Қазақ тілінің
білгірі
сайыс
Сынып: 2 «Б»
Мұғалім: Мырзабекова Ұ. Т.
Акназарова Ф. Е.
Сатыбаева М.
№ 2 Ақсу орта мектебі
2014 – 2015 жыл
Мақсаты:
1. Оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету; қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; сұрақтарға тез, дұрыс жауап беруді меңгерту, мақалдарды жалғастыру арқылы оқушылардың білімдерін шыңдап, ой-өрісін кеңейту;
2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, ауызша, жазбаша сөздік қорларын дамыту;
3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құштарлығын арттыру; отаншылыққа, мемлекеттік тілге деген құрметке, көптілді маман болуға тәрбиелеу, тілдің үштұғырлығын насихаттау.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, орыс тілі, ағылшын тілі.
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, жеке сұрақ-жауап, мақалды толықтыру.
Сабақтың түрі: Сайыс.
Сабақтың көрнекілігі: Әріптер, мақалдар жазылған қағаздар, әр топқа арналған тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар назарын сабаққа аудару. Сынып оқушыларын жұп және тақ сандары арқылы екі топқа бөлу.
I – топ: Алғырлар тобы
II – топ: Тапқырлар тобы
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Сабаққа жұмыла, белсенді қатысуларыңды сұраймын.
Мұғалімнің сөзі
- Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасының өз Елтаңбасы,Әнұраны,Туы, төл теңгесі бар.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ата Заңы –Конституциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар. Ол, әрине, қазақ тілі. Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы – мемлекеттік тілді білу, оны құрметтеу.
Бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты – осы мемлекеттік тіл – қазақ тілінің білгірін анықтау. Сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Сайысқа сыныптың барлық оқушылары екі топқа бөлініп қатысады. Тапсырма саны – 7, әр кезең сайын ұпай беріліп тұрады. Сайыс соңында әр топтың жинаған ұпай сандары есептеліп, жеңімпаз топ анықталады.
Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:
1 – кезең: Сөздердің қарама – қарсы мағыналарын табу
2 – кезең: Сөздерді орысшадан қазақшаға аударыңыз
3 – кезең: «Полиглот»
4 – кезең: Тапқырлық
5 – кезең: Сен білесің бе?
6 – кезең: Әріптер сөйлейді
7 – кезең: Кім жылдам?
1 – кезең: Сөздердің қарама – қарсы мағыналарын табу
1 – топқа.
1.жаңа
2.бүгін
3.жақсы
4.тар
5.кедей
2 – топқа .
1.аз
2.биік
3.кішкентай
4.ерте
5.үстімен
Достарыңызбен бөлісу: |