Шаруашылығы.
Қаңлылар
мал шаруа
шылығымен( жылқы, қой, сиыр, түйе және ешкі өсірді) жәнесуғармалы егіншілікпен айналысты. Сонымен қат
арқосалқы шаруашылық ретінде аң аулап, балық ұстады. Қаңлылар Ұлы Жібек жолын өз бақылауында ұстап,
Қытай, Парфия,
Рим,
Кавказ елдерімен тығыз сауда- саттық жасап тұрған
.
Қоғамдық құрылысы. Қаңлылардың қоғамдыққұрлысында мүлік теңсіздігінің шығуына байланыстыРу басшы
лары, ақсақалдар мен әскери көсемдербайып, үстем тапқа айнала бастады. Сонымен қатареңбекші бұқара дәул
еттілерге тәуелділікке түсіп, алсоғыста қолға түскен тұтқындар құлға айналабастады. Қаңлы тайпаларында би
лік мұрагерлікпенберілді.
Мәдениеті.
Қаңлыларда қабырғалы бекіністермен лайдан салған үйлері бар қала м
әдениеті дамыды. Мысалы: Ақтөбе, Көкмардан т.б. көркемдік талғамменметалл, керамикалық ыдыстар жасаға
н. Ыдыстарайналып тұратын тұғырда таспалау әдісіменжапсырып жасалған. Безендіру және сапасынжақсарту
үшін ангобтық қаптама, жылтырату, ойыпөрнектеу қолданылған. Темір ұсталығы, қола құю, зергерлік іс дамы
ған. Сүйектен ою оятын қолөнер де дамыған. Қауыншы және отырар-
қаратаумәдениеттері.
Археологиялық ескерткіштер:
Мардан- күйік, Қауыншы, Жаушықұм, Жамантоғай, Тө
ребайтұмсық, Алтыасар, Ақтөбе, Қарауылтөбе, Шаштөбе, Қостөбет.б.
16.
Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы.
Түрік қағанаты— Көк түріктердің тайпалық одағы орта ғасырларда (552 - 603 ж.) басқарған Азиядағы ірі
мемлекет. Тарихтағы ең ірі мемлекеттердің бірі. Түрік қағанатының күшейген уақытында Солтүстік-Шығыс
Қытай (Манчжурия), Моңғолия, Алтай, Шығыс Түркістан, Батыс Түркістан,
Орта Азия
, Қазақстан және
Солтүстік Қапқаз аумақтарына иелік еткен. Түркі қағанатының саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан
мекені - Жетісу деп пайымдалады. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекетінің шет аймақтары болатын.
Түрік қағанатының негізгі құрамы түркі тілдес халықтардан тұрады. Олардың басым көпшілігін теле (тирек)
тайпалары құрады. Теле – түркі тілдес тайпалардың ортақ атауы. Қытай шежіресі бойынша “теле” сөзінен
“түрік” атауы қалыптасқан. Алғаш рет түрік этнонимі туралы 542 жылғы қытай жылнамасында жазылған. 552
жылы Түрік қағанаты құрылып, 603 жылға дейін өмір сүрді. Түрік қағанатының негізін салушы – Бумын қаған.
Ол жужандарды жеңген жеңісі үшін “елхан” деген атаққа ие болған. Бумын 553 жылы
қаза болып
, орнына
баласы Қара-Еске қаған болды. Қара-Еске қағанның бастауымен түріктер Орхон өзенінің жоғарғы жағындағы
Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңді. Ал 553 – 572 жылдары Мұқан қаған кезінде жужандар
түріктерден бас көтерместей болып жеңілді. Осы кезден бастап түріктер Ұлы Даланың шығыстағы қожасына
айналды. Түріктер Орта Азияның ішкі аумақтарына жасаған жорықтарында эфталиттерден қатты қарсылық
көрді. Түріктер эфталиттерді он жылдан кейін, 563-567 жылдары жаулап алды. 6 ғасырдың 70 жылдары Түрік
қағанаты солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті. 6 ғасырдың екінші
жартысында түріктердің билігі Азияның біраз аймағын қамтыды. Сөйтіп, Қытай, Иран, Византия сияқты ірі
мемлекеттерге өздерінің саяси ықпалын жүргізген күшті мемлекеттің біріне айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |