сәлем берді.
28.Анықтауыш қызметнде тұрған есімдіктің қай түрі?
Өз елім-өлең төсегім.
А) жалпылау
В) сілтеу
С) сұрау
D) белгісіздік
Е) өздік
29. Төл сөз қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.
А) Ақылды қарттан нақыл шығады.
В) Ол Әбіш туралы естігенін түгел баяндаған еді
С) Талаптың мініп тұлпарын, тас қияға өрледің
D) Ақылды қария жазып қойған хатпен тең.
Е) «Бұл үйдің жаны нешеу?» - деп сұрады Итбай.
30. Төл сөздің автор сөзінен соң орналасып тұрған түрін көрсетіңіз.
А) –«Япырай, мықты екенсіз, ақсақал,» - деді Байжан
В) –«Бәрекелді, мына ауыл алтыбақан құрып жатыр екен,» - деді Ербол.
С) М.Горький былай деген екен: «Кітап – білім бұлағы».
D) Абай: «Ғылым таппай мақтанба,»-деген.
Е) –«Емтихан оңай болмайды», - деді ұстаз
2-нұсқа
1. Жалғаулықты қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Теңіз тынышталды, бірақ еш нәрсе көрінбейді.
В) Ол шнурды тартып қалып еді, трактор гүрілдей жөнелді.
С) Ең сенімді су жер астынікі, оны іздеп табу керек.
D) Кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы.
E) Жел соқты, қар жауды.
2.Себеп-салдар салалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Ол жаяу жүріп кетті, себебі ауыл онша алыс емес еді.
В) Егін піскенімен, оны оруға әлі асығар емес.
С) Келген екеу еді: бірі – агроном, екіншісі – инженер.
D) Ауыл жайлауға көшіп келгелі, жастардың тұрмысына бір көңілділік кіргендей болды.
E) Егін пісті, диханшылар оны жинады.
3.Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Кенжебек жауап іздеп көріп еді,орынды сөз ойына орала қоймады.
В) Ойын аяқталды, бірақ көрермендер асықпады.
С) Абай араларынан кетісімен, сыбыр бұйрық елге жайылды.
D) Көктем болғанмен, күн әлі жылынып кете қойған жоқ еді.
E) Көктем енді келсе де, күн ысып кетті.
4.Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Жамал пешке от жағып, асты әзірлей бастады.
В) Үйірме мүшелері М.Мақатаев өлеңдерін жатқа оқыды.
С) Жақып кешкі тымырсық ауаны сіміре ұтып, даланы ұзақ аралады.
D) Тұрмыс жақсы болу үшін, еңбек өнімді болу керек.
E) Балалар еңбек сабағына құрал-жабдықтарын әкелді.
5.Біріңғай мүшеге байланысты қойылып тұрған тыныс белгілерін табыңыз.
А) Ал, бала, бүгіннен бастап малға ие бол.
В) Мұғалім де, инженер де осы үйден табылады.
С) Абай үйге кірді де, отырғандарға жағалай сәлем берді.
D) Көбінің жүзі ақшыл не қызғылт сары келген.
E) Мұғалімдер демалысқа шықты.
6.Жалпылауыш сөзге байланысты қойылған тыныс белгісін табыңыз.
А) Қазақстанның ең ірі көлдері мыналар: Балқаш, Теңіз, Алакөл және Марқакөл.
В) Ақылбай, Ербол және Мағаш келді.
С) Үлкенді сыйлау – асыл қасиет.
D) Оқушылардың бәрі қысқы демалысқа тарады да, мектеп бос қалды.
E) Жел қатайып кетті.
7.Қаратпа сөзге байланысты қойылып тұрған тыныс белгісін көрсетіңіз.
А) Ісің өнімді болсын, Қуат.
В) Әрине, бұл істе кім озары белгісіз.
С) Үлгілі үйдің – ұл-қызы ұялтпайды.
D) Ойпырмай, мына күннің қағынуын-ай.
Е) Алматы – Республиканың ең үлкен қаласы.
8.Қыстырма сөзге байланысты қойылып тұрған тыныс белгіні табыңыз.
А) Ой, Ардақ, сен ақ қоян қырдан қашқан.
В) Жамбыл, Дина - өнердің қос қазығы.
С) Домбыра, сырнай, сыбызғы – қазақтың көне аспаптары.
D) Сол арада, шынын айту керек, аздап қуанып та қалдым.
Е) Ол математиканы, физиканы, әдебиетті жақсы оқитын.
9.Қарсылықты салалас сөйлемге байланысты қойылып тұрған сызықшаны көрсетіңіз.
А) Қатар-қатар тас қойдым, жирен атты бос қойдым.
В) Көшенің арғы шетінде телефон-автомат тұр.
С) Жел саябырлаған сияқты, - екпіні әлі қатты.
D) Халықаралық қарым-қатынас қалыпқа келіп қалды.
Е) Бұл сессия көпке созылмайды.
10.Сабақтаса құрмаласқан сөйлемді табыңыз.
А) Тыңдаушы ықыласты болса, сөйлеуші шешен болады.
В) Дәметкеннің жүрегі тулап кетті, себебі келген адамды ол бірден таныды.
С) Шәрбану далаға шығып еді, бірақ олар кетіп қалыпты.
D) Телехабарда ән де, жыр да, кино да кезектесіп жүріп жатады.
E) Саяхатшылар көп келді.
11. Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Үсен пышақтың сыртымен тасқа қатты ұрып еді, мақта тұтанды.
В) Жел үрлеген сайын, сапырылысып түскен сары жапырақтар жер бетін түгел жапты.
С) Дәркембай, Абылғазы, Қаңбақ, Тоқсан, Жұмыр да осында.
D) Кейде ұзақ жылдар жырланып, кейде ел ішінің әнгімелері айтылады, ауыл адамдары бұларды қызығып тыңдайды.
E) Жалғасы қызық болды.
12.Қай сөйлемде тыныс белгілері дұрыс белгіленген.
А) «Биік мансап, биік жартас» – дейді Абай.
В) «Биік мансап - биік жартас», – дейді Абай.
С) Биік мансап - биік жартас – дейді Абай.
D) Биік мансап, биік жартас, – дейді Абай.
Е) «Биік мансап, биік жартас», – дейді Абай.
13.Қай сөйлемде тыныс белгілері дұрыс қолданылған?
А) Шынымды айтсам, өзің бір қызық жан екенсің.
В) Шынымды айтсам өзің, бір қызық жан екенсің.
С) Шынымды айтсам - өзің бір қызық жан екенсің.
D) Шынымды айтсам, өзің бір, қызық жан екенсің.
Е) Шынымды айтсам өзің бір, қызық жан, екенсің.
14. Қай сөйлемде үтір дұрыс қолданылған?
А) Сап, сап, көңілім сап, көңілім (Абай).
В) Сап – сап, көңілім, сап көңілім.
С) Сап, сап, көңілім, сап, көңілім.
D) Сап сап, көңілім, сап көңілім.
Е) Сап сап көңілім, сап көңілім.
15. Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны табыңыз.
А) Жұрт айтты- көне берді.
В) Аяғы жоқ,- жүреді, аузы жоқ, - сөйлейді.
С) Ағаш арасын қаратса – жоқ.
D) Алыс – берісіміз көп, ағайын адамбыз.
Е) Қарқаралы деген округтің әміршісі – Құнанбай мен осы Майыр.
16. Біреудің өзгертілмей айтылған сөзінің атауын белгілеңіз.
А) Монолог
В) Диалог
С) Төлеу сөз
Д) Автор сөзі
Е) Төл сөз
17. Синоним емес қатарды көрсетіңіз.
А) байсалды, байыпты
В) шалғай, қашық
С) сәт, мезет
D) ағайын, туыс
Е) көмескі, ескі
18. Толықтауыш қызметіндегі зат есімді көрсетіңіз.
А) Менің бақытым алда.
В) Бүркіт биікте ұшады.
С) Қыс келер ұзамай.
D) Атамекен – қасиетті ұғым.
Е) Білімді кітаптан аларсың.
19. Сапалық сын есімді табыңыз.
А) қайырымды
В) қорқақ
С) білгіш
D) ыстық
Е) ашушаң
20. Сөз тіркесінің байланысу тәсілін анықта: болашаққа жол
А) интонация арқылы
В) орын тәртібі арқылы
С) қосымша арқылы
Д) шылау арқылы
Е) тәуелдік жалғау арқылы
21. Бірыңғай толықтауышы бар сөйлем
А) Еріншектің ертеңі бітпес.
В) Көп сөз - көмір, аз сөз -алтын
С) Шәкенді, Болатты шайға шақырды.
Д) Әсем, Алтын және Мақсат – айрылмас достар
Е) Менің арманым – Отанымның нағыз азаматы болу
22. «Жарты», «жарым», »ширек» сөздері қалай жазылады?
А) Сан есім сөзбен бірге жазылады.
В) Бөлек жазылады.
С) Дефис арқылы жазылады.
D) Сызықша арқылы жазылады.
Е) Үтір арқылы жазылады.
23. Орфографиясы бойынша жазылған сөз
А) көңілсіз
В) күрөң
С) сүлгү
Д) өкпө
Е) көңүлсүз
24. Болымсыздық есімдігін көрсетіңіз.
А) Бірнеше
В) Саған
С) Дәнеңе
D) Әлдекім
Е) Түгел
25. Мақалдан антонимді табыңыз.
А) Мың досың болса да аз, бір қасың болса да көп.
В) Оқу инемен құдық қазғандай.
С) Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
D) Отансыз адам – ормансыз бұлбұл
Е) Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп.
26. Сын есімнен жасалған толықтауышты табыңыз.
А) Ол-намысшыл адам.
В) Тұзсыз тамақ дәмсіз
С) Әлсіз адам сүріншек, ақылсыз адам еріншек.
D) Жорабек орынан құлықсыз тұрды.
Е) Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
27. Бастауыш қызметіндегі сан есімді табыңыз.
А) Тоқсан бес деген торы екен.
В) Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
С) Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.
D) Жігіттер жүз-жүзден шоғырланып аттанды.
Е) Сол жолда біз жеті сағаттай жүріппіз.
28. Төрт түрлі жалғау жалғанған өздік есімдігін табыңыз.
А) Өздері
В) Өздеріңіздің
С) Өзіңнен
D) Өздеріменен
Е) Өздерімізденсің
29. Төл сөздің автор сөзінен соң орналасып тұрған түрін көрсетіңіз.
А) –«Япырай, мықты екенсіз, ақсақал,» - деді Байжан
В) –«Бәрекелді, мына ауыл алтыбақан құрып жатыр екен,» - деді Ербол.
С) М.Горький былай деген екен: «Кітап – білім бұлағы».
D) Абай: «Ғылым таппай мақтанба,»-деген.
Е) –«Емтихан оңай болмайды», - деді ұстаз
30. Төл сөз қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.
А) Ақылды қарттан нақыл шығады.
В) Ол Әбіш туралы естігенін түгел баяндаған еді
С) Талаптың мініп тұлпарын, тас қияға өрледің
D) Ақылды қария жазып қойған хатпен тең.
Е) «Бұл үйдің жаны нешеу?» - деп сұрады Итбай.
Достарыңызбен бөлісу: |