Жоспар: І Кіріспе Қоғам қасіреті ІІ Негізгі бөлім
Зиянды әдеттің зардабы
Сүрініп кетіп, бүлініп жүрген тағдырлар ІІІ Қорытынды
Есірткіні түп-тамырымен жояйық
Нашақорлық-бүкіл қоғамның қасіреті,болашаққа қауіп төндіріп тұрған індет.Есірткімен қызықсыз өмір сүргенше,болашақ құрып,бақытты өмір сүрген артық.Өмір адамға бір рет беріледі.Нашақорлық адамның, біріншіден, өмір інің қызықсыз өтуіне себеп болады,екіншіден, адамның денсаулығын бұзады.Есірткі тән саулығын зақымдап,өмір жасын қысқартады.Қылмысқа апарады және түрлі аурулар туғызады. Есірткі қолданған ерлі –зайыптылардың балалары кемтар болып туылады.
Қазіргі күні осы бір жаман індеттен көптеген ел қатты зардап шегуде. Ең алдымен, есірткінің әсерінен жер бетіндегі халықтың саны азаюда екенін түрлі ақпарат көздерінен естіп жүрміз. Келешек ұрпаққа ''Балаларымызды жақсы тәрбиелеп,нашақорлықтан,басқа да зиянды әдеттерден қорғап,халық санын көбейтуге үлес қосыңдар!'' дегім келеді. Нашақорлыққа, көбінесе, жастар бейім. Себебі олардың еліктегіш, аңқау сәттерін ақша тапқысы келетіндер жақсы пайдаланып, соған тәуелді ету жолын ойластырады. Көбінесе
олар ауқатты отбасы балаларын тұзаққа түсіруді қарастырады екен. Ал олардың құрбылары түрлі қоспаларды егіп көруді қызық көріп, өз өмірлерін өз қолдарымен құртуда. Сондықтан ондай жастарға әлі де өз өмірін қайта бастауға кеңес беріп, жас балаларға бейтаныс адамдармен байланыс жасамау кер ектігін үнемі айтып отырып, зиянды заттарды қолданбай, тек бос уақыттарын пайдалы іс-әрекетпен өткізуді насихаттау керек. Мұндай жұмыстар жасалып та жатыр , қазір оқушылар үшін де, жастар үшін де қызықты жұмыс түрлері, үйірмелер мен секциялар өте көп. Десек те, нашақорлықпен өмірін қор етіп жүр гендер де азаймай отыр.
Есірткінің ерекшелігі сол- адам оған бір-ақ рет дәмін татқаннан кейін әуес болып қалатын көрінеді. Міне,адамдардың нашақор болуының себептерінің бірі сонда жатыр.Танысы «бір рет дәмін татсаң немесе иіскесең,шексең, нашақор болмайсың, қазіргі қиындықтардың бәрін ұмытасың, жаның ләззат алады, тыныштықта боласың» деген арбау сөздерімен нашақорлық жолына тартады. Барлығы осылай басталып, ақыр соңында бір рет қате басқан адам екінші рет, бірнеше рет шалыс басып, қайтып шығар жолды таппай, адасады. Ұлы ақынымыз Мұқағалидың мына өлең жолдары ойыма оралып отыр:
Сүрініп кетпе, сүрініп кетсең болғаны
Дей бергін, достым, басыңа қырсық орнады. Адам дегеннің аяқ астынан сорлауы
Аңдамай кейде сүрініп кетсе болғаны.
Шындығына келсек, қандай қателікке де адам баласы өзі кінәлі. Десек те, нашақор жастарымызды «сен нашақорсың» дегенмен біздің елдігіміз не болмақ?! Алдын алған жақсы, бірақ нашақорлыққа түскендерді де емдеу, оңалту, айықтыру шараларын дамыту керек. Ең алдымен, олардың бәрін анықтап алу керек. Қазіргі күні әлеуметтік желілердің осы іске пайдасын тигізетінін ескеруіміз керек, басқаға айтпаған сырын олар сол жерде ашып айту арқылы өзіне жәрдем ала алса, одан әрі қайтадан сау адам қатарына қосылуына мүмкіндік болар еді. Себебі есірткіге құмарлық — ұзақ емдеуді қажет ететін ауру. Есірткіге құмарлықтан арылу үшін адам неғұрлым дәрігерге ертерек қаралса, соғұрлым тез жазылады. Ал кейбіреулер есірткімен заңсыз әрекет жасағандардың заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын біліп, қылмысынан бұрын есірткі пайдаланатынын жасыратын болар. Не дегенмен, есірткі заттарын тек қана медициналық қажеттілік бойынша және қатаң дәрігерлік бақылаумен белгіленген мөлшерде ғана қолдануға рұқсат етілгені дұрыс. Ол мөлшерден асып кеткен жағдайда, адам өміріне қауіп туады. Егер адам есірткіні жиі қолданса, оның ағзасы соған үйреніп кетеді. Сөйтіп ол адам есірткісіз өмір сүре алмайтындай жағдайға — нашақорлыққа душар болады.
Есірткіден айырғаннан кейін нашақор өзін жайсыз сезінеді. Психикалық жабырқау, өзін-өзі өлтіру амалдарындағы күйзеліс, не отыра алмайды, не жата
алмайды, өз денесін басқара алмай,қатты абыржуды бастан кешеді. Дәрігерлердің беретін сыртқы белгілері: нашақордың түрі бозарған және жүдеу,ішек-қарын жолында жайсыздық сезінеді, қанды іш өтуі де болуы ықтимал екен. Есірткі қолданудың көптеген түрлеріне жастың және сілекейдің ағуы, жөтел, тұмау және түшкіру тән. Сол сияқты асқа тәбеттің болмауы да кездеседі.
Сондықтан осындай белгілері бар адам көрсек, сенім телефоны ар қылы хабар беру керек. Осылайша, еліміз бен әлеміміздің тыныштығына қауіп төндіріп тұрған есірткіні түп-тамырымен жою үшін бар күшімізді салғанымыз жөн.