Қазалы қаласы Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектеп кітапханасында Қазалының бір туар ұлы
Қалжан Нұрмахановтың туғанына 89 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Қазалыңың Қалжаны – қазағымның Қалжаны » тақырыбындағы мектепішілік оқырмандар конференцияның сценарийі
Байекеева Жадыра
Қазалы қаласы
Қ.Нұрмаханов атындағы
№95 мектеп кітапханашысы
Мақсаты : Оқушыларға өздері білім алып отырған мектепке есімі берілген Қалжан Нұрмаханов туралы мағлұмат беру. Қазалы топырағының өр тұлғасы ізденістерін кеңейту.
Кітапханашы: Ырзық, несібе дарыған киелі Қазалы жерінде кіндік қаны тамған небір айтушы шешендер мен айыр тілді билерді, от ауызды орақ тілді ақындар мен шашасына шаң жұқпаған жырауларды, найзаның ұшымен, білектің күшімен елін сыртқы жаудан қорғаған батырлар мен қаламымен ой тербеген зиялыларды дүниеге әкелген қасиетті мекен.
Қазалы топырағында жерін жауға бермеген Жанқожа батыр, Ақтан батыр, киелі өнер көшінде өзінің өшпес ізін қалдырған Байназар, шайыр Қарасақал Ерімбет, майталман жырау Жәмет Сайымұлы, жалынды жастар жетекшісі Ғани Мұратбаев, ағартушы-педагог Бердікен Мергенбаев, өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеев, халық қаһарманы, халық әртісі Роза Бағланова, жезтаңдай әнші Мадина Ералиеава секілді жүз жылда бір туатын талант иелерін тау тұлғалы Қалжан Нұрмаханов есімі толықтыра түседі.Оның тарих бетінде қалдырған қолтаңбалары мен өшпес іздері кейінгіге қалдырған мұралары мен алтын қазынасы Қалжан Нұрмаханов бейнесін асқатата түсері сөзсіз. Сол Қалжан атамызға өзіміз шаңырағында бала тәрбиелеп , білім беріп отырған мектеп есімі берілгені бәрімізге мәлім. Бүгін мектепке есімі берілген өр тұлға 88 жасқа толып отыр. Небәрі 36 жасында дүние салған Қалжан атамыз аз ғұмырының ішінде ерен еңбегін халықтан аямаған, оның қаламының ұшынан керемет шығармалар мен аудармалар туған. Әрі қарай Қалжан Нұрмаханов туралы ,балалар ізденістерін тыңдасақ.
Қатысушылар:1. Талғатқызы Бекзада – 8 сынып оқушысы
2. Жолдыбаева Анеля – 8 сынып оқушысы
3. Қожақова Назерке – 7 сынып оқушысы
4.Меңдуақас Елдос – 7 сынып оқушысы
5. Сапарбеков Ерасыл – 6 сынып оқушысы
Сіздерге рухани ізденіс, балаларымызға сәттілік тілеймін!
Сарапшылар алқасының төрағасы: Көпенов Жаңабек – мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Мүшелері: Қалау Айшагүл –қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Кеулімжаева Айдана – мектеп тәлімгері.
Баянова Жұмагүл – мектеп психологі.
Кітапханашы: Келесі кезекте оқушылар ізденісін назарларыңызға ұсынамыз.
Кітапханашы: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Біз бүгін әдебиет қайраткері Қалжан Нұрмаханов туралы біраз мағлұмат алдық. Келесі кезекте қорытынды сөзді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Көпенов Жаңабек Елемесұлына ұсынамыз. /Конференцияға қатысушыларды марапаттау./
Қорытынды: Осымен бүгінгі қасиетті Қазалының бір туар ұлы
Қалжан Нұрмахановтың туғанына 89 жыл толуына орай ұйымдастыралған «Қалжан Нұрмаханов - әдебиет қайраткері » тақырыбындағы мектепішілік конференцияны жабық деп жариялаймыз. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!
Ғұлама есімі берілген мектеп
Біздің мектепке есімі берілген Қалжан Нұрмаханов кім? Қай жерде дүниеге келген? Оның өмір тарихы қандай? Кім болған? Осы сұрақтар төңірегінде сіздер мағлұмат алатын боласыздар.
Қалжан Нұрмаханов 1927 жылы Қызылорда облысының Қазалы қаласында туған. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мелекеттік университетінің филология факультетін бітіргеннен кейін М.Горький атындағы әдебиет институтының аспирантурасында оқыған. КСРО Жазушылар Одағының аппаратында «Дружба народов», «Жұлдыз» журналдарының редакцияларында қызмет атқарған. «Жазушы» баспасында проза бөлімінде аға редактор болған.
Қазақ КСР Мәдениет министрігінде цензура жөнінде бас редактор болған. Қазақстан мен Қырғызстанның баспасөздерінде мақалалары жиі жарияланған. Мақалаларын қазақ, орыс тілдерінде бірдей жазатын.
Орыс тілінде «Литературные заметки» (1960), қазақ тілінде «Дәстүрлі достық» (1962-1978), «Дос лебізі» (1968) кітаптар шыққан. Шыңғыс Айтматовтың «Жәмилә» повесін қазақшаға аударған. «Аңсаған менің әнімсің» пьесасы республика театрларында әлденеше рет қойылды.
Қазалының бір туар ұлы Қалжан атамызға осындай ерен еңбегі үшін халық депутаттары Қазалы аудандық Кеңесі атқару комитетінің 21 шілде 1991 жылғы №68 қаулысы бойынша, осы өзіміз оқып жатқан мектепке Қалжан Нұрмахановтың атын берді. 1990-1991 жылдары Әділбек Сарабеков басқарған МПМК – 06 мекемесі Қазалы қаласындағы №95 мектеп құрылысын салып, ол 1991 жылдың
1-қыркүйегінен бастап пайдалануға берілген. Мектеп 864 оқушыға арналған.
1991 жылдан 1999 жылға дейін Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Оңталап Романов Райханұлы басқарған.
1997 жылы мектеп бойынша Қалжан Нұрмаханов жылы болып жарияланып, мектеп ішінен өлкетану мұражай бөлмесі ашылды.
1999 жылдан 2006 жылға дейін мектепті Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі Есбосынов Нұрлыбек басқарды.
2006-2008 жылдар аралығында мектепті Қазақстан Республикасының Білім Министрлігінің Құрмет грамотасының иегері Сағидуллаев Ғабит басқарды.
2008 жылдың қаңтар айынан бастап мектепті білікті ұстаз Маханбетов Оңталап Төлегенұлы басқарып келеді.
Біздер осы мектепті құрметтеп, қастерлеп жүруіміз қажет деп білемін. Қалжан есімі берілген осынау киелі білім шаңырағына зор құрмет – біздің тәрбиелі , өнегелі , білімді шәкірт болып өсуіміз деп білемін.
Халыққа дәстүрлі достықты үндеген Қалжан Нұрмаханов
Өртеңге шыққан 1927 жылғы ұрпақтың маңдайына жазылған бақыт па, әлде сор ма алдынғы ағаларымызға қара жағылып , сотталып жатқандығына қарамастан әдебиетіміздің көркемдік дәрежесін көтеру үшін, идеялық тазалығын сақтап қалу үшін 1946 жылға дейінгі аралық, жазушылар аймағы үшін күрес аймағына айналды.
ҚазПи – дің түлектері бұл салада кеуделеп , атақ жинап жатырғанда «Литературная газета» мен «Дружба нарадов» журналдарының бетіне жағымпаздық пен шыншылдық, сыншылдықты алға тартқан Қалжан атамыздың қарсы пікірлері жарық көре бастады. Ол кезде Қалжан Нұрмаханов М.В.Ломоносов атындағы Мескеу мемлекеттік универститетінің филология факультетін тәмамдап , М.Горький атындағы әдебиет институтының асперанты еді.
Оқу бітіре сала Қалжан Нұрмаханов «Жұлдыз» журналына орналасты. Табиғатынан ашық, әділдікті ту еткен, ақкөңіл азамат үшін жаңа ортаға тіл табысу қиындық келтірмеді. Келе сала «Литературные заметки» деген сын жинағын орыс тілінде шығарып та үлгірді.
1917 – 1929 жылдары аралығында Қалжан Нұрмаханов науқастығынан зорығып жүрген ді. Қазақстанның сыны мен әдебиеттану ғылымы білімді, әрі орысшы – қазақшаға бірдей , эстетикалық таным – білігі жетілген шын мәнінідегі жауынгер қаламынан тез айрылып қалғаны өкініш тудырады.
Осыдан кейін Қ.Нұрмаханов Мәдениет министрлігінің репертуар жөніндегі бас редакторы болып, біраз игі істің басында жүрген. Бұл заман сыншылдардың қаламы үшкір,ағайын – туыстық пен руластықты көтермейтін заман болды.
Халыққа дәстүрлі достықты үндеген Қазалы тумасы Қ.Нұрмахановтың бүкіл совет, әсіресе қырғыз әдебиетіне жасаған жақсылығы телегей теңіз. Қырғыз ақыны Шыңғыс Айтматовпен дос болып, оның қырымды қаламынан шыққан «Бетпе -бет» , «Алғашқы ұстаз» , «Ана – жер - ана» шығармаларын аударып қазақ елінің қаламгеріне айналдырды. Осындай игілікті істі достық ниетпен адал атқарды.1963 жылы осындай дос, адал жар , қалымды қаламгер дүние салды.
Сөз соңында айтарым Қалжан Нұрмаханов қазақтың көркем әдеби сынының аспанынан ерте ағып түскен жарық жұлдыз деп білеміз, оны көтеріп , асқақтату әрбіріміздің міндетіміз деп білем.
Қалжан рухы өлмек емес
Қалжан Нұрмахановтың туғанына үстіміздегі жылы 88 жыл толады. Аз ғана ғұмырының ішінде қазақ, орыс, бүкіл Орта Азия әдебиетінен лайықты орын алған сыншы, аудармашы артына елеулі әдеби мұралар қалдырды. Ол қазақ әдебиетінің өркендеуіне елеулі үлес қосқан талантты тұлға. Өзінің жалындап өткен 36 жыл ғана қыска ғұмырында орыс, қазақ, Орта Азия әдебиеттерін салыстырып, құрастырып, таластыра талдаған сыншы.
Қалжан Нұрмаханов 1927 жылы 27 қыркүйекте Қазалы ауданында, Томай деген жерде дүниеге келген. Ол 1945 жылы Қазалы қаласындағы №17-ші қазақ орта мектебін күміс медальмен бітіріп, С.М.Киров атындағы университетіне түсті. Кейін Москвадағы B.M.Ломоносов атындағы Мемлекеттік университстіне ауысып, филология факультетінің шығыс болімі, оның түрік тобында оқып білім алды. Москва аспирантурасын бітірді. Ол аспирантурада есімі әлемге аян әдебиетші, сөз зергері Шыңғыс Айтматовпен бірге оқиды. Шыңғыс шығармалары Қалжан творчествосынан есейтті, аудармашылық талантының қалыптасуына зор әсерін тигізді.
Мәскеуде қос оқу орындарында, оқуына қарамастан Шыңғыс пен Қалжан бір-бірімен дос болды. Қалжан Шыңғыстың бес повесін қазақ тіліне аударды. Қалжан Нұрмаханов түрік тілін игерген. Сын және аударма тақырыптарына жазған көптеген проблемалы мақалаларына 50-ші 60-шы жылдары жарияланды.
Қалжан Нұрмаханов негізінен әдебиет сыншысы ретінде танылды. Республикамыздың Одақтың баспасөз беттерінде ойлы, парасатты сын мақалалары көптеп басылды. Пушкин, Лермонтов, Достоевский, Тургенев т.б. көптеген орыс классиктерінің еңбектерін қазақ тіліне аударды. Сонымен қатар шығыстың ғұламалары Фирдауси, Низами еңбектерін ана тілімізде сөйлетті.
Ол сол кездегі орыс, казақ, шығыс әдебиетінің көкейтесті мәселелеріне арнап ондаған көлемді мақалалар жазып, оларды үш кітап етіп жазып шығарды. Шыңғыс Айтматовтың «Жәмила» повесі бойынша, «Аңсаған менің әнімсің» пьесасын жазды. Ол Мұхтар Әуезов атындағы қазақтың академия драма театрында қойылып, көрермендердің зор қуанышына ие болған.
Қалжан мен Шыңғыс достықтарының куәсі болған, көптеген қол жазбаларын қорытындылап, тау мен даланы туыстырған деген тақырыпта Қалжанның қарындасы Қазына Нұрмаханова архивіне жинап ой түйіндерін жазған.
Қалжан есімі жерлестерінің есінде мәңгі сақталуда, 1991 жылы жаңа типті жобасында салынған мектебімізге Қалжан Нұрмаханов есімі беріліп, аға pyxы қайта тірілді.
Сөз соңында айтарым, Қалжан ағаның 80 жылдығы мектебімізде Республика көлемінде аталып өтілді.Ал бүгінде біз осы Қалжан атамыздың туғынына 85 жыл толуына орай жиналып отырмыз. Біздей ұрпақтары ол кісіні еске алып, құрметпен жиналып жатқанда Қалжан рухы өлмек емес.
Қалжан тарихы кенен – Қазалының тумасы
Ырзық, несібе дарыған киелі Қазалы жерінде кіндік қаны тамған небір айтушы шешендер мен айыр тілді билерді, от ауызды орақ тілді ақындар мен шашасына шаң жұқпаған жырауларды, найзаның ұшымен, білектің күшімен елін сыртқы жаудан қорғаған батырлар мен қаламымен ой тербеген зиялыларды дүниеге әкелген қасиетті мекен.
Қазалы топырағында жерін жауға бермеген Жанқожа батыр, Ақтан батыр, киелі өнер көшінде өзінің өшпес ізін қалдырған Байназар, шайыр Қарасақал Ерімбет, майталман жырау Жәмет Сайымұлы, жалынды жастар жетекшісі Ғани Мұратбаев, ағартушы-педагог Бердікен Мергенбаев, өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеев, халық қаһарманы, халық әртісі Роза Бағланова, жезтаңдай әнші Мадина Ералиеава секілді жүз жылда бір туатын талант иелерін тау тұлғалы Қалжан Нұрмаханов есімі толықтыра түседі. Оның тарих бетінде қалдырған қолтаңбалары мен өшпес іздері кейінгіге қалдырған мұралары мен алтын қазынасы Қалжан Нұрмаханов бейнесін асқатата түсері сөзсіз.
Бір сәт әдебиет әлемінің өткеніне зер салып, тарих парақтарын саралап, шолу жасасақ Қалжан Нұрмаханов 1927 жылы 27 қыркүйекте Қызылорда облысы, Қазалы қаласында дүниеге келген. 1932-1945 жылдары Ғани Мұратбаев атындағы №17 қазақ орта мектебін күміс белгімен бітіріп, өз қатар құрбыларынан озық оймен ерекшеленді.
1946-1951 жылдары Москвадағы Ломоносов атындағы университетінің шығыстану факультетінің филология бөлімінде, 1957-1953 жылдары M. Горкий атындағы аспирантурада білім алған. 1953-1953 жылдары Москвада шығатын «Халықтар достығы» журналының сын бөлімінің редакторы,1955 жылдан бастап «Қазақстан пионері» газетінде аудармашы,1956 жылы «Жас өнер» журналының редакторы болып қызмет атқарған.1956 жылдан «Жұлдыз» журналының сын бөлімін басқарған. Осы қызметте жүріп әдебиеттің барлық саласындағы құбылыстарға өз ойын, пікірін білдіріп кетті.
Қазақ әдебиетінің күрделі мәселелер жөнінде көптеген мақалалар жазды. Қазақ әдебиеті тарихын оның өкілдерін орыс қауымына таныстыруда да көп еңбек етті. Сыншы қазақ кеңес әдебиетінде, қырғыз, түрікше, тәжік әдебиеті дамуына да назар аударып, өз пікірін білдірген. Оның сыншылық таланты Mаксим Горкий атындағы аспирантурада оқып жүргенінде ашылды. Осы еңбектерінің куәсі «Литературные заметки», «Дәстүрлі достық» сияқты мақалалар жинағы. Сыншы қазақ әдебиетінің тарихын, оны жасаушыларды Республикадан тыс оқырмандарға таныстыруды мақсат етті. Сондықтан Қалжан Нүрмаханов көп еңбектерін орыс тілінде жазды. «Адамзаттың Айтыматовы атанған» заманымыздың заңғар жазушысы Шыңғыс Айтыматовпен бірге білім алып, сөз өнерінде қалам тербеген ойлары бірге тоғысты. Шығармашылық қатынастан мәңгілік шынайы достыққа ұласты. Шыңғыс Айтыматовты қазақ халқына тұңғыш танытқан осы Қалжан еді. Әдебиет өнерінде бірін-бірі толықтыра түсетін, қаламы қарқынды тау тұлғалас кесек тұлғалар. Орыс тілінде жазылған «Жәмилә», «Дүйсеннің мектебі» сияқты өміршең шығармалары қырғыз тілінде шықпас бұрын қазақ тіліне аударып, қазақ оқырмандарын Шыңғыспен қауыштырды. Екі елдің әдебиетшілерін шығармашылық сабақтастық жалғастырып, бірін-бірі толықтыра түседі.
Сонымен бірге, Қалжан Нүрмаханов Қазалы топырағынан шыққан жазушылар одағының тұңғыш мүшесі. Әдебиет әлемінде құйрықты жұлдыз секілді жарқ етіп сөнген Қалжан Нұрмаханов небәрі 36-жыл ғұмыр кешкен. Бірақ осы аз өмірінде мол мұра қалдырып үлгірген әдебиетшінің есімі 1991 жылдың қыркүйек айында Қазалы қаласында 864 орындық мектепке берілді. Мектеп ұжымы сол күннен бастап, абыройлы аттаққа сай жұмыстар атқарып, бала тәрбиелеуде тынымсыз еңбек етіп келеді.
Сөзімді қорытындылай келгенде, күллі әдебиетші қауымында өзінің шынайылығымен білімдарлығымен дараланған Қалжан Нұрмахановтың бейнесі мәңгі жарқырап, ғасыр көші жылжыған сайын тұлғасы асқақтай бермек. Сіздерді күн сәулесінің шуағынан нәр алған киелілік пен қасиетіліктің нұры дарыған киелі Қазалы топырағының төл перзенті Қалжан атаның рухы қолдай жүрсін демекпін!
Қалжан Нұрмаханов – әдебиет сыншысы
Көрнекі әдебиет сыншысы және аудармашы Қалжан Нұрмахановтың туғанына биыл 88 жыл толып отыр. Аз ғана ғұмырының ішінде қазақ әдебиетінен орын алған сыншы, аудармашы артына елеулі мұра қалдырды. Ол- қазақ әдебиетінің өркендеуіне елеулі үлес қосқан талантты тұлға. Өзінің жалындап өткен 36 жылдық қысқа ғұмырында орыс, қазақ, Орта Азия еңбектерін салыстыра отырып талдаған сыншы.
Қалжан Нұрмаханов 1927 жылы 27 қыркүйекте Қазалы ауданы Сарыкөл ауылдық кеңесіне қарасты Томай деген жерде дүниеге келген. Ол 1945 жылы Қазалы қаласындағы №17 мектебін күміс медальмен бітіріп, Киров атындағы мемлекеттік университетке оқуға тусті. Кейін Москвадағы Ломоносов атындағы мемлекеттік университетіне ауысып, филология факультетінің шағыс бөлімінде, оның түрік тобында оқып білім алады. Москва Мемлекеттік Университетін тауысқаннан кейін ол Максим Горкий атындағы әдебиет институтының асперантурасын бітірді. Ол бүгінде есімі әлемге аян жазушы Шыңғыс Айтматовпен осы оқу орнында танысты. Шыңғыс шығармалары Қалжан творчествасының есейіп, аудармашылық талантының қалыптасуына зор әсерін тигізді. Әскеуде қас оқу орнында қатар оқуына қарамастан Шыңғыс пен Қалжан бір-бірімен жүз таныс болды. Етене таныс болу, ет бауырлық олардың арасында кейін орнығады. Қалжан Нұрмаханов орыс, түрік тілдерін өз ана тіліндей меңгерген. Ол өзінің аударма жанрының білгірі екендігін таныта білген. Түрік әдебиетінің көрнекі өкілдері Назым Хикмет, Әзиз Несин шығармаларын терең білген және қазақ тіліне аударған. Қалжанның сын және аударма тақырыптарына жазған көптеген проблемалық мақалалары 1950-1960 жылдары жарияланды.
Қалжан Нұрмаханов негізінен әдебиет сыншысы ретінде танылды. Республикалық, кеңестік баспасөз беттерінде ойлы, парасатты сын мақалалары көптеп басылды. Ол қазіргі орыс, қазақ, шығыс әдебиетінің көкейкесті мәселелеріне арнап ондаған көлемді мақалалар жазды. Олары кейін үш кітап болып жарық көрді. Шыңғыс Айтматовтың «Жәмила» повесі бойынша «Аңсаған менің әнімсің» пьесасын жазды. Спектакль Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында қойылып, көрермендердің зор ықыласына ие болды. Қалжанның творчествасын зерттеуші Құлбек Еркөбеков Қалжанның қарындасы Қазына ұрмаханованың ағасының өмір жолы мен шығармашылығы жөнінде жинақтаған архивінен Қалжан мен Шыңғыс достығының куәсі болған көптеген қолжазбасын құрастырып, «Тау мен даланы туыстырған» деген тақырыпта ой түйіндерін жарыққа шығарды. Ол еңбекте «Бірі асу бермес асқаралы алып, әлем халқын қайран қалдырумен келе жатқан аса даңқты есім де, бірі әдебиет аспанында жалт етіп көрініп, құйрықты жұлдыздай жарқ етіп, отыздан аса бере сөнген баянсыз тағдыр» деп талантты теңестіре бағалайды.
Шыңғыс Айтматов Қалжанды ойы алғыр қаламгер ретінде танып білді. Шыңғыс Қалжан досының дүние салғаны туралы суық хабарды алыс сапарға шыққалы тұрғанда естіп, Алматыға шұғыл жетеді. Дос қабіріне топырақ салып, «Қазақ әдебиеті» газетіне тебіреніске тоы қоштасу сөзін жариялайды. Қалжан Нұрмаханов есімі жерлестерінің есінде мәңгі сақталуда. Қазалы қаласында 1991 жылы салынған мектепке Қалжан Нұрмаханов есімі беріліп, аға рухы қайта тірілді.
Байекеева Жадыра
Қазалы қаласы
Қ.Нұрмаханов атындағы
№95 мектеп кітапханашысы
Достарыңызбен бөлісу: |