16.Демеуліктер, жалғаулықтар, септеуліктер бір сөз тіркесімен қалай аталады?
а. Шылау сөздер ә. Еліктеу сөздер б. Одағай сөздер в. Сөз тіркестері
17.Көп мағыналы сөзді тап.
а. Жас ә. Жыл б. Балық в. Үй
18 Қос сөздің арасына қандай тыныс белгісі қойылады?
а. Үтір ә. Сызықша б. Үтірлі нүкте в. Қос нүкте
19.Күрделі зат есімді тап.
а. Үйшік ә. Ауыл б. Балмұздақ в. Шалқар
20.Тиісті есімдікті қой: ........ үйге қайттық.
а. Олар ә. Сендер б. Біз в. Мен
21.Сын есім және зат есім байланысқан сөз тіркесін тап.
а. Менің кітабым ә. Көшемен жүру б. Үйдің іші в. Қадірлі қонақ
22.Тәуелді жалғаулы зат есімді тап.
а. Менімен ә. Оған б. Баласымен в. Үйден
23. Жекіру одағайларды тап.
а. шөре- шөре, ауқау – ауқау ә. Жә, жетер, әй б. кә -кә, көс- көс в. пай –пай, бәрекелді
Достарыңызбен бөлісу: |