8
17.
Батыс Түрік қағанаты: құрылуы, аумағы, этникалық құрамы. Саяси тарихы.
Қазақстан аумағында 603 жылы Батыс Түрік қағанаты құрылды. Батыс Түрік қағанатының орталығы Шу өзені
бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта орналасты. Ол
Жамбыл облысында Қаратаудың
шығыс
баурайынан
Жоңғарияға
дейінгі
жерді
алып
жатты.
Он тайпа бес нушеби және бес дулу тайпаларына бөлінді. Шегу мен Тон қағандар тұсында қағанаттың саяси
билігі күшейді.
Шегу қаған шығыстағы
шекараны Алтайға дейін
, батыстағы шекараны Тарым өзені мен Памир
тауына дейін жеткізді. Тон қаған Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрған. Халқының құрамы алуан түрлі
тайпалардан тұратын қағандықта 630 жылдан бастап билік үшін талас басталды.
Нушеби тайпасының
қолдауымен Ешбар Елтеріс 634 жылы билікті иеленді. Ешбар Елтеріс
елді басқаруды қайта құрып, “он-оқ
бұдун” жүйесін енгізді. Қағанның он түменнен тұратын әскери жасағы болды. Дулу мен нушеби арасындағы
640-657 жылдардағы тартыс қағандықты мүлде әлсіретті. Осыны пайдаланған Қытай әскері 659 жылы Жетісуға
басып
кірді.
Батыс Түрік қағанатының басқару жүйесінде қаған – жоғарғы билеуші және әскербасы болып саналды. Жоғарғы
лауазымды қаған руынан шыққан ақсүйектер иеленді.
Оларға ябғу
, шад, елтебер атақтары берілді. Ал
сот
істерін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Жергілікті жерлерде қағанның негізгі тірегі бектер болған.
Қарапайым халықты “қара бұдундар” деп атаған. Түрік қоғамында “тат” сөзі құл деген мағынаны білдіреді.
Қағанаттағы негізгі шаруашылық – маусымды жайылымға негізделген жартылай мал шаруашылығы болды.
Қалалардың дамуында соғдылықтардың рөлі басым болған. 7 ғасырдың бас кезінде түріктер
жаппай
отырықшылана бастады.
18.
Достарыңызбен бөлісу: