Қазақ тілінен эссе жазудың ҚҰрылымы


Қорытынды тақырып бойынша түйін. Қорытындыда жаңа ой енгізілмей,дәлел демелер бойынша түйін шығарады,шешу жолдарын көрсетеді. Эссе



бет36/55
Дата07.02.2022
өлшемі103,79 Kb.
#90017
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   55
Байланысты:
Эссе жинағы

Қорытынды тақырып бойынша түйін. Қорытындыда жаңа ой енгізілмей,дәлел демелер бойынша түйін шығарады,шешу жолдарын көрсетеді. Эссе жазудың шарттары
Көңілдегі көркем ойды қағаз бетіне сол қалпында түсіру кез келген адамның қолынан келе бермейді. Ол шығармашылықты талап ететін қиын жұмыс. Оқытушы ретінде алдыма қойған мақсатым: «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында студенттердің шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жазу мәдениетін қалыптастыру» болатын. Сол мақсатыма жетудің бірден бір жолын СТО бағдарламасымен танысқаннан кейін белсенді жүрді деп айтуға болады. Қазіргі уақытта Эссе публицистикалық жанр ретінде қоғамдық және әдеби өмірде кең тараған құбылыс сипатында нығайып келеді. Сондай-ақ, мұғалімдердің әртүрлі шығармашылық байқауларында да эссе жазу тапсырылады. Ойыңды қағаз бетінде жазбаша жеткізу шығармашылықты қажет ететін қиын жұмыс. Мұнда әрбір сөзің айқын түсінікпен сәйкес келіп, ойыңды, сезіміңді, идеяңды дәл бейнелеп беруі тиіс. Автордың өзіне тән ерекшелігіне сай тілі жатық, бейнелі әрі бай, стилі жеңіл болу керек. Яғни, бұл ерте ме, кеш пе әрбір шығармашыл болмыс назар аударатын философиялық, әдеби, тарихи – библиографиялық проза жанры. Классикалық эссе – бұл еркін тақырыпқа жазылған, көркемдік қиялдан азат қысқа көлемді шығарма. Эссенің мақсаты – әр түрлі тезистер,дәлелдер келтір е отырып берілген тақырыпты ашу. Онда нақты айғақтар беріліп,мысал келтіріледі.
Эссеге тақырыптардың шектеусіздігі, автордың өз тәжірибесіне негізделген жеке позицияның еркін мазмұндалуы тән. Мұнда стиль маңызды роль ойнайды. Әр түрлі эссе байқауларында (оқуға пайдаланудың алдындағы сынақтарда, сондай-ақ өзіндік шығармашы-лық байқауларда) мәселен, 500 сөздің көлемінде эссе жазу тапсырылады.
Қолыңа не үшін қалам алғаныңды ең алдымен өзің түсініп ал. Мінсіз эссе жазудың дайын ережесі жоқ және болмайды да, бірақ эссе жазу дағдыларын жүзеге асыруға көмектесетін ережелер мен нұсқаулар бар. Ең алдымен өзіңнің хабарлайтын, жазатын, ой тол-ғайтын, талқылайтын нәрсең туралы анық білуің керек. Сондай-ақ, эссе жазуға итермелеген не нәр се, эссені кім оқитынын түсіну өте маңызды. Оқырманның назарын өзіңе аудартатын, мүмкін болса қарсы жауап реакция-сын тудыратындай өз ойыңды, сезіміңді, көңіл-күйіңді жеткізу үшін мәнерлі, мазмұнды, күшті сөздерді дұрыс таңдай білу керек. Эссе жазатын адам үшін ең маңызды қасиет – тілді ер кін меңгер уі, басқалардың сезіміне әсер ететіндей дәл, анық бейнелі етіп сабақтастыра жаза білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет