Осыдан 70 жылдай бұрын күллі әлемді дүр сілкінткен Ұлы Отан Соғысына біздің аталарымыз қатысып, өздерінен кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін күресіп, бізге Ұлы Жеңісті алып берді. Сол үшін біз ортамызда жүрген, бірақ күннен-күнге азайып бара жатқан ардагерлерге үлкен ризалығымызды
білдіріп, мәңгілік бас иеміз! Осы жеңісте, менің ойымша, халықтар достығы маңызды орын алған сияқты. Тіпті бірліктің арқасында жеңдік деп жатқандарды да көптеп естіп жүрміз. Қанша батыр болсын, қандай шебер қолбасшы болсын, бастаған қолы ұйымшыл болмаса, жеңіске жету қиын. Президентіміздің Жолдауында келтірген «Үдеудің сыры – бірлікте, жүдеудің сыры- алауыздықта» деген нақыл орынды айтылған. Одан басқа халқымызда
«Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады» деген де бар . Аталған Жолдауда қазақтың бірлігі – елдігіміздің кілті әрі ең басты мәселесі екені айтыла келіп,
«Ел бірлігі – ең асыл қасиет» деген тоқтам жасалған. Сол себепті осы асыл
қасиетті жоғалтып алмасақ екен деп ескерткім келеді. Елбасының айтуынша,
«Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек.Қазақты ешуақытта сырттан жау алған емес.Қазақ әлсіресе, алауыздықтан әлсіреген, күшейсе, бірліктен күшейген.» Осыны тек Бір лік пен ынтымақ күні қарсаңында ғана емес, әркез жадымызда мықтап ұстап, ел ішінде татулық орнауы үшін бар мүмкіндік жасалса екен деген тілегім бар. Менің болашағым физика пәніне байланысты. Физика – өте керемет, әрі қызықты ғылым саласы. Ол пәнді игеру үшін тек қағаз бетінде есеп шығарып қана қоймай, әр түрлі практикалық жұмыстарды жасау қажет. Бұл пән бізді қоршаған ортадағы құбылыстар қалай жүзеге асатынын және қандай заңдылықтарға бағынатынын түсіндіреді. Тілсіз әрі санасыз құбылыстар Жаратушының заңдылығымен қақтықпай өмір сүріп жатқанда, санасы бар, ақыл-ойы бар адамзат ең асыл қасиетімізді қастерлей білсе екен!