Қазақ тілінің ұлттық құндылық ретіндегі ерекшелігі



Дата27.10.2022
өлшемі11,68 Kb.
#155157
Байланысты:
2 5269599992275802205


Саумеков А.
Қазақ тілінің ұлттық құндылық ретіндегі ерекшелігі
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі – әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан –ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады” - деген. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті.
Тіл – адам өміріндегі ең маңызды құралдардың бірі. Себебі тілдің қолданыс аясы өте кең. Әрбір ел, әрбір ұлт өз тілін қадірлейді, құрметтейді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі - қазақ халқының рухани, мәдени байлығы, баға жетпес құнды қазынасы.
Қазақ ақыны М.Жұмабаев: "Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады" – деген. Сондықтан, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген сөзі өте орынды айтылған. Тіл арқылы өнер-білім, мәдениет, қоғам дамиды. Халық өзінің ғасырлар бойы жасаған асыл мұраларын ұрпақтан ұрпаққа алдымен ана тілі арқылы табыс етеді.
Біз қазақ деген ұлы халықпыз, тіліміз де, дініміз де тек қана өзімізге тән. Еліміздің іргесін шайқалтпай, босағасын берік ұстап тұрған осы біздің тіліміз бен ұлттық салт-дәстүріміз. Менің ойымша, әрбір патриот жан елі, жері, тілі, ұлты үшін тер төксе, адал болып, құрметтесе, біздің елдігіміз баянды болмақ. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Әрбір адам өз тілінде, анасының ақ сүтімен дарыған туған тілінде сөйлеуі тиіс.
Бүгінде де кейбіреулердің қазақ тілін білмеуі, білсе де сөйлемеуі – қазақ тілін жақсартып, биік белестерге көтермеуіміздің қатерлі дерті болып табылады. Елінің болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағын да қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Өкінішке орай, соңғы кезде көптеген қазақ жастары өз ана тілін бұрмалап сөйлеуді әдетке айналдырған. Өзі қазақ бола тұра қазақ тілінде сөйлеуге намыстанады, оған қоса тілімізді шұбарлайды. Ал бұл қазақтыққа жат нәрсе. Сонау қиын-қыстау кезеңде ата-бабаларымыз осы тілімізді сақтап қалу үшін өз жандарын құрбан еткен. Қазір бәріміз бейбіт, тыныш заманда өмір сүріп жатырмыз. Бірақ қолда бар асылымыз тілімізді бағалай алмай жатырмыз. «Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиістіміз» деп Ахмет Байтұрсынов атамыз айтқандай, айрандай ұйыған береке бірлігімізді сақтап, тәуелсіз Отанымыздың болашағын жарқын ету үшін, тілімізді қадірлеп, құрметтеуіміз керек. Сол себепті де өзгенің емес,өз еліміздің тілін ұлықтап, мәртебесін асырайық!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет