Қазақ тілінен эссе жазудың ҚҰрылымы


Мақсат – жетістіктің желкені



бет30/55
Дата07.02.2022
өлшемі103,79 Kb.
#90017
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   55
Байланысты:
Эссе жинағы

Мақсат – жетістіктің желкені


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауынан алынған осы нақыл маған үлкен ой салды. Шынында да, орынды мақсаттар ғана жетістікке жеткізеді. Сол себепті мен болашақ мамандығым ретінде мұғалімдікті таңдадым.Осы арманыма жету үшін ҰБТ-ға аянбай дайындалып жатырмын.”Болашақ жастардың қолында”демекші,біз,жастар, болашақ үшін қадам басып, ата- бабаларымыз аманат етіп кеткен осындай кең-байтақ даланы көркейтіп, қорғауға, елімізге адал қызмет етуге міндеттіміз. Бұған дейін халқымыз көп қиындықты бастан кешіп, ең басты жетістік – тәуелсіздікке қол жеткізді. Халқымызға көп шығын әкелген сұрапыл соғыстың аяқталғанына келесі жылы 70 жыл толғалы отыр. Осынша жыл өтсе де, сұрапыл соғыссалған қайғы-қасірет әлі де санамыздан кетер емес. Ол – үлкен тарих. Тарих болғанда да, ер лік пен асқақ рухтың көрінісі. Төтеннен келген, тажалдай төнген сұм соғыс майдандағы жауынгерлер мен тылдағы тілекшілердің бәрін де сынға салды. Бірақ Әлия,Мәншүк,Нұркен Әбдіров сынды саңлақ ұлан-қыздары бар елдің отаншылдық сезімі орасан күш көрсетіп, жалғызынан айырылған аналардың көз жасы құрғады. Осы соғысқа менің атам да қатысып,елге аман-есен оралды.Отанына оралғаннан кейін талай жыл мемлекетке қызмет еткен.Балалық шағымда менің үлгі тұтар тұлғам болған атамның тілегі
«Еліміздің таңы тыныш атсын» еді.Ата-әжелерімнің қызықты әңгімелерін естіген мен де алдыма үлкен мақсат қойып, оған жету үшін елімнің аспанының ашық болуы мен дұшпанының қашық болуын қалаймын. Азғантай жетістіктерімнің желкеніндей болған сол бір мақсат мені осы күнге дейін жетелеп келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет