"Практикалық қазақ тілі" факультативінің мақсаты - ана тілінің қызметін жүйелі меңгерген, оның қыр-сыры мен тарихын жетік білетін, қарым-қатынастық біліктілігі дамыған, ұлттық санасы оянған дара тұлға қалыптастыруға мүмкіндік туғызу.
Осы мақсаттан келіп туындайтын міндеттер:
- оқушылардың фонетикалық, морфологиялық, лексикалық және синтаксистік машықтары мен дағдыларын дамыту;
- тіл дыбыстары, сөз таптары мен қосымшалар туралы теориялық білімдерін жүйелеу;
- теориялық білімдерін ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде орынды қолдануға төселдіру;
- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- оқу материалдары арқылы ана тілін жетік меңгерген ұлтжанды тұлға қалыптастыру;
Бағдарлама 34 сағатқа құрылған. Оның 4 сағаты тест жұмысына ,1 сағаты кіріспеге, 1 сағаты қорытындыға арналған.
Бағдарламадағы практикалық жұмыстарға теориялық негіз ретінде С. Кеңесбаевтың , Ғ. Мұсабаевтың "Қазіргі қазақ тілі" /лексика, фонетика/, С. Мырзабековтың "Қазақ тілінің дыбыс жүйесі", А. Ысқақовтың "Қазіргі қазақ тілі" /морфология/, М.Балақаев пен
Т. Қордабаевтың "Қазіргі қазақ тілі" /синтаксис/ атты еңбектері пайдаланылды.
Достарыңызбен бөлісу: |