Азаматтық құқық ұғымын сипаттап жазыңыз


Кепілдін мәні және оның түрлерін жасаңыз



бет10/37
Дата14.02.2023
өлшемі90,05 Kb.
#168646
түріКодекс
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37
Байланысты:
Азаматтық сессия

26. Кепілдін мәні және оның түрлерін жасаңыз


27. Коммерциялық емес ұйым түсінігі және түрлерін сипаттап жазыңыз

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік нысанында және заңнамалық актілерде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.

Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады.

3-1. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн.

4. Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады (осы Кодекстiң 110-бабы).

5. Заңды тұлға осы Кодекстiң, заңды тұлғалар нысандарының әрқайсысы туралы Заңның, өзге де заң құжаттары мен құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс iстейдi.




28. Азаматтық құқық обьектілерінің ұғымы мен түрлерін сипаттап жазыңыз
Азаматтық құқық объектілері дегеніміз Азаматтық құқықтық нормалармен қорғалатын қоғамдық қатынастар
115-бап. Азаматтық құқық объектiлерiнiң түрлерi
1. Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық объектiлерi бола алады.

2. Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, қаржы құралдары, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар, цифрлық активтер мен басқа да мүлiк жатады.

2-1. Ақшаға және ақшалай мiндеттемелер бойынша құқықтарға (талаптарға) (ақша төлеу жөнiндегi талап ету құқықтарына), егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен туындамаса, тиiсiнше заттардың немесе мүлiктiк құқықтардың (талаптардың) құқықтық режимi қолданылады.

3. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады.


29. Заттардың ұғымы және олардың түрлерін сипаттап жазыңыз


Зат дегеніміз азаматтық құқық тұрғысынан қарағанда физикалық дене ретінде және оның адам еңбегімен жасалған,сол сияқты табиғи күйінде де кездесетін сыртқы материалдық дүниенің бір бөлігі болып табылады
Азаматтық кодекстің 117 бабына Жылжымайтын мүлікке (жылжымайтын заттар) жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлік, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын объектілер жатады.

Егер кондоминиум объектісінің құрамындағы пәтерлер және өзге де тұрғын үй-жайлар, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлар дара (бөлек) меншікте болса, олар дербес жылжымайтын мүлік объектілері (түрлері) болып танылады.

2. Мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемелері, "өзен-теңіз" жүзу кемелері, ғарыш объектілері, магистральдық құбырлардың желілік бөлігі де жылжымайтын заттарға теңестіріледі. Заңнамалық актілермен жылжымайтын заттарға өзге мүліктер де жатқызылуы мүмкін.

Осы Кодекстің және өзге де заңнамалық актілердің жылжымайтын заттарға байланысты қатынастарды реттейтін нормалары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тікелей көзделген жағдайда, осы тармақта көрсетілген заттарға қолданылады.

3. Ақша мен бағалы қағаздарды қоса алғанда, жылжымайтын затқа жатпайтын мүлік жылжымалы мүлік деп танылады. Заңнамалық актілерде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жылжымалы заттарға құқықтарды тіркеу талап етілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет