Қазақ зиялыларының дума жанындағы мұсылман фракциясы құрамындағы қызметін көрсетіңіз Мұсылман фракциясы


жылдың жазындағы саяси дағдарысты сипаттап жазыңыз



бет8/22
Дата25.02.2023
өлшемі122,16 Kb.
#170115
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Байланысты:
2 dengei - копия
11 дәрісбаян, ЖМА-111 сайлау, Тәрбие сағаты Кибербуллинг 8-11 сынып
1917 жылдың жазындағы саяси дағдарысты сипаттап жазыңыз
1917 жылы қазан айында болған төңкерiс кезiнде үкiмет билiгiнен айрылған буржуазия мұнымен ымырласқысы келмедi. Бұл тап өз қарулы күшiн жасақтап кеңес үкiметiне қарсы күрестi. Буржуазияның қарулы күшi ақгвардияшылар деп аталды. Коммунистер бастаған жұмышы табы қызыл армия бөлiмдерi арқылы ақгвардияшыларға қарсы күрестi. Сөйтiп бiр елдiң iшiндегi азаматтардың соғысы басталды.
Қазақтардың негізгі бөлігінің бейтараптылық жағдайында Орынборда Кеңес өкіметі орнықты, бірақ Орынбор казак әскерінің басшысы А.Дутов меньшевиктердің қолдауымен Орынбор Кеңесінің мүшелерін қамауға алды. 1917 жылдың аяғында Қостанайда, Торғайда, Ақтөбеде билік Кеңестер қолына өтті, ал 1918 жылы қаңтарда Орынборда Дутов пен оның одақтастары жеңіліп, Кеңес билігі қайта орнады.
1917 жылы қараша-желтоқсан айларында Қазақстанның солтүстік қалаларының көпшілігінде билік большевиктер қолына өтті. Қарулы күш қолдану жолымен 1918 жылы ақпанда Семейде, наурыз айында Верныйда Кеңес өкіметі орнатылды. 1917 жылдың қарашасы мен 1918 жылдың наурыз айларында Қазақстанның көптеген қалаларында Кеңес өкіметі жарияланғанымен, большевиктер ықпалы қалалар мен оның маңындағы темір жолдардан әрі аспады. Халықтың көп бөлігі, әсіресе Қазақстанның далалық өлке қазақтары «Алашорда» үкіметі мен оның жергілікті комитеттеріне бағынды.
Большевиктер мен олардың саяси қарсыластары арасындағы қарама-қайшылық 1918 жылы көктемде елдің барлық аумағында азамат соғысының кең жайылуына алып келді. Қарулы қақтығыстың басталуына Кеңестік биліктің әскери тұтқындар, чехтар мен словактардан құралған Чехословак корпусын қарусыздандыру әрекеті себеп болды. Ақ гвардияшылардың 1918 жылдың көктемгі жазғы шабуылы большевиктерге қарсы күштердің соңғы жетістігі болды. Сәуір айында Қызыл армия оңтүстік Оралда қарсы шабуылға шығып маусымда Уфа мен Қостанайды алды. Ақгвардияшылар мен Қызыл армия арасындағы ауыр шайқастар 1920 жылы көктемде солтүстік Жетісуда өтті, мұнда Дутов пен Анненковтың әскерінің қалдықтары шоғырландырылған еді. Ақ гвардияшылар жеңіліп, Қазақстандағы азамат соғысы аяқталды.



11



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет