"Қазақ тілі сабақтарында тиімді технологияларын қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттерін арттыру " Факультатив бағдарламасы



бет22/37
Дата06.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#79209
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37
Байланысты:
0005af84-000ff349

Септеулік шылаулар белгілі бір септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп, оған мезгілдік, мекендік, амалдық, себептік, мақсаттық сияқты үстеме мән береді.
Септеулік шылаулар екі түрлі қызмет атқарады:
1. Өзі шылауында жұмсалған сөзге қосымша мән үстеп, оны екінші сөзбен байланыстырып, сөз тіркесін құрайды. Мысалы, ел үшін тер төгу; үйге қарай аяңдау; туған жер жайлы толғану, Бауыржан сынды батыр, жүз қаралы жылқы, сабақтан соң келу, т.б.
2. Екі сөйлемді сабақтастыра байланыстырады. Мысалы, Күн бұлттанған сайын, Тілек жас төлдерін ойлай бастады.
Септеуліктер мына сөздердің шылауында айтылады:
1. Түбір сөздермен немесе атау тұлғадағы зат есім, есімдік, тұйық етістік, есімшемен тіркесетін септеуліктер: сайын, секілді, туралы, тәрізді, сияқты, сынды, жөнінде, жайлы, шамалы, қаралы. Мысалы, хат арқылы хабарлау, осы үшін келу, оқу жайында сөйлеу, көрген сайын қызығу, Әлия сынды батыр.
2. Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: шейін, таман, тарта, салым, жуық, тақау, таяу, дейін. Мысалы, орманға дейін жүгіру, түске қарай келді, жүзге жуық жылқы, алтыға таяу оянды, кешке таман оралды.
3. Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: соң, гөрі, бері, әрі, бұрын. Мысалы, сабақтан кейін дайындалу, таудан әрі асу, ағасынан бұрын көмектесу.
4. Көмектес септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: бірге, қатар, қабат. Мысалы, сонымен бірге, досымен қатар, оқумен қабат.
Септеулік шылау түрлерінің кестесі

Атау септік тұлғасындағы сөздермен тіркесетін шылаулар

Барыс септік тұлғасындағы сөздермен тіркесетін шылаулар

Шығыс септік тұлғасындағы сөздермен тіркесетін шылаулар

Көмектес септік тұлғасындағы сөздермен тіркесетін шылаулар

Сайын, үшін, арқылы, секілді, сияқты, тәрізді, сықылды, туралы, жайында, жөнінде, жайлы, шақты, шамалы, қаралы.

Шейін, дейін, таман, тарта, жуық, қарай, салым, таяу.

Соң, әрі, кейін, бұрын, бері, гөрі

Қатар, бірге, қабат, қоса.

Жалғаулық шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас құрмаластың сыңарларын төмендегі мағыналық қатынаста байланыстырады:
1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен, бен, пен, менен, бенен, пенен, да, де, та, те, және, әрі.
2. Қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйткенмен, сонда да, әйтпесе.
3. Талғаулықты немесе кезектестік мәнді білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, кейде, яки, бірде, я, не, немесе, болмаса, не болмаса, я болмаса.
4. Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті.
Жалғаулық шылау түрлерінің кестесі

Ыңғайластық қатынасты
білдіретін жалғаулықтар

Қарсылықты қатынасты
білдіретін жалғаулықтар

Талғаулықты
және кезектес қатынасты
білдіретін жалғаулықтар

Себеп-салдарлық қатынасты
білдіретін жалғаулықтар

Мен, бен, пен,
және, әрі, да, де,
та, те

бірақ, алайда, дегенмен,
әйтседе,
әйткенмен

я, яки, я (не) болмаса, не, немесе, әлде, болмаса, кейде,
бірде, біресе

Себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті

Демеулік шылаулар сөзге немесе сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдық, күмән, нақтылау мәнін үстейді. Демеуліктер сөзге не сөйлемге үстейтін мағынасына қарай алты түрге бөлінеді:
1. Сұраулық демеуліктер: ма, ме, ба, бе, па, пе (мы, мі, бы, бі, пы, пі). Мысалы, барасың ба? – барамысың? келесің бе? – келемісің? көріп пе ең? – көріппісің? айтып па ең? – айтыппысың?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет