Сақаю. Фрунзенің қалың ақ сары сақалы, сәнді ұзын мұрты кескінін сақайтып , салмақты пішін береді (З. Ибрашкин). Өзбекше соғаймох – жазылу, емделу . Ұйғыр тілінде де сақаймақ болып осы мағынада айтылады. Сакаю етістігі сырқаттанған адамга айтылады да, «тәуір болу, сауығып кету» деген мағына береді. Ол «бас көтеру, аурудан тұру» мәнінде де жұмсалады. Бұл сөздің диалектілік сыпаты да жоқ емес, мысалы бұл оңтүстік облыстарда жиі айтылады. Оның қазақ әдеби тілінде егде тарту, біраз жасқа келу» деген мағынасы ауыспалы мағына тәрізді. (Ж. Б.)