Қазақстан! Пай, пай, пай, ардағым-ай!
Сен менің Шолпанымсың жанған ұдай.
5. Қайталанып айтылған одағайлар дефис арқылы жазылады. Мысалы, Паһ-паһ! Сөз деп осыны айт!
27. Шылау. Шылау – толық лексикалық мағынасы жоқ, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын, сөзге қосымша мән үстейтін көмекші сөздер. Мысалы, үшін, жуық, бірақ, мен, да, әрі, сайын, таман, шақты, бірге, туралы, секілді, т.б.
Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылықтары:
1. Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды;
2. Шылау сөйлем мүшесі бола алмайды;
3. Шылау сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады;
4. Шылау толық мағыналы сөздің жетегінде қолданылып, оған қосымша мән үстейді;
5. Шылаулар түрленбейді, яғни көптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді, жіктелмейді.
Шылау сөздер білдіретін мәніне қарай үшке бөлінеді: 1) септеулік шылау; 2) жалғаулық шылау; 3) демеулік шылау.
Достарыңызбен бөлісу: |