Қазақ тілінің қысқаша этимологиясы



бет8/11
Дата25.12.2021
өлшемі30,74 Kb.
#128691
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Муминова Жәмила СӨЖ 1 этимология

4. Жеміс-жидек, азық-түлік.

Алмұрт. Бұл сөз ал және мұрт деген екі сөздің бірігуінен жасалған. Ал сөзі араб - иран және кейбір түркі тілдерінде ашық қызыл деген мағынада жұмсалады ( қара: алқызыл). Парсыша алмұртты моруд дейді. Бұл сөздің алдына ал қосылып алмұрт деген сөз жасалған, мағынасы кызгылт морут». Кейбір түркі тілдерінде (азербайжан, татар) бұл сөз армуд күйінде айтылады (Ш. С.)


5. Туыс-бауырлас, отбасы мүшелерінің атауы.

Ағайын. Ағайынмен бар, сырлас, Тегін тамақ татырмас (Жамбыл). Бұл сөз аға және іні деген жеке сөздерден құралған. Қазір де аға - іні деген қос сөз қазақ тілінде жеке қолданылады. Кейбір түркі тілдерінде (ұйғыр, татар, башқұрт, өзбек) бұл сөз осы толық түрінде қолданылып жүрсе, қазақ, қырғыз және қарақалпақ тілдерінде фонетикалық заңға бағынып, аға мен іні сөздері кірігіп, ағайын болып өзгеріп кеткен. О баста аға - іні «жасы үлкен мен кiшi ағайындар деген мағынаны білдірсе, кейін жалпы туған - туысқан мағынасын да жұмсалатын болған. (Н. Қ.)
Аға.  Орыс халқы - ұлы халық , аға халық сізге де, бiзге ( Д. Әбілев ). Аға сөзі көне заманнан түркі тiлдерiнiң көбiнде қолданылып келе жатқан сөз. Бұл сөздің үш түрлі фонетикалық варианты бар: аға (қырғ., тат., түркм., аз., гаг. тілдерінде), aғa ( қаз., түр . , башқ., хак., якут тілдерінде ), aға ( өзб., ұйғ., алт. тілдерінде ). Бұл сөз Орхон - енисей жазуларында,  М. Қашғари сөздігінде  ақа болып жазылған. Қазіргі Батыс Қазақстан аймақтарын да казактардын ақа деуі сол ескiлiктiн калдығы болу керек . Aға//ақа сөзінің бастапқы мағынасы - туысқан адамдардың еркек жағынан жасы үлкені (Покровская . Термины родства .... 36 ) . Кейін бұл сөз жеке түркі тілдерінде қосымша мағынаға ие болған. Мысалы, ұйғыр, қазақ, қырғыз, татар, өзбек тiлдерiнде иага || аға - «жасы улкен ағайын, қарақалпақ, хакас, шор тілдерінде ага  || aғa || акка - « ата » , чуваш пен якут тілдерінде агай / акка || агас - « апа», түрік пен азербайжан тiлдерiнде ага//аға-  "мырза" деген сөз.  Аға деген сезi қай тілден енгені белгісіз . Кейбіреулердің айтуынша , ол араб тілінен алынған  (Золотницкий. Корнев, чув - рус . сл . , 133 ). Бiрақ бұл сөздiң монғол, алтай тiлдерiнде де кең таралуына қарағанда, оның о баста монғол тілінен шығып , кейін түркі және басқа тілдерге де тарауы мүмкін ( Монг.- рус . сл . , 1957 , 47 ; Номинханов . Термины родства ...., 43-44 ) . Аға сөзінің шығу тарихы жөнiнде баска да пікірлер бар. Бiреулер аға сөзi ай сөзiнен, онын "айқын, жарық, ақшыл, жаркын" деген мағынасынан шыққан, алғашқы кезде аға деп ақ көңіл, ақ жүрек, мiнезi ашық, жарқын кісіні атаған дейді . Бұны дәлелдеу үшiн шағатай тiлiнде қолданылған аjа , еје - "кәрi әйел":, ajim -  "құрметті әйел "деген сөздерін келтіреді . ( Vambery . Etym . Wört , 6 ) ; Ендi бiреулер аға сөзi ақ сөзінен шықты деп есептейді . Мұны дәлелдеу үшін салыстырма ретінде финн тілдеріндегі уко - шал , ука - кемпір деген сөздер дi келтiредi де , бастапқы кезде аға деп жасы үлкен , шашы ағара бастаған кiсiнi атаған дейді ( Lokotsch , Etym , Wört , 3 ) . ( H. K. )



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет