2. Толықтауыштық қатынас меңгеру байланысындағы есімді және етістікті тіркестерге тән. Басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? деген сұрау қою арқылы анықталады, бағыныңқы сыңары басыңқы сыңардың тура я жанама объектісін, я сол объектіге қатысын білдіріп тұрады. Мысалы, тазалықты сүю, ойларын білдіру, жиналысты басқару, сөзге жауап қату.
3. Пысықтауыштық қатынас меңгеру, қабысу және жанасу байланысындағы етістікті тіркестерге тән. Сұрақтары: қайда? қайдан? қашан? қайтіп? қалай? не мақсатпен? не үшін?
Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері мынадай лексика-грамматикалық мағынада жұмсалады: істің мезгілі, мекені, қимыл-сыны, мақсаты, себебі. Мысалы, оқу үшін келді, әдейі барды, жалтақтап қарау, биыл ашылмақшы, жалп етіп құлау.
Синтаксистік қатынастың түрлері
|
Байланысу түрлері
|
Сұрақтары
|
Мысалдар
|
Анықтауыштық қатынас
|
Матасу,
қабысу
|
Кімнің? Ненің?
Қандай? Қай? Қанша? Неше? Нешінші?
|
Адамның өмірі, екінші мамандық, уылжыған жүзім, шеткі үй.
|
Толықтауыштық қатынас
|
Меңгеру
|
Кімге? Неге?
Кімді? Нені?
Кімде? Неде?
Кімнен? Неден?
Кіммен? Немен?
|
Балаға мейірімді, жұмысты жандандыру, үзілісті күту, адамды сыйлау, ата-анасымен ақылдасу.
|
Пысықтауыштық қатынас
|
Меңгеру, қабысу,
жанасу
|
Қашан? Қайдан? Қайда? Қалай? Не үшін? Не себепті? Не мақсатпен?
|
Кештете келді, бүгін келді, былтыр ғана жеңіп ем, қасақана кешікті, оқу үшін келді, т.б.
|
30. Сөйлем дегеніміз – әр алуан сөздердің өзара тіркесіп келіп, тиянақталған ойды білдіруі. Олардың құрамы да түрлі болады. Сөйлемді жеке сөз немесе сөз тіркестері құрайды.
Сөйлем болу үшін, оның грамматикалық негізі, яғни тұрлаулы мүшелері болу керек.
Сөйлем құрамына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болып бөлінеді. Жай сөйлемде бастауыш та, баяндауыш та біреу болып, тиянақталған бір ғана ойды білдіреді. Мысалы, Тілек пен Әлішер аулада ойнап жүр. Ал құрмалас сөйлем күрделі ойды білдіреді. Мысалы, Күз айы басталып, жер бетін сары ала жапырақ жапты. Сөйлем интонациясына, айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлем болып төртке бөлінеді.
Белгілі бір оқиға, құбылыс, іс-әрекет туралы хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлем хабарлы сөйлем деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |