Қазақ тілінен емтихан билеттері Қазақ тілінен ашық сабақтар №1-билет


Тыныс белгісін қой, қандай сөйлем, сөйлем мүшелеріне талда



бет5/9
Дата29.04.2022
өлшемі99,43 Kb.
#141326
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
қазақ тілі
Aleumettanu , жұмбақ, Ұстаз, тобылғы Али Азамат1, 8-ñûíûï ?àçà? ò³ë³ ï?í³ áæá 4-òî?ñàí áîéûíøà æèûíòû? áà?àëàó?à à
11.Тыныс белгісін қой, қандай сөйлем, сөйлем мүшелеріне талда
Мағжан 7 жасында Рабғузидің «Қисса-ул-әнбиа» кітабын оқыды да күллі пайғамбарлардың өмірін жаттап алды. Ақынға «Халық жауы» деген қара таңба басылды алайда 50 жылдан кейін ұрпағымен қайта қауышты.
12.Тыныс белгісін қой, қандай сөйлем, сөйлем мүшесіне талда
Бақтығұл ауру інісін алып кетуге мәжбүр болды неге десеңіз Сәлмен бай оларды өз аулынан қуды. Бие көпке шейін бұғалық тартты қыл шылбырды дәлдеп салған Бақтығұл оны босатпады.

  1. Тыныс белгісін қой, қандай сөйлем, сөз табына талда

Бұл өмірде Тортайдың сүйетін екі нәрсесі бар бірі күндіз-түні кітап оқу екіншісі тау басына шығу. Мен бұл арада үндемедім үндеуді қажет те көрмедім.

  1. Тыныс белгісін қой, қандай сөйлем, сөйлем мүшесіне талда

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас қардың суы секілді тез суалар. Кезек-кезек шелекті не машинамен айналдырып шығарады не атпен айналдыра тартып шығарады.

  1. Сөздерді құрамына қарай бөлектеп, ерекшелігін айт

Қара торы қыз, кетіп қалды, тісін қайрады, ашық ауыз адам, жүз жиырма бес, су жүрек,
он бес оқушы, жұмған аузын ашпау, күзге қарай, қара көк, қоңыр ала сиыр, өлеңді айта алмады.

  1. Сөздерді байланысу түрлеріне қарай талда

Үлкен терезе, мерекеге дайындық, халықтың қазынасы, бүгін жолығу, тауға дейін барды, шикілей жеді, машинамен келді, Асан оқыды, сұрғылт бұлт, үйдің терезесі, балаша қуану, баланы тәрбиелеу.
17.Тыныс белгісін қой, сөйлем мүшесіне талда
Боранға ұшыраған мал мен жан Абайға үлкен ой салды. Ол салмақты ауыр мінезді үндемейтін бала еді. Мына өзендер Іле Қаратал Ақсу Лепсі Балқаш көліне құяды. Сәкен Бейімбет Ілияс үшеуі туған әдебиетіміздің бәйтерегі.

  1. Тыныс белгісін қой, қандай сөйлем, сөйлем мүшелеріне талда

Жуан-жуандар ондай құрбан құлдардың басына кепеш кигізіп айуан азаппен ақыл-есінен айрыпы өле-өлгенше мал соңына салған. Сарыөзектен баласын іздемек болып ана үйден шыққанда ауыл түгел ұйқыда жатыр еді.

  1. Тыныс белгісін қой, қандай сөздер екенін анықта

Сірә сорлы жоқ шығар менен өткен,
Дүние-ау сен осындай керемет пе ең
Ақ төсек-аппақ айдын, аққу-бала
Жаралы аққу секілді жаттың ба ана

  1. Дыбыс үндестігінің заңына сәйкес ықпал түрлеріне талда

Қара ағаш, келе гөр, қашса, жазсын, көк гүл, Жанболат, көп бала, сөзсіз, ала көз, ішсе, қақ алды, сегіз қанат, қақ бөлу, ақ ешкі келе ме екен, қас жау, жан бағу.

  1. Буын үндестігі заңына сәйкес сөздерге талдау жаса

Балалар, кілемге, күрекпен, өсімтал, балгер, зиянкес, боталы, кітап, кино, малшы, Әуезов, әсемпаз, кінәлау, тарихқа, емхана, тақтамен, алай-түлей




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет