Қазақ тілінің білгірі
Сайысты өткізудегі негізгі мақсаты: Мемлекеттік тілді жақсы меңгерген топты анықтау.
Сайысқа екі кластан алынған 2 топ, әр топта 7 оқушы қатысады. Әр топ өз бақтарын сынайды.
«Қазақ тілінің білгірі» атты білім сайысымыз негізінен 6 кезеңнен тұрады:
1 кезең. Топты таныстыру, осы сайысқа түсудегі мақсаты. Әділ қазылар алқасы.
2 кезең. «Менің елім – Қазақстан» тақырыбына әңгіме жазу. Өлең оқу.
3 кезең. Бұл кезең «Бәйге» деп аталады. Мұнда оқушылар берілген сұрақтарға қысқа, әрі нұсқа жауап берулері керек.
4 кезең. «Елші» деп аталады. Бұл кезеңде мәтінді оқып, екінші тілде аудармасы мен мазмұнын айту.
5 кезең. «Тапқырлық» деп аталады. Берілген мақаладағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру.
6 кезең. «Жаңғырған салт-дәстүрлер» деп аталады, яғни салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға толық жауап беру керек.
Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,
Аралыммен арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау –парызым бүгін менің,
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық,
Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Қазақ тілің-Атаң, Анаң,
Қуат алар Отан да одан.
Дүниеде ешбір асыл
Тең келмейді қатар оған.
- Қуан далам! Қуанатын күн бүгін!
Серпіп таста, мұңды жүрек түңдігін!
Тіл туралы Заңым енді күшінде,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін!
- Қуан бабам! Қуанатын күн бүгін!
Халық жауы атандың-ау сол үшін,
Ғұмырыңды құрбан етіп жолыңда ар.
Қуан анам! Ұстазыңнан сүйініп,
Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп.
Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді
Пір тұтамын мен алдыңа иіліп.
- Қуан балам! Туған тілдің киесі.
Жебеп сені болғаныңа иесі.
Тек мұнымен бітпейтінін ұғып өс,
Дүниеде тіршіліктің күресі.
- Қуан халқым! Күшіне енді тіл заңы,
Сүйінші деп ақын ұлың жырлады
Ел елдігі бағаланар тілімен,
Сол арқылы құлпырады, гүл бағы.
І жүргізуші
-Құрметті, қонақтар,оқушылар!!! Бүгін біз «Қазақ тілінің
Білгірі» сайысына келіп отырмыз.
ІІ жүргізуші
-Қош келіпсіңдер деп, сайысымызды бастаймыз.
Сайыс 6 кезеңнен тұрады.Әр кезең 5 балл көлемінде бағаланады.
І жүргізуші
-Ал қазір әділқазы мүшелерімен танысайық:
1.Игнатенко Л.А.
2.Мұқашева С:С.
3. Жексембаева Р.Д.
4.Сейдалина Н. З.
ІІ жүргізуші
-Сайыс арасында көрермендермен викторина,ойындар өткіземіз.
Дұрыс жауап бергендер жетон алады.Ойын аяғында көп
жетон жинаған көрермен жеңімпаз атанып, сыйлыққа ие болады.
Музыка
І жүргізуші
-Қазір ортамызға топтарды шақырайық!!!
1 кезең. Топты таныстыру
ІІжүргізуші
-2 кезең. «Менің елім – Қазақстан» тақырыбына әңгіме жазу.
Берілетін уақыт 5 минут.Жазғандарын оқисыңдар,содан кейін
әділқазыларға .бересіңдер
Іжүргізуші
Құрметті көрермендер,ал казір сендермен ойнайық!!
Менің сұрақтарыма дұрыс жауап беріңдер. Дұрыс жауапқа жетон беріледі.
ІІжүргізуші
-Сөз әділқазыларға беріледі.
І жүргізуші
-3 кезең. Бұл кезең «Бәйге» деп аталады. Мұнда оқушылар
1 минуттың ішінде берілген
сұрақтарға қысқа, әрі нұсқа жауап берулері керек.
І топтың сұрақтары:
Қазақтың тұңғыш алфавитін жасаған кім?
Сендер қай мелекетте тұрасыңдар?
Қазақстанның астанасы қай қала?
Қазақстанда неше облыс бар?
Қазақстанның президенті кім?
Қазақстанның бұрыңғы астанасы қай қала?
«Шаһар» сөзінің синонимі?
Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
Сендер қандай облыста тұрасыңдар?
Қостанац облысының қалаларың атаңдар.
Біз қай қалада тұрамыз?
Қала әкімі кім?
13.Қазақстанның ірі қаларын атаңдар.
14.Буын түрлерін қандай?
15.Сендер қандай тілдерді жақсы білесіңдер?
ІІ топтың сұрақтары:
Қазақстан рәміздері қандай?
22 қыркүйек қандай мейрам?
Бідің Отанымыз қандай?
Қазақстан қандай мемлекет?
Мемлекеттік тіл- қандай тіл?
Қазақ тілін кім жүргізеді??
Қостанай облысының әкімі кім?
Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
9. Буын түрлерін қандай?
10. Қазақстан Республикасында Тілдер мерекесі қашан?
11. Қазақстанның ірі қаларын атаңдар.
12. Әнұранның авторларын атап бер.
13. Қазақстанның президенті кім?
14. «Ұстаз» сөзінің синонимі?
15.Қазақ тіліне тән дыбыс нешеу?
І жүргізуші
-Енді балалар, бәріміз кішкене ойнап,тіл дамытайық.
-Балалар, «Қазақстан» деген сөзден кім көп сөз құрастырады?
Осы сөздер 13 шақты сөз құрастыруға болады.
(Қаз, ақ, қазақ,аз,тан, тас,таза, таз, сақ,тақ,ас,сат,сан)
ІІжүргізуші
4 кезең. «Елші» Мәтінді оқып, аударыңдар.
Орысшадан, қазақшаға аудару 5-6 минут
Наша Родина-Казахстан.
Казахстан-суверенное,независимое государство.
В Казахстане есть свой флаг, герб,гимн.
Президент республики Казахстан-Нурсултан Назарбаев.
Новая столица Казахстана- город Астана.
І жүргізуші
-Сайыскерлер мәтінді аударып болғанша,біз сендердің
қазақ тілінде қандай тақпақ,өлең білетіндеріңді тексеріп көрейік.
Кім қазақша тақпақ біледі?
Ал қазақша кім өлең біледі?
Енді сөзді сайыскерлерге сөз берейік.
ІІ жүргізуші
Сөз әділқазыларға береміз.
І жүргізуші
-5 кезең. «Тапқырлық»
Берілген мақалды аяқтап ,жалғастыру керек
Көмекке біз топ басшыларын шақырамыз.топ басшылары парақта
Жазылған мақалды оқып бастайды,ал сендер жалғастырасыңдар.
Мектеп кеме- .... .....
Оқусыз білім жоқ, .... .... ....
Оқу- білім бұлағы, ... ... ...
Ақыл азбайды, .... ....
Өнер алды- ... ...
Тіл қылыштан .....
Қына тасқа бітеді, ... ... ...
Шешеннің тілі ...
ІІ жүргізуші
-6 кезең. «Жаңғырған салт-дәстүрлер»
-Балалар,қандай қазақтың салт-дәстүрлерін білесіңдер?
- Ал қазір осы тақырп бойынша сөзжұмбақ шешейік.
3 минут уақыт беріледі,қай топ бірінші болса,
сол топтан оқушы келіп тақтаға жазуға тиісті.
музыка
ІІ жүргізуші
-Әділқазылар сайыстың қорытындысы шығарғанша,кім қанша
жетон жинады,соны тапсырайық.
І жүргізуші
- Ойында қай топ жеңсе де,біз достық жеңді деп санайық.
Сендер бір-бірімен доссыңдар,құрдассздар.Ендеше бәріміз
бірге «Армандастар,құрдастар» деген өлең айтайық.
ІІ жүргізуші
Іжүргізуші
-Қазақтарда мынадай дәстүр бар,үйге келген қонақ кәдесіз кетпейді.
Сендер тойға келген қонақсыңдар,сондықтан кәдесін алыңыздар.
Бәріңізге рахмет!!! Сау болыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |