Қазақшаңыз қалай? (интеллектуалдық ойын) Тақырыбы:«Қазақшаңыз қалай?»



Дата28.01.2018
өлшемі56,06 Kb.
#34947
Қазақшаңыз қалай? (интеллектуалдық ойын)

Тақырыбы:«Қазақшаңыз қалай?» интеллектуалдық ойыны


Мақсаты:
1. Білімділік:
1. Оқушылардың бойындағы мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті одан әрі дамыту, оны әрқашан құрметтеуге баулу. Оқушылардың білім деңгейін байқау
Өз отбасын, Отанын сүйіп, әдепті болуына бағыт - бағдар беру
2. Дамытушылық: сөйлеу дағдысын дамыту, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, танымдық деңгейін көтеру.
3. Тәрбиелік: туған жерінің мәдениетіне, тіліне құрмет сезімін тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, қима қағаздар.

Ойынның барысы:


1 - жүргізуші: Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі «Қазақшаңыз қалай?» атты танымдық сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар, өзара ынтымақтастықта жұмыс жасай алуға үйрету.
Қадір Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен біздің мектебіміздің сыныптар арасындағы «Қазақшаңыз қалай?» атты танымдық сайыс сабағымызды бастаймыз.

Сайысқа екі топ қатысады, топтарды ортаға шақырамыз.


Бүгінгі кешімізге қатысушы топтармен таныс болыңыздар.
« » тобы - ойыншылары:
« » тобы - ойыншылары:

Сайысқа төрелік айту үшін қазылар алқасымен таныстырып өтейін. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі ...................Әр бөлімнен кейін қазылар алқасы бағалап, түсінік беріп, ұпай сандарын айтып отырады отырады.


- Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
Әр сыныптың білгірлерін сайлады.

Бүгінгі ойынымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін:


І. «Таныстыру»(Әр топ өзін таныстырады)
ІІ. «Сен білесің бе?» (сұрақ - жауап) Әр дұрыс жауапқа 5ұпай. Әр топқа 8 сұрақтан қойылады
ІІІ.«Ойлан тап!» жұмбақты шешу. Жауаптарын табу
ІҮ.«Кім жылдам» сөздікпен жұмыс. Кезекпен сұрау
ҮІ.«Сөз құра» Бір сөзден бірнеше сөйлем құрау.
Қорытынды

I. Бірінші кезең:«Өзін - өзі таныстыру» Бұл кезеңде әр топ өзінің атын, ұранын айтып, бір - бірімен танысады.


(Топтардың танысуы). Әділ қазылар алқасына сөз

II. Екінші кезең.


2. «Сен білесің бе?» (сұрақ - жауап) Әр дұрыс жауапқа 5ұпай. Әр топқа 8 сұрақтан қойылады
1 топ.
1. Қазақстан Республикасының президенті кім?(Н.Ә Назарбаев)
2. Астанасы қай қала? (Астана)

3. Төрт-түлік малды ата (қой ешкі, сиыр, жылқы, түйе)

4. Тудың түсі қандай?(көк)

5. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік



6. Қазір қай жыл мезгілі?(күз)

7Қазақ тілінде неше септік бар? Атап бер.(7)
8. Барыс септігінің сұрақтары(кімге? неге?)

2 топ.



  1. Тоқтар Аубакіров кім? (Ғарышкер

  2. Бір аптада неше күн бар?(7)

  3. Біз қандай облыста тұрамыз?(Солтүстік Қазақстан )

  4. Дауыссыз дыбыстар қалай бөлінеді? (Қатаң, ұяң, үнді)

  5. Бір жылда неше мезгіл бар?(4)

  6. Ілік септігінің сұрақтары(кімнің? ненің?)

  7. Рәміздерді ата.(ту, әнұран, елтаңба)

  8. Жалғаудың неше түрі бар? Оларды ата.(жіктік, көптік, септік, тәуелдік)
    Әділ қазылар алқасына сөз
    III. Үшінші кезең: Ойлан, тап! Интерактивтік тақтада көрсетілген жұмбақтарды шешу. Қай топ тез, көп тапса, сол топ жоғары ұпай алады. Жауаптары сендердің алдарында жатыр.Олар сурет арқылы берілген .

Жеп көріп ем өзін мен,

Жас шығарды көзімнен.

(Пияз)

Ашылып, жабылады,



Әр үйден табылады. (Есік)

Ізі бар, Адымы жоқ.


(жылан)

Керек санды тересің,


Елге сәлем бересің.
(телефон)

Жеміс-жидек жегенім


Балды жақсы көремін
(аю)

Төрт аяғы бар,


Басында екі таяғы бар,
Иегінде екі сақалы бар.
(ешкі)

Үш көзді батыр


Жолды аңдып жатыр.
(Бағдаршам)

Дәмін таттсаң –тәтті-ақ,

Түсін көрсең- әппақ.

(қант)


Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.

IV. Төртінші кезең: Кім жылдам .Интерактивті тақтадан көрсетілген орысша сөздердің қазақша атауларын айтады. Әр топтан кезекпен сұрау.


медведь - аю.
тәртіпті – воспитанный
ауыл – деревня
орын – место
аялдама – остановка
көше – улица
әке – папа
қарындас – младшая сестра
әжім – морщины
орта бойлы – среднего роста

дүкен – магазин


еңбек – труд
сөрелер – полки
сапа – качество
азық-түлік продукты
жол қиылысы-перекресток
трава – шөп
пайдалы – полезный
ащы – горький
қоңыр - коричневый
Әділ қазылар алқасына сөз

ҮІ «Сөз құра» «ҚАЗАҚСТАН» сөзінен жаңа сөздер құрастыру

Қаз, ақ, қазақ, қас, сақ, тас, аз, ас,таза, зат, сан, сана, ана, ата, ат,

Көрермендермен ойын:



«Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты», - дегендей, сайыскерлерімізді бағалау үшін әділ қазыларымызға сөз берейік.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар, «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Тіл - әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұят та, ел де, жер де болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы көз жеткіздік. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар


Топтың аты







1. таныстыру






2. сен білесің бе?






3. ойлан тап






4. кім жылдам






5. сөз құра






Қорытынды









Топ атауы







1. таныстыру






2. сен білесің бе?






3. ойлан тап






4. кім жылдам






5. сөз құра






Қорытынды









Топ атауы







1. таныстыру






2. сен білесің бе?






3. ойлан тап






4. кім жылдам






5. сөз құра






Қорытынды









Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет