Иә, келесі жылы Жеңіске 70 жыл толғанын тойлаймыз. Осыдан 70 бұрын ата- бабаларымыз елімізді, жерімізді, халқымызды жанын салып қорғаған еді. Міне, қазір сол асқақ ерліктің арқасында бізге Алла бостандық сыйлады, елімізді тәуелсіз етті. Сол бостандықтың арқасында бейбіт өмір сүріп келеміз, бірақ халқымыз мұндай азаттықты сан ғасырлар бойы армандады емес пе?! Мен биыл мектепті бітіргелі жатырмын. Ата-бабаларымыздың асқақ арманы елін, жерін қорғап, халқына тыныштық сыйлау болған еді, менің де асқақ ар маным- халқыма және де сүйікті Отаныма халықаралық құқық саласында адал қызмет ету, сондай-ақ еліне пайдасы тиер азамат болу. Әрине, мақсатыма жету үшін көп білім алып, тер төгу керек. Сол үшін де мен мақсатыма жетудегі алғашқы қадамымды жасаудамын, яғни “Алтын белгі” үміткері ретінде 11 жыл алған білімімнің сапалы әрі терең екенін дәлелдемекпін. Халқымызда «Талпынған жетер мұратқа» деген керемет сөз бар. Әрбір адам алдына нақты мақсат қойып, сол жолда ерінбей еңбек етсе, шыдамдылық пен төзімділік таныта білсе, арманы алдамайды. Ауыз әдебиетіндегі ертегілерді шығарғанда халқымыз ұшатын кілем, сөйлейтін арғымақ сияқты құбылыстардың да күндердің күнінде адам еңбегін жеңілдететін, жақсылықты арттыратын, жамандықты қашыратын заттарға айналарына сенген. Ал сол кездегі қиялдан туғанның өзі шындыққа айналды емес пе?! Осылайша мен арман қууға, ғажайыптар әлеміне енуге қорықпау керек дер едім. Себебі Елбасымыз айтып көрсеткен 21-ғасырдың Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына мен де сенемін. Шынында да «Ол бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.»
Сондықтан Отаныма қызмет етуді борышым деп білемін. Қазақстанның алтын ғасырына аяқ басар тұста мектепті «Алтын Белгімен» бітіргелі отырғаным – Қазақстан дамуының алтын болашағына қосар үлесім.
Достарыңызбен бөлісу: |