Қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы қатысымдық тұрғыдан меңгертуде қазақ тілінің салалары өзара бірлікте қарыстырылады



бет14/24
Дата25.12.2016
өлшемі5,88 Mb.
#5277
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24

Кіріспе 3-4

I. 50-70 ж.ж Б.С.О (бастауыш сынып оқулықтары) мәтіндерінің

әрбір пән бойынша сөзбен қамтылу статистикасы 5-7

1.1. Б.С.О. мәтіндерінің әрбір пән бойынша қамтылуы 7-13



  1. 2. Б.С.О. мәтіндеріндегі лексика-граматикалық топтардың
    үлесі 13-17

  2. Оқулық мәтіндерінің жиілік құрылымының

ерекшеліктері 17-32

II. 1. Жиі қолданыстағы сөздер 32-56

II. 2. Сирек қолданыстағы сөздер 56-59

II. 3. Оқулық мәтіндеріндегі лексиканы реттеудің кейбір

мәселелері 59-62

Қорытынды 63-66

Пайдаланған әдебиеттер 67-69


3

Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз өз алдына отау тігіп, дербес те тәуелсіз мемелекет болғалы бері мемелекеттік тілде оқуға, оны жан-жақты зерттеуге айрықша көңіл бөлінуде. Соның бір айғағы-бастауыш мектеп оқулықтарының мәтіндерін лингвостатстикалық тұрғыдан зерттеу.

Лингвостатистикалық тұрғыдан зерттеу өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастау алады. Оның Қазақстанда және бүкіл түркі тілдес елдер әлемінде іргетасын қалаушы филология ғылымдарының докторы, профессор Бектаев Қалдыбайұлы. Содан бері тіл білімінің бұл саласы жекелеген авторлардың, публистиканың, ғылыми шығармалардың тілдерін зерттеп келді. Соңғы жылдары оқулық мәтіндерін зерттеуге мойын бұрды. Мұның себебі оқулық мәтіндерінде қанша аз қолданылғандығын оның қаншасы түбір, қаншасы қосымшалы түрде кездескендігін, ал қосымшалардың жалғау, жұрнақ түрінде сөзге жалғану аясы қаншалықты екендігін дәл білу керектігінде. Осыларды толық біліп алмай қалай беру керектігін, оларды мәтінде қалай пайдалану қажетілігін білу мүмкін емес. Сондықтан диплом жұмысы бұрын-соңды қолға алынбаған ең өзекті мәселеге арналып отыр.



Диплом жұмысының мақсаты - лингвостатистикалық зерттеу арқылы бастауыш мектеп оқулықтары мәтіндерінде қанша сөз қолданылғандығын анықтау.

Диплом жұмысының міндеті - лингвостатистикалық зерттеу нәтижесінде оқулық мәтіндерін әрбір пән бойынша

анықтау.


- Әрбір пәндерде қолданылған сөздердің лексика
граматикалық тобын айқындау;

- Оқулықтар мәтіндеріндегі жиі және сирек қолданылатын


сөздерді нақтылау.

Диплом жұмысының нәтижелерін теориялық тұрғыдан.

- оқулық мәтіндөгі сөз топтарын классификациялауда;

- оқулық құрастыру теориясын жасауда;
Практикалық тұрғыдан:

- оқулық құрастыруға мәтінді іріктеуде жәнё сол


мәтіндерге сөз таңдауда бастауыш мектепте қазақ тілі, ана
тілі, табиғаттану және математика пәндерін оқытуға
пайдалануға болады.

Диплом жұмысының зерттеу әдістөрі:

Диплом жұмысын орындау барысында дәстүрлі лингвостикалық және қоса, лингвостатистикалық, талдау, жинақтау әдістерінен пайдалынылады.



Диплом жұмысының зерттеу объектісі: Бастауыш мектеп оқулықтарының мәтіндері.

Диплом жұмысының құрылымы: Жұмыс кір спеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдалаған әдебиеттер тізімінен тұрады.

50-70 ж.ж БСО мәтіндерінің пән бойынша сөзбен қамтылу

статистикасы.




Оқулықтардың аты

Абсал

Жиілі







70-жылдардағы оқулықтар

Ғс/қ

Ғс/ф

Ғсөз

1.

Балалар әдебиеті

10000

25365

10077

2.

Әліппе, 1975

2536

1588

992

3.

Қазақтілі (1 сынып 1972)

8910

2867

1454

4.

Ана тілі (1 сынып 1672)

11865

5081

2236

5.

Математика (1 сынып 1972)

17399

2443

1044

6.

Қазақтілі (2 сынып 1973)

13993

4649

1926

7.

Ана тілі (2 сынып 1973)

42777

13561

5632

8.

Математика (2 сынып 1972)

22425

3394

1221

9

Табиғаттану )2 сынып 1972)

14289

5265

2332

10

Қазақ тілі (3 сынып 1972)

20857

6076

2730

11

Ана тілі (3 сынып 1975)

51462

15360

7495

50 жылдардағы оқулықтар

12

Қазақтілі (1 сынып 1953)

6314

2480

1024

13

Арифметика (1 сынып 1959)

7391

2080

721

14

Ана тілі (1 сынып 1957)

10680

3814

1381

15

Қазақтілі (2 сынып 1952)

8035

3794

1638

16

Арифметика (2 сынып 1958)

11058

2822

827

17

Ана тілі (2 сынып 1953)

25032

6269

3748

18

Казак тілі (3 сынып 19511

12524

5219

2009

19

Арифметика (3 сынып 1959)

13021

3028

915

20

Ана тілі (3 сынып 1953)

47509

9131

4092

50 және 1970-2000 жылдардағы БСО мәтіңцері мен БӘ әр түрлі көлемдегі сөздер мен сөз формаларының және сөз қолданыстарының шамасын аңғартады. 50 жылдардағы оқулық мәтіндерінде 1970-2000 жылдардағы мәтіндерге қарағанда сөздер мен сөз қолданыстар және сөз формалары аз қолданылған. Бұдан байқайтынымыз, таңдама көлемі улғайған сайын, мәтіннің сөзбен қамтылу коэфиценті де өсіп отырады. Агглютинативті тілдерді әдетте бұл коэфицент 90% шамасында болады.

6

1-кестеге қатысты деректерге келсек, 50 және 70 жылдардағы БСО мәтіндерінің әрбір сыныпқа қатысты пәндері бойынша сөз, сөз формасы мен сөз қолдансытарымен қамтылуының көрсеткіштері беріледі. Мұндағы әрбір сыныптағы пәндер арасында лексикалық тұлғалармен қамтылуы жағынан 50 және 70 жылдар оқулықтары арасында айтарлықтай айырмашылықтарды көреміз.



Мысалы, 50 жылдардағы 1 сыныпқа арналған "Қазақ тілі" оқулығының 1024 сөз формасы мен 6314 қолданысқа ал 70 жылдардағы 1 сыныпқа арналған "Қазақ тілі" оқулығының 1454 сөз, 2867 сөз формасы мен 8910 сөз қолданысқа тең екендігі байқалды. Бұл айырмашылық 70 жылдардағы оқулықтардың 50 жылдармен салыстырғанда ғылыми танымдық және оқу әдістемелік мазмұнының ғылымдағы соңғы жаңалықтармен толығып, оқулық мәтіндерінің құрылымы күрделене түсіуінің нәтижесі екендігін көрсетіп отыр. Қарастырылып отырған 50 жылдардағы оқулықтардың лексика - граматикалық топтармен қамтылуындағы мына кестеде пайыздық көрсеткіштермен беріледі.

50 ж. БСО мәтіндөріндегі лексика граматикалық топтардың қамтитын үлесі.




Сөз таптары

Шарт.белгі.

Пайызы (%)

1

Зат есімдер

3

36,61




А) жануарлар аты

9

0,014




ә) Шығармалар аты

6

0,0086




Б) географиялық атаулар

7

0,73




В) Адам аты

2

1,8




Г) ру,тайпа,ұлттардың аты

8

0,17




Ғ)мәдени-ағарту мекемелерінің аты

5

0,0016




Д) қысқарған сөздер

4

0,035




Е) көмекші есімдер

К

0,6

2

Сын есім

С

6,56

3

Сан есім

a

3,95

4

Үстеу

У

2,14

5

Есімдік

М

10,20

6

Етістік

е

30,16

7

Шылау

Ш

4,95

8

Әртарап, бейтарап сөздер

Д

1,60

9

Еліктеу сөздер

л

0,14

10

Одағай

О

0,26

Өзге таптарына қарағанда қолданылуы жөнінен жоғары пайыздық көрсеткішке ие зат есімдердің ішінен жалқы есімдерді бірнеше топтарға бөле отырып, шартты белгілермен көрсету барысында анықталған - 50 жылдар оқулықтарыкдағы барлық сөз қолданыстардың 0,8% - ын адам аттары, 0,73 %- ын географиялық атаулар, 0,17%-ын ру, тайпа ұлттардың аты, ал ең аз пайыздық көрсеткішті (0,0016%) мәдени-ағарту орындарының аты қамтиды екен. Көптеген статистикалық зерттеулердің нысанында қамтыла бермейтін зат есімдердің бір тобы-жалқы есімдер белгілі бір пәндік - тақырыптың мазмұнымен ғылыми - әдіснамалық ауқымға қатысты болғандықтан, олардың оқулықтарда белгілі бір дәрежеде қамтылуы міндетті.

1.1. БСО мәтіндерін әрбір пән бойынша қамтылуы.

50 ж мектеп оқулықтарындағы сөз таптарының сыныптар бойынша сөзбен және сөз формаларымен қамтылуы.



қ/с

Сөз таптары

1 сынып Ғ1

2 сынып Ғ2

3 сынып ҒЗ

1

Зат есім

8483

16412

49495

2

Етістік

7869

13756

34475

3

Сын есім

1616

3085

7501

4

Шылау

1382

1958

5872

5

Есімдік

3077

5240

10664

6

Үстеу

502

1348

2144

7

Сан есім

961

1342

5046

8

Модаль сөз

453

618

1909

9

Еліктеу сөз

12

100

150

10

Одағай

26

263

193

Бірақ осы есімдердің де баланың таным түсінігін арттырып, ұғымдық ой қорыту қабілетін дамытатынын ескере бермейміз. Оқулық мәтіндерінің құрастырылуында ескерілетін мәселенің тағы бірі дерексіз ұғымдағы зат есімдер мен нақты мәнді сөздердің ара қатынасы «10-ға бір», яғни он нақты сөзге 1 дерексіз мәнді сөз тура келуі дұрыс деп қарастырылатынына сүйеніп отырып, бұл реттіліктің 50 жылдардағы оқулықтарда сақталғандығы анықталды. Енді осы оқулық мәтіндеріндегі сөз топтарының ара салмағын олардың қолданысы бойынша анықтайтын болсақ, жоғарыдағыдай көріністі байқаймыз.

Сыныптар бойынша алғандағы сөз қолданыстарды салыстыру барысында анықталғаны - зат есімдердің үлес салмағы өзге сөз топтарына қарағанда жоғары деңгейді көрсетеді (1 сыныпта 8483 с.қ, 2 сыныпта 16412 с.қ, 3 сыныпта 49495 с.қ). Өйткені, зат есімдер тілдегі өзге сөздердің барлығына әрі ұйытқы, әрі өзек болып қызмет атқарады. А.Жұбанов өз еңбегінде қазақ мәтіндерін



9

тудырушы сөз топтарының бірі ретінде олардың 70-тен аса семантикалық топтарға бөледі. Ал осы 50 жылдардағы сөз таптарының қолданысын 70 жылдардағы оқулықтармен және БӘ салыстыру барысында төмендегінше көріністі байқаймыз.

Оқулықта грамматикалық, лексикалық, орфорафиялық ережелер мен талдаулар және тіл дамыту жұмыстары кейде аралас-құралас, кейде сатылы түрде жүргізуе ыңғайланған. Жеке тақырып бойынша бірнеше параграфқа лайықтап программада көрсетілген материалдарда баланың қабылдау қабілетіне, жас ерекшеліктеріне лайықтап баяндағанда, бала тек даяр қағидаларды жаттасын демейміз. Қаншама түсінікті етіп, тәптіштеп айтқан қағидаларымыз баланың байқау, салыстыру, қорыту сияқты өзіндік әрекеттерімен ұштаспаса, көздеген мақсатқа жете алмаймыз. Қазақ тілі сабағын оқытқанда, оқушы тек тыңдаушы, айтқанды, оқулықтағыны жаттаушы болмау керек, баянды білімнің белсенді, ойшылы болу керек. Баланы әрдайым соған жетектей отырып, керекті қағидаларды түсіндіргенде, ондай білім баланың бойына құт болады. Бұл жұмыстың тәртібі, әдісі мұғалімнің шеберлігіне қарай әртүрлі нәтиже беруі мүмкін. Қалайда бұл оқулықты пайдаланып, қазақ тілін оқытушы мұғалім осы талапты естен шығармауы керек.

Оқулықта жүйелі білім беру жұмысы тиісті ережелерден басталмайды, сол ереже, түсініктерге қарай жетектейтін тілдік материалдардан басталады. Оқушы жаттығуларда берілген дидактикалық материалдарды ұғына, тапсырмаларды



10

орындай келе, солардан өздері қорытынды шығаратындай кезең басталғанда, жинақталған ережелер берілді. Сонда олар тосыннан айтылған қағидалар болмай, өздеріне бурыннан түсінікті, өздері-ақ қорыта алатындай, бірақ қорытуға шамасы келмейтін жайттар болмақ. Ондайға оқушылар тез түсінеді, содан әрі қарай сол түсінгендерін баянды ету үшін тағы да бірнеше жаттығу материалдары беріледі. Сондықтан грамматикалық, орфографиялық, нормаларды бағаға білдіру үшін әдетте жаттығу материалдарын оларға тірек етеміз. Ол түсінікті. Тілден беретін білім балаға әдепкіде бытыраңқы, шашыраңқы болып көрінеді. Оның себебі - грамматикалық, орфографиялық ережелер белгілі нақты сөздер, тұлғалар негізінде емес, абстракцияланған көптеген фактілерді қорыту негізінде жасалады. Баланы соған жетектеу үшін көптеген байқау, жаттығу жұмыстары жүргізілуге тиіс. Ол жұмыстардың сипаты әр параграфта берілетін білім көлемінің ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Қалайда жаттығуға, байқау тіл дамытуға берілетін материалдар барынша сапалы болғаны жөн.

Тіл сабақтарын оқытудың дидактикалық материалдары ана тілінің әдеби үлгілері болуға тиіс. Тілдік материалға негізделмеген сабақ алыстағы бұлдыр сағым сияқты, ол көңілге қонымсыз күңгірт қалпында қалып қояды. Сондықтан қазақ тілінен мектепте сабақ оқытудың аса жауапты кезеңі оқушыға жаттығу, талдау материалдарын таңдау талғаудан

11

басталады. Жаттығу материалдарын таңцауда үш түрлі талап қойылады.

Біріншіден, жаттығу материалдары мазмұнды болуға тиіс. Материалдағы жеке дыбыстар, әріптер, буындар сөз ішінде, сөздер сөз тіркесі, сөйлем ішінде алып талданады. Солар үшін алынған мысалдар мен текстер «Ат шабады, ит қабады» сияқты ойдан шығарылған сөйлемдерден құралмай, мүмкін болғанынша көркем әдебиеттен алынған сөз, сөз тіркестері, сөйлем, үзінділер болуға тиіс. Алдымөн солардың ұстамды, мазмұны дұрыс болу жағын ойлауға тиіспіз. Қалайда олар балаларға дұрыс тәрбие беру нысанасынан қаралу керек. Оқулықта осы тұрғыдан берілген материалдар жеткіліксіз болса, әрине оларды пайдалануға болады. Бірақ сол материалға қойылатын басты талғам тілегі оның тәрбиелік мәнінде екі елі естен шықпау керек. Материалдық тәрбиелік мәні әртүрлі: Отанды сүюге, еңбек етуге, табиғатты тануға, мәдениеттіліке, коллектившілдікке, үлкенді сыйлауға т.т. ыңғайланған. Тым болмаса онда эстетикалық - көркемдік тәрбие нысаны болу керек.

Екіншіден, әрбір мысал, үзінді, әңгіме, өлең, сөз, сөйлем тіл жағынан мұлтіксіз әдеби болсын. Сонда олар баланы әдеби тіл жүйесін игеруге, оның тілін дамытуға тірек бола алады. Мұндағы басты талап - балаға грамматикадан, орфографиядан . . . білім беру үстінде оның тіл мәдениетінде арттыру болуға тиіс. Сол үшін оқушылар диалектизимнен, дұрыс құралмаған жасанды мысалдардан аулақ болып, әдеби



12

тілдің жақсы үлілері бойынша, әдеби тілге тән басқа да мысалдар бойынша тәрбиеленеді. Жастарға арналған әдебиеттер көп те емес, олардың бәрінің бірдөй тіл мәдениеті жоғары бола бермейді. Сондықтан бастауыш мектеп оқушылары үшін солардың таңдамалары баланың жас мөлшеріне лайық, түсінікті, әдеби әрі мазмұнды болғаны жөн.

Үшіншіден, алынған жаттығу, тағы басқа материалдар құрамынан керекті сөздер, дыбыстар, әріптер, грамматикалық тұлғалар, сөйлемдер ... жиі кездесетін болсын. Жаттығу материалдарын таңдауда негізгі мақсат осы талап болғанымен алдыңғыларсыз бұның сапасын дұрыс бағалауға болмайды. Содықтан бір жаттығу материалында осы үшеуінің басы бір жерге түйісуі керек. Жаттығу, талдау, тіл дамыту материалдарының сапасы жақсы болса, қазақ тілін оқытудағы мақсаттың дұрыс орындалуына қолайлы жағдай жасалады.

Қазақ тілін бастауыш мектепте оқулықтағы жаттығу материалдарының сапалы болуына ерекше назар аударатын себебіміз екі түрлі: біріншіден онда қазақ тілі теориялық курс ретінде емес, негізінде практикалық сабақ ретінде оқытылады. Сондай практикалық жұмыстардың тірегі де, мөлшерлі білім көркемін баянды ететін де «жаттығу» деген атпен беріледі; екіншіден, программа бойынша бастауыш мектепте қазақ тілі: 1 «сауат ашу мен тіл дамыту», 2 «Оқу мен тіл дамыту», 3 «Граматика, емле және тіл дамыту» деген тарауларға бөлінеді. «Тіл дамыту» мұнда басқаларымен қатар жүріп отырады. Программада бұлардың әрқайсысына



13

жәнө жеке тақырыпқа, мысалы тіл дамытуға, бөлөк сағат мөлшері көрсетілген. Соған қарап тіл дамытуды өзгелерден бөлек өту керек деп түсінбейміз.

Жаттығу материалдарына қойылатын басты талаптарға мыналар да енеді: олар оқушылардың жас ерекшеліктеріне, түсіну қабілетіне сай, балаларға қызықты, тартымды, оларға ой салатындай болуға тиіс. Ондай жаттығуларды оқушылар өздігінен орындауға тез дағдыланады.

Оқулықты пайдаланушы мұғалімдер программада көрсетілген білім мөлшерін 8-9 жасар балаға білдіргенде әрдайым олардың ой-өрісін кеңейту, қабылдау қабілетін арттыру, тіл байлығын молайту, саналы білім, берік дағды алуын көздеу керек. Ол үшін дайын ережелерді, жеке тұлғаларды жаттатып, соларды еске түсіретіндей ғана жұмыс жүргізбей, мүмкін болғанынша, грамматикалық, фонетикалық, орфографиялық, қағидаларды айқындауға оқушыларды белсене қатыстыру, талдау, қорыту жұмыстарына жетектеу керек. Оқулықтың құрылысы талапқа ыңғайланған. Онда әр праграф ережеден басталмайды, жаттығудан басталады.



І.2. БСО мәтіндеріндегі лексика граматикалық топтардың үлесі.

50 жылдардағы 1 сыныпқа арналған "Қазақтілі" оқулығының 1024 сөз, 2480 сөз формасы мен 6314 сөз қолданысқа, ал 70 жылдардағы 1 сыныпқа арналған "Қазақ



14

тілі" оқулығының 1454 сөз 2867 сөз формасы мен 8910 сөз қолданысқа тең екендігі байқалады. Бұл айырмашылық 70 жылдардағы оқулықтардың 50 жылдармен салыстырғанда ғылымитанымдық және оқу-әдістемелік мазмұнның ғылымдағы соңғы жаңалықтармен толығып, оқулық мәтіндерінің құрылымы күрделене түсуінің нәтижесі екендігі кейінгі тарауларда толығырақ сипатталды. Қарастырылып отырған 50 жылдардағы оқулықтардың лексика-граматикалық топтармен қамтылуындағы ерекшеліктер 2-кестеде пайыздың көрсеткіштерімен берілген.



Өзге сөз топтарына қарағанда қолдалынуы жөнінен жоғары пайыздың көрсеткішке ие зат есімдердің ішіне жалқы есімдерді бірнеше топтарға бөле отырып, шартты белгілермен көрсету барысында анықталғаны 50 жылдардағы оқулықтардағы барлық сөз қолданыстардың 0,8%-ын адам аттары,0,73%-ын географиялық атаулар, 0,17%-ын ру, тайпаі, ұлттардың аты ол ең аз пайыздың көрскткішті (0,0016%)


мәдени-ағарту орындарының аты қамтиды екен.

50-70 ж.ж. БСО мен БӘ мәтіндеріндөгі сөз таптарының статистикасы

Сөз таптары

50 ж БСО (% )

70 ж БСО (% )

БӘ%





Зс





Зс




1. Затесім

34.8

37.19

42,14

38.84

39,42

42.46

37.7

2. Етістік

32,2

31,17

29,35

28,17

28,91

17,65

35,8

3. Сын есім

6,62

6.99

6.38

6,630

7.22

8.09

7.00

4. Шылау

5,67

4,43

5,00

5,67

4,46

5,00

394

5. Есімдік

12,6

11,87

9,08

12,62

11,65

9,18

7,20

б.Үстеу

2.05

3.05

1.85

2.06

2,83

2.66

Л778

7. Сан есім

3,94

3.04

4,29

3,94

3.27

3,53

2,46

8.Модаль сөздер

1,86

1,39

1,62

1,86

1,40

1,54

1,37

Э.Еліктеу сөздер

0,04

00,22

0,12

0,05

0,34

0,13

0,18

10 Одағай

0.10

0.59

0.16

0,11

0,37

0,17

0,46

15

Мұнда 50 жылдардағы оқулықтар мен 70 жылдардағы оқулықтарда сыныптар бойынша алынғанда зат есімдердің алатын үлестік салмағы шамалас 50ж. БСО 1 сыныпта 34,87 процент 2 сыныпта 37,19 процент, 3 сыныпта 42,14 процент болса, 70ж. БСО 1 сыныпта 38,84%, 2сыныпта 39,42%, 3 сыныпта 42,46%) болып келсе, БӘ зат есімдердің пайыздық үлесі де соған жақын (37,7%). Сол сияқты өзге сөз таптарының қолданысы бойынша да салыстырылған мәтіндерде олардың алатын үлестік салмағы ұқсас екендігін көреміз. Мұның өзі БСО мәтіндік құрылымындағы тақырыптық-мазмұндық ұқсастығы ғана емес, сонымен бірге сөз таптарының қолдануындағы бөлгілі бір заңцылықты аңғартса керек. Бул тұжырымның нақтылығына 90 және 2000 жылдардағы оқулықтарды салыстру барысында көз жеткізуге болады.



1990-200 ж.ж. БСО мәтіндерінің лексика-граматикалық

топтармен қамтылуы

16


Сөз таптары

90ж

Ғс/қ

2000ж

Ғс/қ

І.Зат есім

39,14

88603

38,61

142457

2. Етістік

29,02

65694

29,1

107369

3. Сын есім

6,85

15507




27820

4. Шылау

5,63

12745

5,91

21843

5. Есімдік

11,16

25218

10,18

37561

6. Үстеу

2,86

6474

2,64

9741

7.Сан есім

3,4

7697

3,83

14131

8.Модаль сөздер

1,52

3441

1,6

5977

Э.Еліктеуші сөздер

0,16

362

0,2

886

10 Одағай

0,28

633

0,3

1180

Бұл келтірілген мәліметтерден 90-жәнене 2000 жылдардағы оқулықтардың мәтіндеріндегі сөз таптарының ара салмағы жоғарыда келтірілген деректерге ұқсас екендігін байқаймыз: 90 жылдардағы оқулықтарда зат есімдердің қолдануы 39,14% болса, 2000 жылдардағы оқулықтарда 38,61%. Сол сияқты етістіктердің қолдануын салыстыратын болсақ, 50 жылдардағы оқулықтарда олардың үлесі 30,16%шамасында (1 сыныпта 32,26%,2 сыкыпта 31,17% 3 сыныпта 29,35%) болса, 90 жылдарда 29,02% 2000 жылдарда 29,01%. Мұнда тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең граматикалық категория ретіндегі етістіктердің біз қарастырған оқулықтардағы қолданылуы әр жылдардағы оқулықтармен шамалас деңгейді көрсетеді. Бұл да біз қарастырған мәтіндердегі сөз таптарының қолданысындағы өзіндік сөз ерекшелік дер едік.

17

II. Оқулық мәтіндерінің жиілік құрылымының

ерекшеліктері.

Алдыңғы зерттеулер көрсеткендей мәтіндерінің статистикалық жағынан нақты бір жиіліктегі сөздермен қамтылуы зерттелініп отырған мәттіннің көлеміне байланысты. Статистикалық жағынан едәуір аз мағлұмат беретінсөздерді көлемі шағын оқулықтар береді. Жиілік сөздіктің бастапқы (едәуір жиі кездезсе) аумақтарында ақпарат көлемі онша болмайды. Өйткені бір ғана «ол» есімдігінің жиілігі 3609 (50ж БСО)

Зертелініп отырған оқулықтардағы мәтіндердің едәуір жиі кездесетін лексикалық единицалармен қамтыпуы өте төмен. 50 жылдар оқулықтарында 40,77%, 70 жылдар оқулықтарында 39,96% БСО 30,51% , 90ж оқулықтарында 40,28% , ал 2000 жыл оқулықтарында 40,13% .

Жиі қолданыстағы сөздердің статистикалық сипаттамасы.




Жиілік сөздіктер

Мәтін көлемі N

Түбір сөз L

Ғ>4

Пайыздық vneci fF>4 %)




Балалар әдебиеті

97260

11068

3376

30,51




50ж оқулықтары

185961

І0298

4199

40,77




70ж оқулықтары

241984

12281

4908

39,96




90ж оқулықтары

226374

12813

5162

40,28




2000ж оқулықтар

368965

13869

5566

40,13




Абай шығармалары

49819

6017

3877

64,43

Нақтылы бір жиіліктегі және бір нақты синтаксистік апараты бар түрлімөлшердегі сөздерді анықтау барысында, әр сыныпқа тиісті жиі кездесетін, яғни жиілігі Ғ>4 болатын мәтіннің 30-40%-ын қамтитын лексиалық бірліктерді таңдап



18

алдық. Енді осындай жиіліктегі сөздердің үзіндісін көрейік. Біздің ойымызша абсалютті жиілігі 4-ке тең немесе одан артық сөздердің әрбірі қайталана қолданылу нәтижесінде бала жадында ұзақ сақталады да, бұл сөздерді толық меңгереді деп айтуымызға болады. Мысалы, ағай Сөзі 50ж оқушылықтарында 36 рет, 70 ж оқулықтарында 40 рет, ал Б.Ә 60 рет қолданылған. Алайда мұндай сөздердің көптігі оқушыға берілетін ақпарат көлемінің азаюына жағдай туғызады. Демек, сөздердің қолдану жиілігі мен мәтіндердің ақпараттық қызметі арасында кері қатынас бар деп айта аламыз. Өйткені, оқушы бір ғана сөзді қайталай бермей, оның орнына мәтінде бурын кездеспеген жаңа мәнге ие сөздерді шеретін болса ғана оның танымдық көкжиегі кеңи түседі. Сонымен бірге мұндай сөздердің тек сандық тұрғыда ғана емес, сапалық тұрғыда меңгерілуін, яғни оқушының белсенді сөздік қорына болуын да ескерген жөн.

Сонда ғана олардың тіл байлығы молайып, білім дәрежесі артады. Өйткені сездің лексикалық мағыналары талай рет қайталана қолданылуы нәтижесінде санамызға сіңіп қалыптасады. Мұнда олар сол сөз берілетін зат, не құбылыс тың белгілі бір қасиеттеріне негізделіп, ол сөз аталғанда Санамызда сол қасиеттер мағынаның басты көрсеткіштері, яғни мәндері ретінде көрінеді. Енді қарастырған оқулықтардағы жиі қолданысқа ие сәздерге назар аударсақ, салыстырылушы мәтіндер арасында сөздердің қолданылымдағы мынандай ерекшіліктерді

19

аңғарамыз:



Жалпы жиілігі Ғ>4 болатын 50-70 жылдардағы 1-3 сынып оқулықтарының жиілік сөздігінен көрініс.




Сөз(жиілігі Ғ>4)

БСО мәтіндері

БӘ

Ғі(50ж)

Ғі(70ж)

Ғі 60-70 ж.

1

ағай-з

36

40

60

2

ағайынды-с

9

8

6

3

ағар-е

9

8

5

4

ағыз-е

10

15

5

5

адам -з

529

673

289

6

адас-е

21

10

9

7

аз-д

120

136

48

8

азық-з

55

39

4

9

ақық-түлік-з

8

10

2

10

аида-е

39

29

32

11

айдын-з

32

27

112

12

айқайла-е

46

36

3

13

айкас-з

19

14

11

14

айна-з

6

11

13

15

айнадай-с

5

6




16

айналдыр-е

43

28

9

17

айрыл-е

19

21

20

18

ақтер-е

4

5

11

19

ақыл-з

23

62




20

алайда-ш

32

10




21

ар-з

11

13

4

22

араба-з

47

17




23

аса-ү

43

9




Әр түрлі тілдердің жиілік сөздіктерін салыстыра отырып.зерттеу нәтежесінде мынаған көзіміз жетті: түрлі тілдері мәтіндеріндегі сирек қолданылатын бірліктердің негізгі бөлігінің жиілігі 1және 2-ге төң болатындай сөздерді қамтиды. Мәтіннің көлемі ұлғайған сайын, мұндай сөздердің де абсолютті шамасы артқанымен, түрлі тілдердегі олардың жиынтық қатынасты жиілігі 0,60% шамасында болады. Сонымен бірге аз қолданыстағы сөздердің молдығы, жазушы,

20

немесе ақын тілінің байлығы немесе оның өзіндік ерекшелігін көрсетеді деп есептелінеді. Бірақ бұл тұжырым таңдама әдісі арқылы алынған мәтіндердің көлемі бірдей болған жағдайда ғана дұрыс деп тануымыз керек. Салыстырылып отырған 1950-2000 жылдардағы оқулық мәтіндері мен БӘ. сонымен бірге орыс тіліндегі жиілік сөздіктер және Абай шығармаларынан байқайтынымыз таңдама көлем ұлғайған сайын, аз кездесетін сөздердің үлесі азаяды.

Егер БСО мәтіндерінің жиілік сөздігін бірнеше аумақтарға: бірінші аумаққа алғашқы 100-ге дейінгі, екінші аумаққа 500-ге дейінгі, үшінші аумаққа 1000-ға дейінгі, төртінші аумаққа 2000-ға дейінгі, бесінші аумаққа алғашқы 3000-ға дейінгі жиі кездесетін лексикалық бірліктерді бөлсек, онда әр жылдардағы оқулық мәтіндері мен жиілік сөздіктерінің әрбір аумаққа қатысты сөзбен қамтылу ерекшеліктерін талдау барысында мынадай нәтижелерді аламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет