Қазақ тілінің шығу тегін түркі тілдерін жіктеп топтастырған ғалымдардың еңбектерін салыстыра отырып анықтау; Орхон-Енисей, Селенге, Талас ескерткіштерімен олардың тілімен, ондағы көне формалармен таныстыру



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі113,34 Kb.
#84944
түріРеферат
1   2
Байланысты:
тарихы

Фонетикалық ерекшеліктеріне:
а) 8 қысқа дауысты фонеманың сақталуы;
ә) сөз аяғындағы г//ғ дауыссыз дыбыстарының тұрақтылығы («дағ» - тау, «бәг» - бек); осы дыбыстардыңкейбір қосымшалардың құрамында түсіп қалуы («гәлән» - келген, «алан» - алған);
б) сөз басындағы қатаң т, к, қ тәрізді дыбыстардың ұяңдануы («дил» - тіл, «гәл» - кел),
в) бол (≥ ол) сөзінің басында б дыбысының айтылмауы т.б.
Грамматикалық ерекшеліктер:
а) кейбір септік және көптік жалғаулардың фонетикалық редукцияға (қысқаруға, әлсізденуге) ұшырауы («адама» - адамға, «малың» - малдың, малнин; «бэрэрис» - берерміз т.б.);
ә) кейбір морфологиялық форманттардың (-малы//-мэли, -мыш//-миш) сақталуы және басқаша мағынада жиі қолдануы т.б. жатады.

Пайдалған әдебиеттер тізімі:





  1. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том, 4 бөлім

  2. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 

  3. Мынаған өту: a «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010

Нұр – Сұлтан қаласы Білім және ғылым министрлігі



РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеу еңбектер; Қашқари сөздігіндегі грамматикалық категориялардың берілу жүйесі.
Тексерген: Нұрбанова А.Қ
Орындаған: Елеукенова Р.С
Нұр – Сұлтан 2020 жыл

Жоспар
Кіріспе


Негізгі бөлім

  1. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеу еңбектер

  2. Қашқари сөздігіндегі грамматикалық категориялардың берілу жүйесі

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе



Қазақ және өзге де түркі халықтарының этносы мен мемлекетігін, тілі мен графикалық жүйесін (жазбаларын), тарихи-мәдени және этносаяси жағдайын ғылыми түрде жан-жақты әрі жүйелі зерттеу түркі тілдес халықгар үшін, оның келешек ұрпағы үшін құнды қазына болып табылады.
Қазақстан мен Орталық Азия және Онтүстік Сібір жерлерін мекендеген түркі тілдес ру-тайпалар бірігіп, VI ғасырдың, орта шенінде "Түрік кағанаты" деген атпен өз алдына мемлекет қүрғаны тарихтан белгілі. Осы кағанаттың құрамына енген тайпалык, одақтар бір кездерде өз елі мен жерінің бостандығы, тәуелсіздігі үшін алапат қақтығыстар мен жойқын соғыстарды басынан кешті. Тұс-тұстан қаумалаған дұшпандардың шапқыншылығынан қорғанған түркі ру-тайпаларының жорықтары қол бастаған ержүрек, дана іскер басшылардың ерлік істерімен, оған тіреу болар ел бірлігімен жүзеге асты. Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тоныкөк, Білге, Бумын кағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жырлардың кейіпкерлеріне, сомды тұлғаларына айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін сол заманның данагөй білімдарлары өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазумен тас бетіне түсірді.



  1. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеу еңбектер

Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткішттер көне дәуірдің қоғамдық-мәдени, әрі әдеби тұрмыс-салт өмірлерінен хабар беретін жәдігер қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықгарға ортақ мұраға айналды. Түркінің сар даласының ішкі сырын бойына сіңірген таңбалы тастар қас батырдың ерлігіндей сан ғасырларды аттап, өз заманының шындығы мен қайгы-қасіретін, амал-әрекетін бейнелеп, еш өзгерместен күні бүгінге жетіп отыр.
Болашақ ұрпақка мұра етіп калдырылған көне түркілік жазба ескерткіштер кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып, ескерткіштер саны жыл санап өсіп жатыр. Бірак, осы көне көз жәдігерлерге үлкен сезіммен қарап, оның ішкі мазмүны мен сырын ұғыну, қазақ халқы үшін құндылығының қаншалықты екендігін анықтау соңғы жылдары баяулап кеткені белгілі. Осы бағытта М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жанынан түркі халықтарының ортак, казақ халқының төл мұрасы саналатын руникалық көне түркі жазбаларын зерттейтін, оларды іздестіріп өз ұрпағымен табыс ететін орталық кұру көзделіп отыр. Себебі, университет орналасқан Тараз каласы ежелгі мәдениетті келешек ұрпақпен сабақтастыратын көне қазынаның алтын діңгегі болып табылады. Оның үстіне түркі тайпалық одақтарының жиі қоныстанған, мәңгілік мекен еткен жері және ежелден калған мәдени ошақтардың негізгі тұғыры екендігі тарихтан белгілі
Орталық Азия мен Қазақстан жерлерінен табылып жатқан руникалық түркі жазбалары Орхон таңбаларынан өзіңдік ерекшелігімен дараланады. Мұнда Орхон немесе Енисей өзендері аңғарларынан табылған жазулардағы барлық таңбалардан бөлек, өзгеше жасалған көне әріптер кездеседі. Мұның өзі түркі жазуы жүйесінің ертеден қалыптасқан, жүйелі әліппе, жазу мәдениетіміздің тамыры өте тереңде екендігін аңғартады. Дәл осындай көненің көзі болып табылатын асыл казыналар Қазақстанның жерінде де қаншама десеңізші. Өйткені, шығысымызда Алтай мен Тарбағатай, батысымызда Орал таулы қыраттары, солтүстігіміз бен орталығымызда Ұлытау, Болаттау аймақтары, оңтүстігімізде Алатау мен Қаратау қатпарларыда және басқа да өзенді-көлді кең алқапты мекен еткен ата-бабаларымыз сол өңірлерге де өздерінің қол-таңбасын қалдырьш кетпеді дегенге кім сенер.
2.Қашқари сөздігіндегі грамматикалық категориялардың берілу жүйесі.
М.Қашқаридың «Дивани луғат-ит түрк», Ж.Баласағунидың «Құтты білік» және «Кодекс Куманикус» т.б. тарихи ескерткіштер деректеріне сүйене отырып, қазақ тілінің негізгі лексикалық қоры мен құрамының баю, толығу сипаты мен жаңа сөз жасалуына мән беру. Қазақ тіліндегі жалпы түркі тілдеріне тән ортақ лексикалық қабат.
Сөз мағынасының өзгеру заңдылықтары. Сөз семантикасы туралы. Көпмағыналылық, синонимдік, антонимдік құбылыстардың тілді байытудағы рөлі мен маңызы. Омонимнің пайда болу жолы мен тарихи. Тарихи омонимдер туралы.
Тұрақты сөз тіркестерінің номинативтік қызметі, этимологиясы. Олардың шығу тегінің еркін тіркестермен байланыстылығы. Лексикалану процесі. Сөздің тарихи жасалу жолы мен жүйесі – номинация теориясы аспектісінде. М.Қашқари, Ж.Баласағұни, А.Иассауи, Қ.Жалаири, Э.Бахадур еңбектеріндегі тұрақты тіркестердің қалыптасу жолының ізі, сипаты.
Этнолингвистиканың зерттелуі, сөз этимологиясын ашудағы рөлі мен маңызы. Қазақ танымының әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүрінің тілдегі көрінісі болып саналатын атаулардың тарихи мәні.
Орта ғасыр ескерткіштеріндегі араб-парсы сөздері. Монғол тілінен енген кірме сөздер. Орыс тілінен енген кірме сөздер мен олардың кезеңдік сипаты, зерттелуі. Орыс тіліндегі түркі сөздері. Кірме сөздердің мағыналық дамуы мен тілді байытудағы рөлі, кіру қажеттілігі.
Диалекті сөздердің тарихи сипаты, лексикалық ерекшеліктердің сөз мағынасының дамуын көрсетуі.
Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі толық мағыналы сөздер мен қазіргі қазақ тіліндегі көнерген сөздер арасындағы сабақтастық қолданылу сипаты.
Қазіргі лексикографияның тарихы. «Дивани луғат-ит түрк», «Кодекс Куманикус», т.б. сөздіктерінің мәні мен маңызы. ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. Шыға бастаған глоссарийлер мен сөздіктер. Г.Ю.Клапрот, Е.Бунин, Т.Бокин, И.Ильминский, И.Лаптев, Ж.Кушербаев, т.б. сөздіктері туралы. Жасалу мақсаты, практикалық мәні, құрлысы.

Пайдалған әдебиеттер тізімі:





  1. Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мәселелері. – А., 1965.

  2. Қашқари М. Түркі сөздігі. – А., 1998.

  3. . Мұсабаев К. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. – А., 1966

  4. Салқынбай.А.Б. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы

Нұр – Сұлтан қаласы Білім және ғылым министрлігі



РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қашқари сөздігіндегі кісі аттары; Баласағұни шығармасының тілі
Тексерген: Нұрбанова А.Қ
Орындаған: Елеукенова Р.С

Нұр – Сұлтан 2020 жыл


Жоспар
Кіріспе


Негізгі бөлім
Қашқари сөздігіндегі кісі аттары;
Баласағұни шығармасының тілі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Орта ғасырдың әдебиет ескерткіштерін зерттеп, бірнеше кітап жазған ғалым Х.Сүйіншәлиев «Диуани луғат-ит түрк» еңбегін көне түркі поэзиясының тұңғыш жинағы деп таныды. Бұл еңбектің авторы Махмұд Ибн әл-Хусайн ибн Мухаммед әл- Қашқари Орта Азияның түркі тайпаларынан шыққан, орта ғасыр ғалымы.
Бұл еңбек ХІ ғасыр ескерткіші саналғанымен, одан ерте кезеңдегі түркілер өмірінен көркемдік таным жүйесінен жан-жақты мағлұмат беретін құнды жәдігерліктің әдебиет тарихындағы орны мен халқымыздың рухани, мәдени өмірінің даму жолындағы үлесі айқындайды.
Сөздіктегі көркем туындыларды зерттеу үстінде біз бұл шығармаларды өзінше бөлек дара нәрселер емес, өзіне дейінгі және кейінгі шығармалар мен сюжеттерге, өлең өрнктеріне іштей байланысы бар екенін анықтай бастадық. Ең алдымен, сөздіктегі өсиет, бата, мақал-мәтел шешендік үлгілері қазіргі кездің өзінде көп өзгеріссіз қолданылып келе жатқаны мәлім. Ал өлең жырлар түркі елінің ең көне ортақ мұрасы. Орхон-Енесей-Талас жазуындағы «Күлтегін» ескерткіштеріменде жалғасып, өзіндік тілі, өлең құрылысы жағынан «Құтадғу білік», «Хихмет» сияқты түтас туындыларға ұштасып, қазақ ауыз әдебиеті үлгілеріне ұқсасып келетіні ойландырар жайлар. Ондағы көптеген ғашықтық лирика ларда қызықтырар дерек.

М.Қашқари өз еңбегін классикалық араб тілінде жазып, араб филологиясының лингвистикалық терминдерін қолдаған.


Автордың «Диуануды» жазудағы ең басты мақсаты – көптеген зерттеулер мен мамандардың пікірі бойынша Бағдат билеушілердің Селжүктердің оғыздардың, жалпылай алғанда түркілердің тілімен таныстыру қажеттілігінен туған деп санайды. Бұл еңбекте сонымен қатар тек тілге ғана байланысты емес, біздің объектімізге айналып отырған ауыз әдебиетінің өрнектері, мақал- мәтел маржандары, түркі халықтарының орналасқан аймақтары олардың әдет ғұрпы, салт-саналарына байланысты мәлімет беру көзделген сияқты.
Еңбектің автор жазған данасы жоғалып кеткен, кейінрек жасалған оның бір ғана көшірмесі 1915 жылы Стамбулда көше кезіп, ескі құсқа заттар сатып жүрген саудагердің арабасынан табылған. Түркияның «Стамбул» кітапханасында сақтаулы тур. «Диуани лұғат-ит түркі ( 3 томнан тұрады). Мазмұнына қарай екі бөлімге бөлінеді: Кіріспе және Түсіндірме сөздік. Бірінше бөлім тарихи-филологиялық мәселелерге арналған, екінші бөлім фонетика мен графика туралы мәліметтер береді де, сөздің лексикалық және грамматикалық аспектілерін зерттейді. М.Қашқари өз еңбегін лингвистикалық ізденіс түрінде жазған, сөздік іспеттес етіп құрастырған. Ол былай деп жазған: «Бұл кітапта мен сөздерді буын құрамындағы әріптердің өзара орналасу тәртібіне қарай түздім, ақыл айтатын айшықты сөздермен өрнектедім, ұйқасын тапқан жолдармен, мақал-мәтелдермен, өлеңдермен және кәдімгі қара сөздермен нақыштадым….
Ол бұл еңбегін сегіз кітапқа жіктеген. Алғашқы кітапты Тәңірінің жөнімен әліптен бастадым дейді. Әліптен басталатын кітабын «Хамза» кітабы деп атаған. Екінші «Сәлім кітабы» үшінші «Музоаф кітабы» яғни бір әріпті қайталанған сөздер кітабы; төртінші «мысал кітабы»; Бесінші «Үш әріпті кіпат», Алтыншы «төрт әріпті кітап», Жетінші «мұрын дыбысты әріптер кітабы», «ғунналылар» деп аталады, сегізіншісі «екі сүкіндікпен қатар келген сөздер кітабы» Бұл кітаптарда әуелі есімдерді саны етістіктерді түзіп отырады.
ХІ ғасырдағы түркі тайпаларының тарихы мен этнографиясы, территориясы мен географиялқ жағдайы, тілі мен әдебиеті жайында жазылған М.Қашқаридың жалғыз дана еңбегі осы күнгі түркі тілдас халықтарының әр алуан тарихи мәселелерін оқып-біліп, зерттеп тану үшін қазір ғылыми жұртшылықтың назарын өзіне қатты аударып отыр.
Сөздіктің зерттелу тарихы жүзілік түріктану ғылымында өте қысқа болғанымен ол туралы жазылған еңбектердің библиографиялық көрсеткіші өте көп.
«Диуани лұғат-ит түркті» зерттер насихаттаған белгілі ғалымдар көп. Олардың ішінде В.В.Бартольд, АН. Кононов, Н.А.Баскаков, А.Н.Самойлович, К.Броккельман, Б.Аталай, С.Е.Малов, И.В.Стеблева сияқты шетел ғылымдарымен қатар Н.Т.Сауранбаев, С.А.аманжолов, А.Н.Ысқаков, Ә.Құрышжанов, Ә.Ибатов, Н.Келімбетов сияқты қазақ ғалымдары.

Баласағұни шығармасының тілі


Жүсіп Баласағұнидің өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құтадғу білік» («Құтты білік») дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазіргі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды «хандардың ханы» - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға «хас хажиб» - «бас уәзір» немесе «ұлы кеңесші» деген лауазым берген.
Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14-ғасырдың 1-жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманған қаласынан табылған үшінші нұсқа 12-ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсқаның әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, «Құтты білік» дастанының ғылыми негізделген толық мәтінін жасап шықты.
Венгр ғалымы Герман Вамбери (1832 - 1913) «Құтты біліктің» бірнеше тарауын неміс тіліне аударып, 1870 жылы Инсбрук қаласында жеке кітап етіп бастырып шығарды. Бұл шығарманы зерттеу, аудару ісімен орыс ғалымы В.В. Радлов (1837 - 1918) жиырма жыл бойы (1890-1910) айналысқан. Түркия ғалымдары 1942-43 жылдары «Құтты біліктің» үш нұсқасын да Стамбұлдан үш том кітап етіп шығарды. «Құтты білік» дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Карахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Оны Қаримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (1984) тәржімалаған. «Құтты білік» дастаны белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күн туды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.
Пайдалған әдебиеттер тізімі:



  • Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мәселелері. – А., 1965.

  • Қашқари М. Түркі сөздігі. – А., 1998.

  • . Мұсабаев К. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. – А., 1966

  • Салқынбай.А.Б. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы

Нұр – Сұлтан қаласы Білім және ғылым министрлігі



РЕФЕРАТ
Тақырыбы: А.Иассауи шығармасының тілі; «Кодекс–Куманикус» шығармасының тілі.
Тексерген: Нұрбанова А.Қ
Орындаған: Елеукенова Р.С

Нұр – Сұлтан 2020 жыл


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
А.Иассауи шығармасының тілі;
«Кодекс–Куманикус» шығармасының тілі.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қожа Ахмет Ясауи – 1093 жылы туылған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. IX ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Ясы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, тағы да басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, Х ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа Ахмет Ясауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Ясауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Ясауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жыл қызмет еткендігі туралы мәлімет береді. Ясауидың “Диуани хикметінде” де Арыстан баб жиі ауызға алынады. Қожа Ахмет Ясауидың өмірі мен қызметі туралы Жазба деректерде (Хазини, “Жауаһир-ул Абра Мин Амуаж-ил Биһар”) оның Юсуф Хамаданидың шәкірті екендігін көрсететін деректер болғанымен, соңғы зерттеулерде оны теріске шығаратын тұжырымдар айтыла бастады.


А.Иассауи шығармасының тілі


Қожа Ахмет Йасауидің өмірі мен қызметіне, шығармасы мен шығармашылығына, сондай-ақ аталған ескерткіш тілінің зерттелу тарихына аса зор мән беріледі. Өткен ғасырдың 20-шы жылдарынан бері қарайғы зерттеулерден бастап, Кеңес өкіметі тұсында жарық көрген дереккөздер сөз болады. Сонымен бірге қазіргі заманғы Р. Сыздықова, Р. Бердібаев, Е. Қажыбеков, М. Жармұхамедов, М. Мырзахметұлы, С. Дәуітұлы, З. Жандарбек, Ә. Мүминов сияқты түркітанушы ғалымдардың және шетел ғалымдарының, оның ішінде Түркия ғалымдарының еңбектері аталып, талданады.
Мақалада, сондай-ақ маңызы жағынан кемімеген қолжазба, көшірме нұсқалары және хикметтері санының әрқилылығы тұрғысындағы тілдік мәселелер, түркі әдебиетінің ортағасырлық дамуының: поэтика, дүниетаным және замандастарына әсер-ықпалы контексіндегі мәселелер де қарастырылады.
Ұлы ойшыл, данышпан ақын Қожа Ахмет Йасауи бабамыздың діни уағыз, ғибрат өлеңдер жинағы «Диуани Хикмет» деп аталады
(Еңбек қазақ тілінде «Даналық кітабы», «Даналық сөздер», «Ақыл кітабы», «Данышпандық жинағы», «Парасат жинағы» деп әр түрлі аударылып жүр). Бұлай аталуы 16-ғасырдан беріде ғана. Әуелде «Құдай жолының әдебі» деп аталған [
Қ.А. Йасауидің өміріне, қызметіне қатысты деректер мен ауызша жеткен мәліметтер, аңыздар көп. «Осындай қат-қабат мәліметтер арасынан ақиқатын табудың өзі қиын», – дейді белгілі йасауитанушы-ғалым Намық Кемал Зейбек
Қ.А. Йасауи Оңтүстік Қазақстандағы Сайрам (Исфиджаб) қаласында дүниеге келді. Сайрам қаласы өте ертеден аса маңызды ислам орталығы болатын.
«Қ.А. Йасауи – шыққан тегі жағынан түрік. Әкесі Исфиджабта атақ-даңққа бөленген әулие Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим екендігі белгілі. Анасы – Мұса шейхтің қызы Айша (қазақтар Қарашаш ана дейді). Мұса шейх та Исфиджабта әулиелік кереметімен танылған адам болған. Тарихи деректерде Ибрахим шейхтің Ахмет және Гауһар атты екі перзенті болғандығы туралы мәліметтер басым»
Қ.А. Йасауидің туылған жылы белгісіз. Көпшілік зерттеушілер 1166-1667 жылдары қайтыс болған деген болжам айтады. Бір аңыз бойынша жүз жиырма, басқа бір аңыз бойынша жүз отыз үш. Яссыда тарап жүрген аңыз бойынша жүз жиырма бес жыл өмір сүрген Қ.А. Йасауи кесенесінің оңтүстік батыс жағында жүз, жүз елу метрдей жерде өзінің көзі тірі кезінде жер астынан салынған үлкен бөлме бар. Бөлменің терезесі жоқ. Бұл бөлмені кейбір еңбектерде «діншілдердің қырық күндік ораза ұстауына және құдайға құлшылық етуіне арналған жер асты мінажатханасы», – деп атаса , енді бірінде «қылуетхана» деп атайды. Қылуетханада бір адам ғана сыятын кішкене бөлме бар. Күні бүгінге дейін сақталған. Оған баспалдақпен түседі. Ә. Дербісәлиевтің көрсетуінше, бөлменің кеңдігі 2x2, биіктігі бір жарым метрдей. Бөлменің екі қабырғасына шам қоятын текшелер де істелген
Қ.А. Йасауи Мұхаммед пайғамбардың (ғалейһи-с-салам) сүндеттерін парыз деп біліп, ол сүндеттерді өмір бойы мүлтіксіз орындап өткен ғұлама. Жасы 63-ке толып, пайғамбар жасына жеткеннен кейін, жарық дүниені тәрк етіп, қылуетханаға түсіп кетеді. 1897 жылы Ыстамбулда басылған нұсқаның 22-хикметінде мынандай шумақ бар:
Жер үстінде өлмес бұрын тірі өлдім, Алпыс үште сүндет деді, естіп білдім.
«Диуани Хикметте» «Сол себептен алпыс үште кірдім жерге» деген өлең жолдары бірнеше рет кездеседі. Осы деректерге сүйенген кейбір зерттеушілер оның 63 жастан кейін жер астына түскен кезін өлгенге санайды.
Қазақстандық йасауитанушы Мұхамедрахым Жармұхамедұлы: «1166-67 жылдар ақынның қайтыс болған жылы емес, жер астына түскен 63 жасы болса керек. Жер бетінде қанша жыл жасаса, жер астында сонша жыл жасады. Ұлы ақын 1103 жылы туып, 1228 жылы қайтыс болады.

«Кодекс–Куманикус» шығармасының тілі.


Бірінші бетінде «1303» деген жазу бар. Еңбектің авторы мен жазылған жері белгісіз. Түркітану ғылымындағы жаңа деректер бойынша, бұл еңбек түпнұсқасы 1294 жылы жазылған да, оның бірінші көшірмесі 1303 жылы жасалған, ол 1330 жылы толығымен көшіріліп біткен (Л.Лигети). «Кодекс Куманикус» Дешті қыпшақта немесе Қырымда (Солхат қаласында) жинастырылып, бір ізге түсірілген. Осы өңірді қоныстанған қыпшақтарды Батыс Еуропа жұртшылығы кумандар деп атаған. 1303 жылы «Кодекс Куманикус» түпнұсқадан Алтын Орда мемлекетінің астанасы Сарай қаласының жанындағы Джан әулиенің ғибадатханасында көшірілген. «Кодекс Куманикус» готикалық көне қарпімен жазылған. Екі бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімі (1–10 б.) – үш бағана етіп жазылған латынша-парсыша-куманша сөздік. Қалған жартысындағы сөздер лексикалық мағыналарына қарай топтастырылған. Мысалы, адамның дене мүшелерінің аттары, егіншілікке байланысты сөздер, т.б.
Екінші бөлімі (111–164 б.) – діни уағыздар. Осы бөлімдегі мәтіндер мен жұмбақтарды көрнекті неміс түркітанушысы А. фон Габен «кумандар әдебиетінің үлгісі» деп таниды. Көптеген қыпшақ сөздері көне неміс тіліне, кейде латын тіліне де аударылып берілген. Жеке сөйлемдер мен сөз тізбектері, жеке сөз тізімдері мен аудармасыз берілген жұмбақтар, қыпшақ тілінің латынша жазылған қысқаша грамматикалық очеркі де бар. Ол кезде (13–14 ғ-лар) Дунай өзенінен Жоңғар қақпасына дейінгі елдің бәрі де қыпшақ тілін түсінген. Батыс Еуропаның Шығысқа жорыққа шыққан адамдары Алдыңғы Азия, Таяу Азия, Кіші Азия, Орта Азия және Орта Азия елдерін аралау үшін куман (қыпшақ) тілін халықаралық тіл ретінде пайдалануға болады деп ұққан. Сол кездегі еуропалықтар үшін латын тілі қандай рөл атқарса, бірсыпыра Азия халықтары үшін куман (қыпшақ) тілі де сондай қызмет атқарған. «Кодекс Куманикус» Венециядағы Марк әулие шіркеуінің кітапханасында сақтаулы.
Қазіргі түркі халықтарының, олардың ішінде қыпшақ тобына жататын халықтардың қоғамдық, этнографиялық, саяси-әлеуметтік, әдеби-мәдениеттік, тілдік тарихын зерттеуге «Кодекс Куманикус» материалдарының тигізер пайдасы мол. Тіл ерекшелігі жағына ол қазіргі түркі тілдерінің, солардың ішінде қазақ тілінің орта ғасырдағы табиғи қалпын көрсетеді. «Кодекс Куманикустен» қазіргі қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі болып табылатын кейбір грамматикалық құбылыстар байқалады. Мысалы, ондағы сөздерде «ш» – аш (ач емес), «с» – тас (таш емес), «ж» – жол (йол емес), «т» – тізе (дізе емес), «к» – кел (гел емес), «у» дыбыстары – тау (тағ емес) айтылады. Көне түркі тіліндегі қатаң дыбыстардың орнына қыпшақ тілінде ұяң дыбыстар: кішік (кічік емес), еріндік дыбыстардың орнына езулік дыбыстар жұмсалады: келгіл (келгүл емес), т.б.

Пайдалған әдебиеттер тізімі:


1.Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы
2. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші кітап – А., 2014.
3. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі дәстүржалғастығы. – А., 2015.
4. Келімбетов Н. Көркемдік дәстүр жалғастығы. – Астана, 2014.
5. Қыраубаева А. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы, 1995.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет