Сын есімнің негізгі белгілері
Белгілері
|
Мысалдар
|
Сұрағы
|
Түрі
Түсі
Дәмі
Салмағы
Сапасы
Көлемі
Күйі
Затқа қатысы
|
дөңгелек (шар)
көгілдір (тау)
қышқыл (алма)
ауыр (жүк)
жұмсақ (нан)
үлкен (тас)
құрғақ (ауа)
шеткі (үй)
|
қандай?
қандай?
қандай?
қандай?
қандай?
қандай?
қандай?
қай?
|
Сын есім құрамына қарай: 1) дара; 2) күрделі болып екіге бөлінеді.
Дара сын есім бір ғана негізгі немесе туынды түбірден тұрады. Мысалы, терең, шыдамды, удай, тәтті, тебеген, білімді, бойшаң, әдеби, т.б.
Күрделі сын есім: төмендегідей жолмен жасалады.
1) сөздердің қосарлануы: апалы-жезделі, мая-мая, жап-жасыл, аппақ, көкпеңбек, тәп-тәтті, тап-таяз, жұп-жуас, т.б.
2) сөздердің тіркесуі: қоңыр ала, бидай өңді, торы төбел, тым ұзақ, қою қалың қара, ақ шулан, ақ шабдар, т.б.
Сын есім жасалуына қарай екіге бөлінеді: 1) негізгі сын есім; 2) туынды сын есім.
Негізгі сын есім ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде болады. Мысалы, көк, сыпайы, кермек, жабайы, таза, шабан, асау, жеңіл, т.б.
Туынды сын есім екі түрлі жолмен жасалады: 1) есім сөздерге жұрнақ жалғану арқылы; 2) етістікке жұрнақ жалғану арқылы.
Туынды сын есімнің жасалуы
Есім сөзден сын есім жасайтын жұрнақтар
|
Мысалдар
|
-лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті
-сыз, -сіз
-ғы, -гі, -қы, -кі
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік
-шыл, -шіл
-шаң, -шең
-дай, -дей, -тай, -тей
-кер, -гер
-қой, -қор
-паз, -імпаз
-и, -ы, -і
|
Таулы, өнерлі, орманды, көрікті
Ормансыз, еңбексіз, ағашсыз
Қысқы, төменгі, ішкі, жазғы
Балалық, адамдық, жігіттік, жолдастық
Ойшыл, еңбекшіл.
Ашушаң, көйлекшең, сөзшең
Үкідей, жолбарыстай, баладай.
Найзагер, табыскер, әдіскер.
Әзілқой, еңбекқор, әуесқой.
Өнерпаз, жеңімпаз
Әдеби, алтайы, түркі.
|
Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақтар
|
Мысалдар
|
-ғақ, -гек, -қақ, -кек, -ақ, -ек
-ық, -ік, -қ, -к
-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш
-ғыр, -гір, -қыр, -кір
-шақ, -шек
-ыңқы, -іңкі, -ңқы, -ңкі.
-ынды, -інді, -нды, -нді
-малы, -мелі, -палы, -пелі, -балы, -белі
-ымды,- імді, -мды, -мді
-аған, -еген
-улы, -улі
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе
|
Жабысқақ, тайғақ, бөлек,
Тұнық, бітік, сирек, ақсақ
Жүзгіш, айтқыш, жазғыш.
Алғыр, білгір, өткір, тапқыр.
Тартыншақ, сүріншек.
Басыңқы, салбыраңқы.
Жуынды, үйінді, жасанды.
Асырмалы, жаппалы, үрмелі, көшпелі.
Төзімді, қонымды, келісімді.
қап(б)аған, теп(б)еген.
Байлаулы, ілулі.
Бояма, қызба, еспе, бұрма
|
Сын есім мағынасына қарай екіге бөлінеді: 1) сапалық сын есім; 2) қатыстық сын есім.
– Сапалық сын есім сын есімнің тікелей өзі, яғни заттың түр-түсін, сын-сапасын анықтайды. Мысалы, жасыл (алқап), сарғыш (гүл), тәп-тәтті (алма), жаман (әдет), жақсы (қасиет), ұзын (көше), биік (тау), терең (өзен), жуас (жылқы), асау (тай), т.б.
– Қатыстық сын есім заттың сын-сипатын басқа сөз табының қатысы арқылы білдіреді. Мысалы, орманды алқап, гүлді өңір, алмалы бақ, әдепті қыз, қасиетті адам, құдіретті сөз, ақылды бала, дәмді тағам, өнерлі оқушы, салмақты мінез, шөлейт дала, шексіз аспан, т.б.
Сын есімнің түрленуі – оның шырай формасына енуі.
Шырай – тек сын есімге тән форма. Бір тектес заттардың сапалық белгісінің не артық, не кемдігін, сапа белгісінің әртүрлі дәрежеде болу қасиетін білдіреді.
Сын есімнің екі түрлі шырайы бар:
1. Салыстырмалы шырай біркелкі сындық белгінің бірінен екіншісінің артық немесе кемдігін салыстыру арқылы көрсетеді. Салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақ түрлері:
2. Күшейтпелі шырай біркелкі сындық белгінің бір-бірінен не өте артық, не өте кем екенін көрсетеді.
Күшейтпелі шырайдың жасалуы:
1) Сапалық сын есімнің алдына күшейтпелі буындардың үстелуінен жасалады: әп-әдемі, жып-жылы, сеп-семіз, тап-таза, үп-үлкен, көкпеңбек, аппақ, т.б.
Күшейтпелі шырай жасаушы буындар дефис (-) арқылы жазылады, тек аппақ, көкпеңбек сөздері бірге жазылады.
2) Күшейтпелі шырай сапалық сын есімдерге өте, тым, аса, ең, тіпті, нағыз, орасан, өңшең, кіл, кілең күшейткіш үстеулерінің тіркесуі арқылы жасалады. Бұл күшейткіш үстеулер сапалық сын есімнің алдынан бөлек жазылады. Өте әдемі, тым биік, аса терең, ең мықты, тіпті ұзақ, нағыз шешен, орасан шыдамды, өңшең жүйрік, кілең күшті, т.б.
Шырай жасауға негіз болатын – сапалық сын есімдер.
1. Қосарлану, қайталану негізінде жасалған күрделі сын есімдер дефис (-) арқылы жазылады: жақсылы-жаманды, биік-биік, үлкен-кіші.
2. Күшейткіш буын арқылы жасалған күрделі сын есімдер де дефиспен (-) жазылады: жап-жақын, үп-үлкен, сұп-суық. Тек ақ, көк сөздерінен жасалған күрделі сын есімдер бірге жазылады: аппақ, көкпеңбек.
3. Тіркесу арқылы жасалған күрделі сын есімдер бөлек жазылады: қара көк, сары ала, қызыл шырайлы, ат жақты, қою қара сақалды, ұзын бойлы, т.б.
4. Күшейткіш үстеу арқылы жасалған күрделі сын есімдер бөлек жазылады: ең әдемі, шымқай қара, тым аласа, кілең жүйрік, орасан зор, өте ақылды, т.б.
1. Сын есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі – анықтауыш.
Біп-биік тау шыңы көгілдір аспанмен тілдесіп тұрғандай.
Қандай тау? – Біп-биік тау. Қандай аспанмен? – Көгілдір аспанмен.
Сын есім ілік септікте тұрып, заттанып келіп те анықтауыш болады. Жақсының (кімнің?) сөзі балдай, Жаманның (кімнің?) сөзі удай (мақал).
2. Жіктік жалғауын меңгерген сын есім сөйлемнің баяндауышы болады. Туған жер, сен неткен көріктісің. Сіз осы әулеттің үлкенісіз.
3. Сын есім етістіктің алдында тұрып, қалай? деген сұраққа жауап берсе, пысықтауыш болады. Үйдің ауласындағы заттар ұқыпты жиналыпты. Сөйлеушің судай есілген, тыңдаушың бордай езілген.
4. Сын есім көптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді. Бұл жалғауларды жалғаған жағдайда сын есім зат есімнің орнына жүреді. Сын есімнің зат есім орнына жұмсалуын сын есімнің заттануы – субстантивтенуі дейді. Ақылды (кім?) байқап сөйлейді, ақымақ (кім?) шайқап сөйлейді. Ақылды, ақымақ (адам) – бастауыш. Еріншектің (кімнің?) ертеңі бітпес. Еріншектің (адамның?) – анықтауыш.
5. Сын есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің жалғауын меңгеріп, заттанып, толықтауыш қызметін атқарады. Жақсымен (кіммен?) жолдас болсаң, жетерсің мұратқа. Жаманмен (кіммен?) жолдас болсаң қаларсың ұятқа. Білімдіден (кімнен?) үйрен. Үлкенге (кімге?) құрмет, кішіге (кімге?) ізет. Жасы кіші болса да, ақылдыны (кімді?) аға тұт. Жақсыда (кімде?) жаттық жоқ.
22. Сан есім – заттың санын, саналу ретін, мөлшерін білдіретін сөз табының бірі. Сұрақтары: қанша? неше? нешеу? нешінші? Жамбыл жүз жас жасаған. (Неше жас? Жүз жас). Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді. (Нешеу? – төртеу, алтау).
Сан есім құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара сан есім; 2) күрделі сан есім.
1. Дара сан есім – бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер. Мысалы, үш, оныншы, елудей, ондаған, жүз, алтау, мыңдаған, оннан, миллионыншы, алпыстап, жүздеп, т.б.
2. Күрделі сан есім:
а) екі немесе одан да көп түбірдің тіркесуінен: жиырма бес, қырық шақты, сексен алты, тоғыз бүтін алтыдан үш, үш ширек, жүз мыңдай, т.б.
ә) сөздердің қосарлануы мен қайталануынан: екі-екіден, жеті-сегіз, бес-алты, тоғыз-тоғыздан, жиырма-отыздай, бір-бірден жасалады.
б) сөздердің дыбыстық өзгеріске ұшырап кірігуінен жасалған күрделі сан есімдер: сексен – сегіз он, тоқсан – тоғыз он
Сан есімдер мағынасына қарай алты түрге бөлінеді:
1. Есептік сан есім заттың нақты санын, есебін білдіреді. Сұрағы: қанша? неше? Есептік сан есім дара: төрт, жетпіс, мың, сегіз, бес, тоғыз; күрделі: алпыс үш, жетпіс тоғыз, он бес, отыз жеті, қырық тоғыз болып келеді. Есептік сан есім сан есімнің басқа түрлерін жасауға негіз болады.
2. Реттік сан есім заттың саналу ретін білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді.
Есептік сан есімге төмендегі жұрнақтар жалғану арқылы реттік сан есім жасалады:
-ыншы –қырық тоғызыншы, алпысыншы, оныншы, т.б.
-інші – отыз бесінші, үшінші, елуінші, жүзінші, т.б.
-ншы – алпыс алтыншы, алтыншы, т.б.
-нші – қырық екінші, жетінші, т.б.
3. Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын көрсетеді. Сұрағы: нешеу? Жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі сан есімге -ау, -еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. Дауысты дыбысқа аяқталған екі, алты, жеті сан есімдеріне -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдегі соңғы дауысты дыбыс түсіп қалады: екі+еу→екеу, алты+ау→алтау, жеті+еу→жетеу.
4. Болжалдық сан есім заттың санын дәл білдірмейді, шамамен болжап көрсетеді. Сұрағы: қанша? неше? қай шамалы? қаншадан?
Болжалдық сан есімнің жасалу жолдары:
а) жұрнақ арқылы: -лаған – жиырмалаған, -леген – елулеген, -даған – мыңдаған, -деген – жүздеген, -таған – қырықтаған, -теген – жетпістеген;
Достарыңызбен бөлісу: |