Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы



Pdf көрінісі
бет9/83
Дата19.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#177240
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   83
Байланысты:
Тарих
2 Лекция Зат есім. Грам катег. 1-2 септ., тақырып 7. 040к-2022, Сызықтық теңдеулер жүйесі
13.
 
Ғұн тайпаларының шығу тегі мен этникалық тарихы мәселесі.
Қытай деректерінде “Ғұн” атауы б.з.б. 3 ғасырдың аяғында пайда болған. “Ғұн” сөзі “гун руң, хун ю” 
атауларымен берілген. Ғұндардың басшысын “шаньюй” деп атаған. Ғұндар — көшпелі халық. 



Ғұндар 
тәңіршілдік дінді ұстанып
, түркі жазуын пайдаланған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Шығыста Мөде 
«шығыс қу» тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен алғанда, Керулен және Онон 
алқаптарында мекендеген сәнби және ұқуан тайпалары кірген. Мөде батыста юеди (юечжи) тайпаларына 
қарсы жорықтар жасаған. Бұл кезде қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта 
ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұн шаңюйлерінің қол астына түскен, ал солтүстікте ғұн 
конфедерациясына біріккен тайпалар Байкөлден арғы оңтүстік аудандарға дейінгі аумақты алып жатты. 
Деректемелерде ғұндардың Саян-Алтай тайпаларына жасаған жорықтары туралы да айтылады. Ғұн мемлекеті 
әскери жүйе бойынша құрылып, үш қанатқа бөлінген. 
Шаньюйден кейінгі басты тұлғалар – түменбасылар болды. Шаньюй түменбасыларын өзінің ұлдары мен 
інілерінен, жақын туысқандарынан тағайындаған. 24 руды 24 түменбасы басқарған, әрқайсысында 10000-нан 
атты әскер болған. Түменбасы мыңбасын, жүзбасын, онбасын тағайындап отырды. Бұлардың әрбіріне көшпелі 
тұрғындарымен қоса, белгілі бір аумақ белгіленген. 
Ғұн империясының басқару тобы ру-тайпа ақсүйектерінен құралған. Бекзадалар “Аспанға, 
Жерге, ата-баба аруағына және көктегі тәңірге арнап құрбандық шалу үшін” жылына үш 
рет ақсақалдар кеңесіне жиналып, мемлекеттік істерді талқылады. Жиналғандардың бәрі 
шаньюйдің туысқандары болатын. 
Ғұн мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып, 3 қанатқа (сол, орталық, оң) бөлінген. Ерлер жасаққа 
тіркелуге, әскери жаттығулармен шұғылданып, жебелі садақ, қылыш пен найза алып жүруге тиіс болған. 
Мөде басқарған Хунну (ғұн) державасының пайда болғандығы туралы қытай дерегінде айтылған. 
Шығыстанушы ғалым Л. Н. Гумилев бұл оқиға б.з.б. 209 жылы болған деп көрсетеді. 
“Көрші ел Дунху елшілері ғұндарға келіп, алғашқыда Мөденің ең жақсы атын беруді талап етеді. Мөде 
сүйікті атын беруді бұйырады. Елшілер екінші рет келіп, Мөденің сұлу әйелін беруді талап етеді. Мөде 
әйелін беріп жібереді. Елшілер үшінші рет келіп, шекаралық біраз жерді беру талабын қояды. Бұл жер мал 
жаюға қолайсыз, бос жатқан жер болатын. Мөде ашуланып: “Жер дегеніміз – мемлекеттің негізі, оны 
қалай береміз?” - деп Дунхуға шабуылдайды. Оларды талқандап, аумағын өзіне қосып алады”. 
Қытай жылнамасында б.з.б. 4 және 3 ғасырларда ғұн тайпалары бірлестігінің құрылғандығы туралы 
жазылған. Аумағы – Қытайдың солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралық. Олар көрші халықтарды 
басып алумен қатар, Қытай жеріне де шабуылдады. 
Ғұндар мен Қытай елі арасындағы соғыс 300 жылдан астам уақытқа созылды. Б.з.б. 3 ғасырдың соңында Цинь 
патшалығы шекарасын ғұндардан қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанын салды. Ұзындығы – 4000 шақырым, 
биіктігі – 10 метр, әр 60-100 метр сайын күзет мұнарасы қойылған. 
Ғұндар Енисейдің жағалауларында және Алтай тауларында мекендеген, көрші тайпаларды бағындырған. 
Қытай билеушісін алым-салық төлеуге мәжбүр еткен. Қытай билеушісі жыл сайын көшпелілерге жібек 
маталар, мақта, күріш, әшекей заттар жіберіп тұрған. 
Қытай дерегінде ғұндардың күш-қуаты туралы: “ғұндардың құдіреттілігі сондай, олардың елшісі қолындағы 
шаньюйдің сенім таңбаларымен көрші елдерге барды, ол елдер бір мемлекеттен екінші елдерге шығарып 
салып, азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрды…” - деп жазылған. 
Ғұн тайпаларының бір мемлекетке бірігіп, саяси күшейген кезі Мөде шаньюйдің тұсы. Мөде шаньюйдің 
жасаған әскери реформалары ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырды. Олар оңтүстігіндегі дунхуларды 
талқандап, басып алды. Ғұндар кезеңі б.з.б. 3 ғасыр мен б.з.-дың 4 ғасыры аралығын қамтиды. 
Мөденің тұсында ғұндар Қытайдың Хань әулетінің негізін қалаушы Лю-Банды жеңіп, бағынышты етті. 
Сөйтіп, Байкалдан Тибет тауына дейін, Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейінгі аралықта Ғұн 
мемлекеті құрылды. 
Ғұн мемлекеті б.з.б. 1 ғасырдың ортасында (б.з.б. 55жылы) оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге 
бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар Хань әулетінің қол астына қарады. 
Солтүстіктегі ғұндар б.з.б. 1 ғасырдың аяғында Чжи-Чжи шаньюйдің басқаруымен батысқа жылжыды. 
Солтүстік ғұндар Оңтүстік Қазақстандағы қаңлылар жеріне келіп, олармен бейбіт келісімге келеді. 
Нәтижесінде Чжи-Чжи бастаған ғұндар Талас өзенінің шығысында көшіп-қонуға мүмкіндік алды. 
Қазақстанның оңтүстік-батысы мен Арал бойына ғұндардың келуінің екінші толқыны б.з. 1 ғасырында 
басталды. Олар алан, ас тайпаларын батысқа, Каспий теңізіне қарай ығыстырды. Ғұндар жылжи отырып, 
Дунай арқылы Батыс Еуропаға дейін жетті. Ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.б. 2 
ғасырда басталып, б.з.-дың 4 ғасырына дейін созылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет