Қазақ тілі тест сұрақтары (ҰБТ-ға дайындық )
2-нұсқа
1. Қазақ тiлiнде неше дыбыс бар?
А) 38 В) 42 С) 36 D) 12 Е) 26
2.Үндi дауыссыздар қатарын табыңыз.
А) з,қ,к,л,м B) а,о,ы,i,у C) л,м,н,й,у D) п,б,т,с,ш Е) д,г,ғ,з,в
3. Дыбыстық өзгерiске ұшырап бiрiккен сөздi көрсетiңiз.
А) Алатау B) Жаңатас C) Бүгiн D) Сезiмтал Е) Екiбастұз
4. Синоним сөздердiң тiзбегiн табыңыз.
А) Нәрсе, киiм B) Теңдiк, құлдық C) Салқын, ыстық D) Халық, ел Е) Тарих, қоғам
5. Омоним болатын сөз қайсы?
А) Бүкiл B) Анда-санда C) Қыс D) Жеңеше Е) әрине
6.Сiлтеу есiмдiгiн табыңыз.
А) Он, алтау, бесеу B) Тақ, жүз, оқы C) Үйде, кеште, ерте
D) Анау, мынада, осы Е) Бүгiн, ертең, кеше
7.Септеулiк шылаумен байланысып тұрған тiркестi көрсетiңiз.
А) Жиналыстан кейiн B) Қазбектiң жоспары C) Қамысты көл
D) Туыс адам Е) Орта мектеп
8. Негiзгi сын есiмдi көрсетiңiз.
А) Ақылды, арлы B) Жазған, оқыр C) Ана, мына
D) Белсендi, еңбекқор Е) Ақ, қоңыр
9. Бiтеу буыннан тұратын сөздер қатарын табыңыз.
А) Ақ, ар B) Тазала, оқы C) Заң, тау D) Ас, қал Е) Дос, тарақ
10. Антоним кездесетiн сөйлемдi көрсетiңiз.
А) Ақ қағазды ермек қылайын B) Адамды заман билейдi.
C) Ырыс алды ынтымақ D) Жақсы мен жаманның арасы жер мен көктей
Е) Дос жылатып айтады.
11. Омоним сөздер қатарын табыңыз.
А) Тартпа, көршi, бөлме B) Табиғат, тау, дала C) Қант, май, шай D) Кел, ал, бер
12. Еркiн сөз тiркесiн көрсетiңiз.
А) Су жүрек B) Қас пен көздiң арасы C) Тас бауыр
D) Төбе шашы тiк тұрды Е) Түйме қадау
13.Үндестiк заңына бағынбай тұрған сөздi көрсетiңiз.
А) Қонақжай B) Ақылды C) Бөлме D) өнерпаз Е) Балалар
14. Тәуелдiк тұлғадағы есiмдiктер қатарын көрсетiңiз.
А) Ауылым, жаным, жасым B) әкесi, ағасы, үйi C) әркiм, бiреу, ешкiм
D) Менiкi, сенiкi, сiздiкi Е) гүлдің, топырақтың
15. Қай қатардағы сөздер үндестiк заңына бағынбайды?
А) Қазақтар, татарлар В) Апарады, танысу С) Есiмiм, әсем
D) Дүйсенбiде, жұманың Е) Еңбекқор, кiтапты
16. Қай дауыссыз дыбыс сөздiң cоңында кездеспейдi?
А) П В) Қ С) С D) Ғ Е) Т
17. Түбiр сөздер тобын табыңыз.
А) доcтық, ғылыми, бөлiмде В) сары, жүрек, бала С) аударған, оған, бiлiктi
D) тiлегiм, сезiм, көңiлi Е) бала, балалық,балақай
18. Жiктеу есiмдiктерi қатарын белгiлеңiз.
А) ешкiм, мынау, соған, мынаған В) барлық, осы, ешқашан, мынау
С) бiздiкi, менде, сенiң, оларға D) түгел, бұны, соның, барша Е) күллісі, ешкім, бәрі
19. Тәуелдiк жалғаулы сөздер қатарын белгiлеңiз.
А) бiлiм, ғалым, ғылым В) әлем, сөйлем, сәлем С) қалам, ойың, інісі
D) жүзiм, әсем, киiм Е) дүниені, қалаларға
20. Септеуліктерді көрсетіңіз.
А. немесе В. дейін С. керек Д. бірақ Е. ғана
21.Көсемшенің жұрнағы жалғанған сөзді көрсетіңіз.
А. барғалы В. барды С. барса Д. баршы Е. бару
22. Есімшенің жұрнағы бар сөзді көрсетіңіз.
А. барғалы В. барды С. барса Д. барған Е. бару
23. Мына сөйлемдегі одағай қандай көңіл-күйді білдіріп тұр:
Алақай, бүгін қаладан ағам келеді!
А. өкініш В. қуаныш С. күйзеліс Д. реніш Е. таңданыс
24.Омоним болатын қатарды көрсетіңіз.
А) Жігер, күш. B) Сыр, шық. C) Терезе, есік. D) Оқтау, тұтқа. E) Түбір, түн.
25.Тұрақты тіркесті анықтаңыз.
А) Халық көп жиылды. B) Ойын басталмай-ақ жұрт қымызға бас қойып жатыр.
C) Хорымыз жамырап жақсы шықпады. D) Сауыққа өз әлімізше жақсы даярланғанбыз.
E) Әмірқан шығысымен шапалақ шартылдады.
Достарыңызбен бөлісу: |