4. Зат есімнен жасалған етістікті көрсет. А) көбей В) тазала С) көгер Д) жарқыра Е) сана
5. Біріңғай бітеу буынды сөзді көрсетіңіз. А) қаршыға В) құмырсқа С) қарға Д) қасқыр Е) қарағай
6. Сөздердің орын тәртібі дұрыс сөйлемді көрсетіңіз А) Болады тоғайда әр түрлі аңдар. В) Әр түрлі тоғайда аңдар болады. С) Аңдар болады әр түрлі тоғайда.
Д) Аңдар тоғайда болады әр түрлі. Е) Тоғайда әр түрлі аңдар болады.
7. Синонимдік қатарға жатпайтын сөздерді белгіле. А) туған жер, Отан В) биік, зәулім С) еңбек, жұмыс Д ) қасиетті, отаншыл Е )көркем, сұлу
8. Қажетті шылауды қойыңыз «Ата-анамды сағындым, … оқуды тастап кетуге болмайды» А) және В) бірақ С) да Д) яки Е) не
9. «Арасынан қыл өтпейді» деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасын табыңыз. А) кішіпейіл В) ақылды С) момын Д) әділ Е) тату.
10. Бөлшектік сан есімді тап: А)10 шақты В)100-ге таяу С) 100-деген Д)10-10нан Е) екіден бір
11. Жұрнағы бар сөзді табыңыз. А) Көрсеткіш В) Сұра С) Қара Д) Керек Е) Тара
12. Тура мағыналы сөзді табыңыз. А) ашық мінез B) ашық дала С) қолы ашық D) ашық терезе Е) ашық әңгіме
13. Тура толықтауыш қандай сұрақтарға жауап береді? А) кімге? неге? В) не істеді? қайтті? С) қандай? қай? Д) кім? не? Е) кімді? нені?
14.Салыстырмалы шырайда тұрған сөзді тап. А) биік В) тап-таза С) тар Д) үлкенірек Е) өте дәмді
15. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қой. ... – оқу, үйренумен санаға қонатын ақиқат жайлы түсінік. А) мектеп В) білім С) ғылым Д) ұстаз Е) тәрбие
16.Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз. А) табиғат В) біраз С) көжек Д) қонжық Е) жылқышы
17.Бастауышы жалқы есімнен болған жақты сөйлемді тап. А) Еңбек етуді арадан үйрену керек B) Жәуке есікті сыртқа қарай итеріп ашты
C) Қош ұзай берді Д) Маған баруға тура келді E) Жеті қараңғы түн