"Қазақ тілі сабақтарында тиімді технологияларын қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттерін арттыру " Факультатив бағдарламасы



бет12/37
Дата06.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#79209
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37
Байланысты:
0005af84-000ff349

Септік жалғау – сөздерді бір-бірімен байланыстырып, жалғастырып, оларды өзара қарым-қатынасқа түсіріп тұратын қосымшаның түрі. Сөздердің жалғауларды қабылдап, өзгеру жүйесі септеу немесе сөздердің септелуі деп аталады. Қазақ тілінде жеті септік бар. Олар: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.
Септік деген термин – сеп, жәрдем, көмек, дәнекер деген ұғымды білдіретін сөздер.
Әрбір септіктегі сөз белгілі бір сұрақтарға жауап береді. Сұраққа сәйкес әр септіктің арнаулы қосымшалары болады, олар септік жалғаулары деп аталады. Септік жалғаулары әр сөзге буын және дыбыс үндестігіне байланысты әртүрлі нұсқада жалғанады.

СЕПТІКТЕР

СҰРАҚТАРЫ

СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫ

Атау септік
Ілік септік
Барыс септік
Табыс септік
Жатыс септік
Шығыс септік
Көмектес септік

Кім? Не?
Кімнің? Ненің?
Кімге? Неге?
Кімді? Нені?
Кімде? Неде? Қайда?
Кімнен? Неден? Қайдан
Кіммен? Немен?

жалғауы жоқ
-ның/нің, -дың/дің, -тың/тің
-ға/ге, -қа/ке, -на/не, -а/е
-ны/ні, -ды/ді, -ты/ті, -н
-да/де, -та/те,-нда/нде
-нан/нен, -дан/ден, -тан/тен
-мен, -бен, -пен, -менен,
-пенен, бенен

Септеудің екі түрі бар: 1) жай септеу; 2) тәуелді септеу.
1) Жай септеу – септік жалғауының түбір сөзге бірден жалғануы.
Жай септеу үлгісі:
Атау септік – кім? не? Дос, әке, гүл
Ілік септік – кімнің? ненің? Достың, әкенің, гүлдің
Барыс септік – кімге? неге? Досқа, әкеге, гүлге
Табыс септік – кімді? нені? Досты, әкені, гүлді
Жатыс септік – кімде? неде? Доста, әкеде, гүлде
Шығыс септік – кімнен? неден? Достан, әкеден, гүлден
Көмектес септік – кіммен? немен? Доспен, әкемен, гүлмен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет