«Қазақ тілі» (Т1) пәні бойынша жалпы орта білім беретін мектептер үшін бастапқы бақылау кескіні



бет3/5
Дата31.01.2022
өлшемі33,7 Kb.
#116726
1   2   3   4   5
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ-Т1.9-СЫНЫП. ОРТА МЕКТЕПТЕР

8. Мәтінде неше жай сөйлем бар?

А) 3


В 4

С) 2


Д) 1

Е) 5


9. «Жүздеген» сан есімінің мағыналық түрін анықтаңыз.

А) есептік

В реттік

С) бөлшектік

Д) болжалдық

Е) топтау



10. Мәтінде жоқ ақпарат қайсысы?

А) Құлын ноқталанады

В Бие сауынын бастайды

С) Қымыхмұрандық өткізеді

Д) Тілектер айтылады

Е) Қысқа дайындалады




  1. мәтін



  1. Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Бірін – бірі кездестіре қалған

калған қазақ «мал-жан аман ба?» деп амандық-саулық сұрасқан. Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды,жүк артса - көлік, жесе - ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған.Түйе өзінің өсу жолында бота, тайлақ, буыршын, буырлыш, науша, бұзбаша, інген, атан, бура деп аталады.

  1. Қазақтың қасиетті малдарының бірі - жылқы. Оны құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен, бесті, бие, ат, сәурік (сүйрік), айғыр деп, қасиеттеріне қарай жорға,сужорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, дүлдүл арғымақ деп атаған. Жылқы малын аса жоғары бағалаған қазақтар оны үлкен ас-тойларда жарысқа салып, бас бәйгесіне мол дүние беретін болған. Ер- азаматтарға жасалаған сыйдың да үлкені- ат мінгізу,шапан жабу. Жылқының жүрісіне дейін атаулары болған. Мысалы, аяң жүріс, жорға жүріс, жортақ жүріс, бүлкек желіс, бөкен желіс, шоқыта жүру, шабыс. Оның түсі де әртүрлі теңеулермен сипатталған: торы, күрең, жирен, ақбоз, боз, көк, шұбар т.б.

  2. Сиыр малы момақан, қазақтар үшін көбінесе тамаққа жараған, ет, сүт, айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік т.б. осы сиырдың берген берекесі болған. Сиырды кейде көшке де,егіске де пайдаланып отырған. Жалпы, қазақтар сиырды киімге жаратпаған, қонаққа сыйға тартпаған, тіпті түске кірсе де ауыртпалық деп жорыған, тіпті қазақта ебедейсіз, икемсіз әрі денелі адамды «сиырдай» деп, сөйлемейтін адамды «аузын буған өгіздей», «мыңқиған бұзау сияқты» деп мазақтайтын тіркестер қолданылады. Сиыры жоқ үй ас- ауқаты жұтаң үй болып есептелген. Сиырды жасына қарай: бұзау, торпақ, тана,тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа деп атаған. Түйе мен жылқыны,өгізді көлік ретінде пайлаланады, шанаға, арбаға. малға жегеді, салт та мінеді.

    • Қой - төрт түлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі десе де болады. «Қойдың сүті корғасын, қойды құртқан оңбасын» дейтін қазақтың қой өсіруге ынта-ықыласы мол-ақ. Ешкі де қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандыктан, қадірлі. Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Ешкінің бүкіл отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін өзіндік ерекшелігі бар. Дегенмен ешкіні қонаққа соймайды. Ешкіні жасына қарай: лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп бөледі.

  1. Ырымшыл казақтар өзі қадірлейтін төрт түлік малдың басын басқаға бермеген, онда мал көбеймей қалады деп есептеген. Еңбекқор қазақ халқы мал өнімдерін өте орынды пайдаланып отырған. Шаруашылықта қолданылатын заттар - жылқының жалынан, құйрығынан жасалатын арқан, сиыр мүйізінен жасалатын тарақ, қой жүнінен жасалатын киіз, текемет, тоқылған сырт киім, түйе жүнінен тоқылған шекпен т.б. аса жоғары бағаланған. Тіпті түйенін шудасын да қайнатып, емге пайдаланған. Мал осындай аса құнды болғандықтан, қазақтар өз перзенттерін де «құлыным, қозым, қошақаным ботам» деп, айналып-толғанып, еркелетіп отырған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет