Қазақ тілі тест сұрақтары (ҰБТ-ға дайындық )
3-нұсқа
1. Тұрақты тіркесті анықтаңыз.
А) Немересі алдындағы асын тауысып ішті. B) Таяуда әкемізге ас береміз.
C) Ас дайындау – сенің міндетің. D) Ас алдында жеңіл сусын пайдалы.
E) Бұл дәмханада ыстық ас берілмейді екен.
2.Диалект сөзді табыңыз.
А) Қуырдақ. B) Қамыр. С) Табақ. D) Кәсе. E) Қазан.
3. Кәсіби сөзді табыңыз.
А) Жапырақ, гүлдесте. B) Қоза, терімші. C) Өсімдік, жеміс-жидек.
D) Жүзім, құлпынай. E) Сәбіз, қарбыз.
4. Диалект сөзді табыңыз.
А) Нағашы. B) Құдағай. C) Бөле. D) Абысын. E) Құдаша.
5.Кәсіби сөзді қатарды табыңыз.
А) Қауын, қала. B) Есік, қақпа. C) Көзілдірік, дәрі-дәрмек.
D) Компьютер, монитор. E) Әңгелек, торлама.
6. Көнерген сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
А) Оңтүстікте қыс тез өтеді. B) Кәрі тарих – кәрі шежіре.
C) Болыс сайлауы болады деген лақап жұртқа тез тарады.
D) Үйдің іші ала-көлеңке. E) Біраздан кейін көзден біржола ғайып болды.
7.Дауысты дыбыстың жасалу ерекшелігін көрсетіңіз.
А) Дауыстап айтуға келетін дыбыстар.
B) Ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстар.
C) Ауа өкпеден кедергісіз шығып, үн мен қоса салдыры бар дыбыстар.
D) Салдырдан жасалған дыбыстар.
E) Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалған
8.Жуан және жіңішке дауыстылар араласып келген сөздерді табыңыз.
А) Найзағай, қолтаңба, дәулет. B) Ұшқын, жасын, сәуле. C) Тәлімгер, түлек, талап.
D) Ғарышкер, бапкер, Ақтөбе. E) Мөлдір, кәусәр, бұлақ.
9.Еріндік және езулік дауыстылар араласып келген сөздерді анықтаңыз.
А) Құштарлық, құлаш. B) Жарық, жаңалық. C) Тән, жан.
D) Жазылым, айтылым. E) Береке, бірлік.
10. Антоним кездесетiн сөйлемдi көрсетiңiз.
А) Ақ қағазды ермек қылайын B) Адамды заман билейдi.
C) Ырыс алды ынтымақ D) Жақсы мен жаманның арасы жер мен көктей
Е) Дос жылатып айтады.
11. Омоним сөздер қатарын табыңыз.
А) Тартпа, көршi, бөлме B) Табиғат, тау, дала C) Қант, май, шай D) Кел, ал, бер
12. Еркiн сөз тiркесiн көрсетiңiз.
А) Су жүрек B) Қас пен көздiң арасы C) Тас бауыр
D) Төбе шашы тiк тұрды Е) Түйме қадау
13.Үндестiк заңына бағынбай тұрған сөздi көрсетiңiз.
А) Қонақжай B) Ақылды C) Бөлме D) өнерпаз Е) Балалар
14. Көңіл-күй одағайын табыңыз.
А) Құру-құру. В) Тек. С) Жә. Д) Әттең. Е) Тәйт.
15. Синонимдік қатарды табыңыз.
А) Қабанбай, Ерасыл. В) Арлы-берлі, ойын-сауық. С) Жабайы, тым-тырақай.
Д) Ж үйрік, қара, қалың. Е) Әйгілі, атақты, белгілі.
16. Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.
А) Бір қарағанда-ақ біліп қойдым: бұл–Алматының және қала маңының картасы екен.
В) Қыздар тоғайға шие теруге кетті.
С) Бес-алты айда келді.
Д) Олкөпті көрген дана қарт.
Е) Анықтама ұқыпты жазылғанмен, қария оқи алмады.
17. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулығын көрсетіңіз.
А) Сонымен. В) Сондықтан. С) Да. Д) Бірақ . Е) Немесе.
18. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Шығарып салуға мен барайын немесе сен бар.
В) Биыл мектеп бітіремін және оқуға түсемін.
С) Оқуға түспеймін, өйткені жұмыс істеймін.
Д) Ол сабаққа кейде дайындалады, кейде дайындалмай келеді.
Е) Биыл мектеп бітіремін, бірақ оқуға түспеймін.
19. Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.
А) Оның музыкалық мәдениеті өте бай. В) Мен таңға дейін отырдым.
С) Олардың әндерін бәріміз тыңдаймыз. Д) Ол оқып жүр.
Е) Олар қаржыны да мол табады.
20.Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз.
А) Теңге үнемді сүйеді. В) Ақша-халық байлығы. С) Тиыннан теңге құралады.
Д) Теңге ұлттық-валюта. Е) Ақшаны үнемдей біл.
21.Жайылма сөйлемнің құрамын анықтаңыз.
А) Тұрлаулы мүшелер, тұрлаусыз мүшелер. В) Толықтауыш, пысықтауыш.
С) Бастауыш, анықтауыш. Д) Анықтауыш, баяндауыш. Е) Тұрлаулы мүшелер.
22. Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.
А) Ол кеш келді. В) Мектебің қайда орналасқан С) Туған жер қандай байтақ.
Д) Асқар бүгін ерте келді. Е) Ауылға ертең барамын.
23. Айтылу мақсатына қарай сөйлем түрін анықтаңыз.
А) Жалаң. В) Хабарлы. С) Атаулы. Д) Жақты. Е) Толымды.
24. Сөйлем түрін анықтаңыз. Мен бүгін мектепке келдім.
А) Атаулы В) Жақсыз С) Жақты Д) Құрмалас Е) Сұраулы
25. Анықтауышты сөйлемді табыңыз.
А) Болашағына сенеміз. В) Ол Отанын сүйеді. С) Тиыннан теңге құралады.
Д) Астанаға кеше келдім. Е) Ол өлең оқуға құмар.
Достарыңызбен бөлісу: |