Қазалы ауданы бойынша білім бөлімі



Дата08.02.2022
өлшемі2,34 Mb.
#120571
Байланысты:
Документ Microsoft Word (2)
eceab4bb-310c-46cb-b5b3-f575aae22c5a, Документ Microsoft Word, Документ Microsoft Word (2)

Анықтама
"Қазалы ауданы бойынша білім бөлімі"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021 ж 17 қыркүйектегі №03-34/3784 санды қатынасына сәйкес №276 орта мектебінде 11-қазан Халықаралық қыздар күніне орай апталық іс-шара жоспары бекітілді.Жоспарға сәйкес "Қыз бала-ұлттың ұяты,халықтың шырайы" атты апталықтың ашылуында қыздар ұйымының төрайымы А.Алшоразова 5-11 сынып арасындағы қыз балаларға іс-шара жоспарымен таныстырды және қыз бейнесіне тән мінез-құлықтың 40 кеңесін түсіндірді.Әрі қарай қыз балаларға өз бойынан өмірде қолданатын жағымды қасиеттерін табуға көмектесу мақсатында мектеп психологі Б.Жүніс "Қыз қылығымен көрікті" тренингі өткізілді.Оқушылар өз ойларымен бөлісті.


Анықтама
276 орта мектепте 11-қазан Халықаралық қыздар күніне орай мектебімізде 6-11 казан аралығында"Қыз бала-ұлттың ұяты,халықтың шырайы"атты апталық аясында мектеп кітапханашысы Л.Абдрахманова « Қызға қырық үйден тыйым » атты әжелер әңгімесі дөңгелек үстелін өткізді.Іс-шараға көп жылдар бойы білім саласында жұмыс жасап, зейнетке шыққан Рашова Ұлжан апайымызбен Ысқақова Айжан апай шақырылып қыздарға қыз тәрбиесіне байланысты көп мағлұматтар берілді.Еркін әңгіме мен жалғасты.Қыздар көптеген сұрақтарын қойып,керемет жауаптарын алды.


Анықтама
11 қазан Халықаралық қыздар күніне орай мектебімізде "Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы" атты апталық аясында кезекті іс-шара болып өтті. Негізінен, ұстаз бейнесі - адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаз - өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне бел буған періште. Бала үшін өмірінің 38 жылын білім беру саласына арнаған, "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісі, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20жыл" мерекелік медалі, облыстық білім басқармасы мен Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының "Ең шығармашыл ұстаз" төсбелгісі, Қазақстан Республикасының президенті Қ.К.Тоқаевтың "Құрмет грамотасы", Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің "Ыбырай Алтынсарин" төсбелгісінің иегері Орымбас Бағдат Ақжігітқызымен жоспарға сәйкес "Мейірімділікті ұстаздан үйрен" тақырыбында 8 қазан күні кездесу кеші өткізілді. Кешке 8-10-сыныптың қыз балалары қатысты. Кеш 4-сынып оқушысы Тыныштық Нұрайдың "Жан ана" әнімен басталып, Бағдат Ақжігітқызымен сұхбатқа ұласты. Кейіпкер өзінің балалық шағы, оқушылық кезеңі, студенттік шақтары, еңбек жолдарының естеліктерімен бөлісті. Кеш соңы 6- сынып оқушысы Марат Ғайнидің "Ана тілегі" әнімен қорытындыланды.


Анықтама
276 орта мектепте 11-қазан Халықаралық қыздар күніне орай мектебімізде 6-11 казан аралығында"Қыз бала-ұлттың ұяты,халықтың шырайы"атты апталық аясында 8-қазан күні 2"А", 3"А" МАД –ІІ тобының сынып қыздарымен "Қызым-қызғалдағым!", « Қыз өссе елдің көркі», атты тақырыптарда сынып сағаттары болып өтті.
Мақсаты: Жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу. Ұлттық дәстүрімізге сай әдептілікке,ептілікке баулу. Сынып жетекшілер: Сүлеймен Гүлмира,Танабергенова Ақгүл,Жолдыбаева Гүлзира


Анықтама
276 орта мектепте 11-қазан Халықаралық қыздар күніне орай мектебімізде 6-11 казан аралығында"Қыз бала-ұлттың ұяты,халықтың шырайы"атты апталық аясында « Қыз өмірдің қызғалдағы » атты әндер байқауы болып өтті.Бауқауға 6 үміткер қатысты. « Қазақ қыздары», « Тәуелсіз ел қыздары», «Мен қазақтың қызымын » атты т.б көптеген әндер шырқалды. Әділдік бағасын берген қазылар алқасы шешімімен ІІІ-орын иегерлері 8-сынып оқушылары Амангелді Арайлым,Әбдіғани Толғанай ІІ-орын иегері 6-сынып оқушысы Марат Ғайни,І-орынды иегерлері9-сынып оқушылары Жанахмет Жанерке мен Серғали Лаура болды. Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н. Құламетов ән байқауына қатысқан жеңімпаздарды дипломдармен марапаттады.


Анықтама
276 орта мектепте 11-қазан Халықаралық қыздар күніне орай мектебімізде 6-11 казан аралығында"Қыз бала-ұлттың ұяты,халықтың шырайы"атты апталық аясында « Шебер қыздар » қол өнер бұйымдарының көрмесі өткізілді.Көрмеге 5-10 сынып оқушыларының қолдан жасаған бұйымдары қойылды. Қолдан жасалған көрмелерін әр сынып өздері таныстырды. Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н. Құламетов пен мектебіміздегі қыздар ұйымының төрайымы А.Алшоразова көрмеге қатысқан оқушыларды дипломдармен марапаттады. ІІІ-орын иегері 5-сынып оқушылары,ІІ-орын иегері ерекше білімді қажет ететін 5-сынып оқушысы Сәрсенбайқызы Айзада,І-орынды 7-сынып оқушылары иемденді.Қалған қатысушылар « Алтын қол», «Шебер қолдар » атты номинатцияларына берілді.11-қазан Халықаралық қыздар мерекесіне орай өткізілген апталық жабылып, апталық барысында ат салысқан барлық оқушыларға алғыс білдірді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет